Сабақ. Пән: Қазақ әдебиеті. Күні: тақырыбы: Айтыс Сабақтың мақсаты: а білімділік



Дата17.04.2017
өлшемі133,76 Kb.
#14082
түріСабақ
Ашық сабақ.
Пән: Қазақ әдебиеті.

Күні: ………………..

Тақырыбы: Айтыс



Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:

айтыс туралы ойларын тереңдету. Оқушыларды ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін нығайту.



ә) дамытушылық:

оқушылардың айтыс туралы білімдерін шығармашылыққа жинақтап, ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын молайту.



б) тәрбиелік:

оқушыларға айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, шешен сөйлей білуге, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың өтілу әдісі: интеллектуалды сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:

қосымша оқулықтар, плакаттар, сөзжұмбақ, компьютер, интерактив тақта.



Пәнаралық байланыс: саз өнері.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушы кезең: Сәлемдесу.

Оқушыларды сабаққа қатысуы, күнделік және конспект дәптерлерін тексеру. Нәтижелерін топ журналына жазу. (1-2 мин)



ІІ. Өткен сабақты қайталау: Сұрақ – жауап. Үш оқушы компьютерде тест сұрақтарын орындайды, қалған оқушыларға ауызекі сұрақтар қойылады. (10-15 мин)
Сұрақтар.

а) Жарнама деген не?

ә) Жарнама не үшін керек?

б) Жарнама, ақпарат беру, мәлімет таратудың арасында қандай ұқсастықтар бар?

в) Ақпарат пен жарнаманың айырмашылығы қандай?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау: Оқушылар жауаптары тыңдалып болғаннан кейін өткен сабақты пысықтау үшін бейне материал компьютер арқылы көрсетіледі. (2-3 мин)
IV. Жаңа сабақты өткен сабақпен баулау: Міне өткен сабағымызда сіздермен жарнама жайлы мәлімет алдық. Ал енді біздің негізгі мақсатымыз отан тілін жетік меңгеру, қазақ тілінде өзіміздің ой – пікірлерімізді еркін айта білу және өзіміздің жасаған бұйымдарымызды жарнамалай білу. Ол үшін біз қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жақсы білуіміз қажет. Сондай екен бүгінгі сіздермен өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы қазақ сөз өнерінің үздік үлгісі, сөз барымтасы, ұлттық өнер – айтыс өнері туралы сөз қозғаймыз. (1-2 мин)
V. Жаңа сабақ:

Демек, сабағымыз Айтыс өнері жайлы екен. Алдыңғы сабақта айтыс жайлы оқушыларға үйде мәлімет жинап келу тапсырылған.



Оқушыларды 2 топқа бөлемін.

І-топ – «Алғыр» тобы.

ІІ-топ«Жұлдыз» тобы.
Алдымен оқушылар өздерінің айтыс және оның түрлері жайлы жазып келген мәліметтерін кезекпен қысқа-қысқа айтып қорғайды. (17-20 мин)
1-оқушы: Өз пікірін, ойын, көзқарасын жеткізуде пікірталас түрлерінің ішіндегі ең көркемі, нағыз сөз шеберінің ғана қолынан келер өнер туындысы - айтыс.

Айтыс:


- ой жарысы;

- сөз жарысы;

- көркем сурет кестесі;

- қолма-қол тауып айта алу шеберлігі;

- қоғам, ел мүддесін өлеңмен жеткізу өнері.
2-оқушы: Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:

1. Бәдік. 2. Жар-жар. 3. Жануарлар мен адамның айтысы. 4. Өлі мен тірінің айтысы. 5. Жұмбақ айтысы. 6. Салт айтысы — қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы. 7. Осы күнгі айтыстар.

Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіңдік ерекшелігі және өзіндік мәні бар.

3-оқушы: Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі — айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.

4 оқушы: Жануарлар мен адамның айтысы. Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін, иесі мен сиырының айтысын алайық.

И е с і:


Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?

Биылғы жыл соғымға сояйын ба?

Биылғы жыл соғымға сойып алып,

Танабайға жаяңды қояйын ба?

С и ы р ы:

Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,

Қу шолақты соялық дескеніңде,

Қу шолақты соғымға сойып алып,

Бұржекейден көрермін көшкенінді.

Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.

5-оқушы: Жұмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі — жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ой-санасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан, ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ой-сананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. "Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды". Бұл — бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері — соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі.

6 - оқушы: Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.

Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.

Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ, кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.



7-оқушы: ОСЫ КҮНГІ АЙТЫСТАР.


Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты —Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген, Абайдың 150 жылдығы, Жамбылға арналып өткен республикалық айтыстардың орны бөлек болды. Мұнда өз өнерімен халықты риза қылған Қызылордалық Манап, Семейлік Қалихан, Көкшетаулық Көкен секілді жүйріктер ерекше танылып, халық көкейінен шыға білді.

8-оқушы: Айтыс — поэзиялық жанрдың ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтысқа қай кезде болсын халық ықыласы төмендемеу себебінің өзі айтыс өнерінің қиындығында. "Қисынын тауып қиыстырар" ер данасына халқымыз қашаннан құмар болып, әділ бағасын берген.

9-оқушы: Айтыс өнері — бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер - ұрпақтан-ұрпаққа, буыннан-буынға ауысып өрісі ұлғайып ілгерлеп дами береді.

10-оқушы: Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдәуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.

11-оқушы: Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С. Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады.

12-оқушы: "Біржан мен Сара" айтысы — өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері — өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады.



Өте жақсы құрметті оқушылар. Ал, енді айтыс жайлы бір көрініс тамашаласақ.

Компьютер арқылы


Сонымен екінші шартымызға көшсек.

Әр топтың басшылары тапсырмаларын алып, оны өз топтарымен бірге, белгілі уақыт аралығында орындайды. Осы уақытта әр топтан бір оқушыдан шығып компьютерде тест жұмыстарын орындайды. «Алғыр» тобы «Зымыран» сұрақтарға жауап береді. «Жұлдыз» тобы тест тапсырмаларын орындайды. «Зымыран» сұрақтары түскен топ бірінші жауап береді.

8 сұрақ, әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
Зымыран сұрақтары:

1. Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың қандай түрлері бар?

2. Қаратауым дегенде, Қаратауым,

Тау басынан соғады қара дауыл.

Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,

Қаптай көшіп келеді біздің ауыл. Бұл өлең жолдары айтыстың қай түріне жатады?

3. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу жайлы қандай айтыс түрі бар?

4. Қазақтың танымал айтыскерлерінен кімдерді білесіз?

5. Осы күнгі айтыскерлерден кімдерді танисыз?

6. Салт айтысы қаншаға бөлінеді?

7. Айтыс жырларының көне түрі қайсы?

8. Бәдік айтысы қашан туған?


ТЕСТ тапсырмалары.

1. Айтыстың түрін табыңыз.

А) Салт айтысы.

В) Ауыл айтысы.

С) Қала айтысы.

D) Екі жастың айтысы

2. Салт айтысының қанша түрі бар?

А) 3


В) 2

С) 4


D) 5

3. Қайсысы айтыскер ақынға тән қасиет емес?

А) парасат, білім.

В) сөзге тоқтау.

С) тапқырлық, ұтымды ой.

D) сабырлылық, кішіпейілділік
4. Түркі тілдес халықтар ішінде тек қазақ халқы ғана сақтап қалған ауыз әдебиетінің ерекше түрі қайсы?

А) шешендік сөздер.

В) эпостық жырлар

С) айтыс

D) мақал-мәтелдер
5. «Айтыс – сөз барымтасы» деп баға берген зерттеушіні табыңыз.

А) І. Жансүгіров

В) М. Әуезов

С) С. Мұқанов



D) С. Сейфуллин
6. Айтыскер ақынға тән емес қасиетті табыңыз.

А) талант, арқа

В) намыс, жігер

С) парасат білім

D) сөзге тоқтамай өнерін көрсету
7. «Жар-жар» өнердің қай түріне жатады?

A) жыраулық

B) шешендік өнер

C) күйшілік

D) айтыс
8. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жатады.

A) Жұмбақ айтысы

B) Жар-жар айтысы


Сұрақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жауабы

А

В

D

С

В

D

D

С
C) Ақындар айтысы

D) Бәдік айтысы



Құрметті оқушылар үшінші шартымыз сөзжұмбақ шешу
СӨЗЖҰМБАҚ. Сөзжұмбақ сұрақтары:

Тігінен:

1. Біржанмен айтысқан ақын.

2. Халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.

3. Айтыскерге тән қасиет.

4. Жыр алыбы атанған айтыскер.

5. Айтыс түрлерінің бірі.

6. Айтыс жырларының көне түрі.

7. Айтыс қандай үлгіде айтылады.

8. Айтыскердің музикалық аспапы.

Ақындар айтысынан үзінді тамашалайық. Компьютер арқылы бейнетаспа көрсетіледі.



Ал енді келесі шартымыз "Өлең құрастыр" ойыны.
Екі топтағы оқушыларға айтыстың өлең жолдарынан әрбір сөзін қиып беріп, қайта құрастырғызамын.

Тез құрастырған және айтыстың қай түріне жататынын дұрыс тапқан топқа бір ұпай беріледі.


Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,

Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,

Ұшырса, қондырса да еркі адамда

Шықпайды панаңыздан көлеңкелеп.


Қаратауым дегенде, Қаратауым,

Тау басынан соғады қара дауыл.

Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,

Қаптай көшіп келеді біздің ауыл.


Қорытынды. (4-5 мин)

Қазақ еліндегі айтыс, оның ерекшелігі туралы әдебиет сабағында өздерің де оқыдыңдар. Халыққа танымал айтыс ақындары ән мен жырдың шеберлері ғана емес, ел тілегін, жұрт қамын айтқаннан соң, ел еркелері де - солар.

1. Айтыс - қазақ халқының ежелден қалыптасқан өлеңмен суырып салып айтатын сөз сайысы, жыр жарысы.

2. Айтыс - түрлі ой-пікірлердің талқыға түсуі, әр пікір, ойды айтушының өзін қорғай алуы. Айтыс көпшілік алдында немесе екеуара немесе топтар арасында өтуі мүмкін. Айтыстың пікірталастың бір түрі ретінде ерекшелігін тарата кетейік.



Айтыстағы ақындар жыр додасына шығар алдында қандай да бір мақсат-мүддені арқалап шығары сөзсіз.
Үйге тапсырма: (1-2 мин)


Мұғалім: .......................... Сарманов Акбархон.
Каталог: uploads -> doc -> 1259
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1259 -> Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет