ӘОЖ: 373.167.1 (075.3)
ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіптік оқыту мамандығының студенті Ұ.С. Абдиманап
Ғылыми жетекшісі: Құрбаналиев Б.Ө. п.ғ.к., профессор
«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы
Резюме
Принцип развивающего обучения молодого поколения, всестороннего воспитания; учащихся научными знаниями, умениями, навыками и мастерством практическая оснащение; их познавательных и творческих способностей, направленных на развитие. В технологии обучения содержание программы соответствует. Моделирование и конструирование швейных изделий, то, ремонт простых неисправностей в швейных культуре, технологические указания по выполнению практических работ и услуг, предусмотренных школьников самостоятельно работать с картами различных.
Summary
Principle of the developing educating of the young generation, all-round education; students scientific knowledge, abilities, skills and mastery practical equipment; their cognitive and creative capabilities sent to development. In technology of educating maintenance of the program corresponds. Design and constructing of sewing wares, then, repair of simple disrepairs in sewing to the culture, technological pointing on implementation of practical works and services, envisaged schoolchildren independently to work with the maps of different.
Жалпы тәрбиелеу процесінде оқытып – үйретудің сипаты еңбекке баулуға байланысты. Бұл шеберханалардағы сабақтарда оқушыларға идеялық - саяси, адамгершілік, еңбек, дене, ақыл - ой, эстетикалық тәрбие беру міндеттерін кешенді түрде шешумен түсіндіріледі.
Дамытып оқыту принципі жас ұрпақты жан - жақты тәрбиелеуге; оқушыларды ғылыми біліммен, сарамандық шеберлікпен және дағдымен жарақтандыруға; олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұған технология пәнін оқыту бағдарламасының мазмұны сәйкес келеді. Онда тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу, тігін мәдениетіндегі қарапайым ақауларды жөндеу, технологиялық нұсқау карталарымен жұмыс істеу және әр түрлі практикалық жұмыстарды орындау жөніндегі мектеп оқушыларының дербес қызметтері көзделгенх[1].
Теорияны тәжірибемен байланыстыру принципі
Технология сабақтарының ерекшеліктері сол: оларды таза күйінде теориялық және тәжірибелік деп бөлу мүмкін емес. Мектеп оқушыларына теориялық деректер белгілі бір тәртіп бойынша беріледі, яғни бағдарламаның жаңа тақырыбын оқып, білгеннен кейін өткен материалды тәжірибемен бекіту, алынған білім негізінде оқушыларда сарамандық шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру ісі ескерілуі тиіс.
Сөйтіп технология сабақтарында теорияны тәжірибемен байланыстыру принципін іске асыруға қолайлы жағдайлар жасалған. Өйткені бүкіл теориялық материалдар мектеп оқушыларына тәжірибелік дұрыс орындау үшін беріледі[2].
Еңбекке үйретудің әдістері
Мұғалім технологиядан сабақ беру әдістемесінің сындарлы элементтерін мақсатты түрде үйлестіргені жөн. Әрбір элементтің дидактикалық мәні мен технологиялық негізділігін ойластырып отыру қажет. Сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың қызметі алуан түрлі. Бұның мәнісі мынада: әрбір нақты жағдайда оқытудың білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жету үшін әр түрлі жұмыс әдістері қолданылады[3].
Технология мұғалімдерінің жұмыс сараманында оқытудың түсіндіру-безендіру және репродукциялау (суреттерді көшіру) әдістері өте жиі кездеседі.
Түсіндіру - безендіру әдістері. Мұғалім түсіндіру - безендіру әдістерін дайын ақпараттарды қабылдайды, ой елегінен өткізеді де есінде сақтап қалады.
Түсіндіру - безендіру әдістеріне әңгіме, түсініктеме, оқулықтар мен басқа көрнекі дүниелерді көрсету, нұсқау карталармен жұмыс жатады.
Бұл әдісті жүзеге асыру үшін мұғалімнің жанды сөзіне, оқу кітаптары мен көрнекі құралдарға ақпараттарды шоғырландырып беру мүмкіндігі қосылды, сондай - ақ тігін және тоқыма кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласындағы жұмысшылар атқаратын еңбек тәсілдерінің орындалу барысын кино арқылы көрсетуге болады. Компьютерлерде конструкцияның есептеулерін жүргізуге, әр түрлі бұйымдардың үлгілерін жасауға, модельдерді, жұмыстың әр түрлі озық жолдары мен тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік туды[4].
Репродукциялау әдістері. Бұл әдістер негізінен оқушылардың дағдылануы мен шеберлікке үйреніп, меңгеруінде қолданылады. Мұндай әдістерге жаттығу, лабораториялық жұмыстар, нұсқамалар жатады.
Іздестіру - зерттеу әдісі
Бұл әдіске технология пәнінің жаңа тарауы - шығармашылық жоба жатады. Ол оқушыларға дербес. шығармашылықпен жұмыс істеуге, өзінің күш - жігерін байқауға, алдына міндеттер қойып оны шешуге мүмкіндік береді. Тақырыптарды өздерінің қалауына қарай тандайды.
Оқу шеберханаларында өтетін технология сабақтары еңбекке баулудың негізгі міндеттерін шешуге және оның мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Технология сабақтарында оқушылар теориялық материалды зерттеп қана қоймай, сонымен бірге практикалық жұмыстарды да орындайды.
Оқытушы сабақ өткізгенде, ол басты және қосалқы мақсаттарды айқындайды және сабақ барысында оған жету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Тәрбие берудің мақсаты еңбекке сүйіспеншіліклен қарау, еңбек адамдарын құрметтеу, адамдардың еңбек нәтижелеріне сыйластықпен қарау, материалдар мен тағам өнімдерін ұқыптылықпен және үнемді жасау, аспаптарға, құралмен басқа да оқу заттарына ұқыпты қарау болып табылады.
Эстетикалық талғамды, көпшілік ортасындағы мінез - құлық мәдениетін тәрбиелеу. Сондай - ақ сабақтарда жұмыстың кәсіптік бағдарын анықтауды, адамдардың еңбек қызметінің алуан түрлерімен, олардың өндірістің жалпы жүйесіндегі рөлімен танысуын жүзеге асыру[5].
Мақсат — оқушыларды материалды салыстыруға, талдау жасауға, қорытуға, сөйтіп оны тәжірибеде қолдануға үйрету. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыларға шығармашылық жобалар беріледі. Соның нәтижесінде олар материалдық ерекшелігі мен айырмашылығын, жүйелілігін айыра білу қабілетін дамытады.
Сабақ - оқу жұмысының негізгі түрі
Білім беру саласының технологиясы мына төмендегі негізгі бағыттардан (тараулардан) тұрады:
Ер балалар үшін: Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері; Конструкторлық материалдарды өңдеудің технологиясы; Электр және радиотехника жұмыстары; Сәндік қолданбалы өнер элементтері бар материалдарын көркемдеп өңдеу; Үй мәдениеті. Тұрмыстық техника, Шығармашылық жоба;
Қыздар үшін: Жеміс - көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері; Электротехника және радиотехника жұмыстары; Сәндік қолданбалы өнер элементтері бар көркем қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарын модельдеу; Тағам дайындау технологиясы; Үй мәдениеті. Тұрмыстық техника; Шығармашылық жоба[6].
Мұғалім технология пәніне бөлінген сағаттардың санына қарай білім беру мен тәрбиелеу міндеттеріне, өзінің біліктілік дәрежесіне, материалдық-техникалық базаның мүмкіндіктеріне, оқушылардың еліктеушілігі мен бейімділігіне, аймақтық және ұлттық ерешеліктеріне сүйене отырып, оқытудың мазмұнын құруы тиіс.
Әрбір тараудағы тақырыпты зерттеу сағаттарының безендірілген технологиялық жоспары бар. Мұғалім қажетіне қарай бағдарламалық материалдың көлемін, оны оқып үйренудің реттілігін, бөлінген оқу мерзімі ішінде тараулардың тақырыбын бағалай алады.
Оқып - үйретудің қорытындысында оқушылар кез келген варианттар бойынша қызметтің әртүрлі саласында еңбек әлемі туралы, интеллектуалдық, дене тәрбиесі мен эстетикалық даму, кәсіптік өзін-өзі айқындау, қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайға бейімделу туралы түсініктер алуы тиіс. Оқушылардың еңбегін қорғауға, еңбек қорғау, электр қауіпсіздігі, өртке қарсы шаралар, өндірістік санитария және гигиена ережелерін біліп, оны сақтауға айрықша назар аудару қажет[7].
Әдебиеттер
Құтпанбаев Ә. Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары // Бастауыш мектеп, 2012, № 2, 10-13 б., Ұстаз ұлағаты. - Алматы: Білім, 2012. -132 б.
Бисенғалиев Б. Технология сабағы // Бастауыш мектеп, 2012, № 2.
Өстеміров К. Технология. 6-сынып. Алматы,2010
Б. Омарғазинова. «Өнер тәрбиелейді» Алматы 2014
X. Арғынбаев. «Қазақ халқының қол өнері» Алматы 2013
Ә. Тәжімұратов. «Шебердің қолы ортақ» Алматы «Қазақстан» баспасы 2014ж
Б.У. Қурбаналиев. «Ағаш қолөнері» Шымкент 2005
Достарыңызбен бөлісу: |