Лекция Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері. Еңбекке баулу пәнінің мазмұны. Лекцияның жоспары: 1 Бастауыш сынып еңбекке баулу пәнінің негізгі ерекшеліктері



бет1/3
Дата13.01.2022
өлшемі1,35 Mb.
#111638
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
3-лекция
Инструментоведение 5

3 - лекция

Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері. Еңбекке баулу пәнінің мазмұны.



Лекцияның жоспары:

1 Бастауыш сынып еңбекке баулу пәнінің негізгі ерекшеліктері.

2 Еңбекке баулу мазмұны және оған қойылатын талаптар.

3 Пәнді оқытудың білімділік, тәрбиелеу және дамыту функциялары.



Лекцияның мақсаты: білім алушылар бастауыш сыныпта еңбекке баулу пәнінің негізгі ерекшеліктерін, мазмұнын; пәнді оқыту, тәрбиелеу және дамыту жөніндегі мағлұматтарды түсінеді және жазып көрсетеді.

Мектеп бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі - балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу.

Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің кеңеюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негізделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден бастауыш сынып (еңбекке баулу пәнінің) мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып, білім аясы терең әрі жан-жақты болуы шарт. Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан балаларға жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу.

Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін бастауыш сыныпта оқу-тәрбие үдерісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс- тәсілдерін, формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді.

Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады.

Еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды ізденімпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі.

Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың орындайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет