СабақТЫҢ тақырыбы: сағат және уақыт жаңа сөздер уақыт время



Дата26.08.2017
өлшемі6,76 Kb.
#28598
түріСабақ
  • ЖҰМБАҚТЫҢ ШЕШУІН ТАБЫҢДАР
  • Сартылдайды күнімен,
  • Сартылдайды түнімен.
  • Білгің келсе уақытты,
  • Көрсетеді тілімен
  • САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
  • САҒАТ
  • ЖӘНЕ
  • УАҚЫТ
  • ЖАҢА СӨЗДЕР
  • Уақыт – время
  • Кеш – вечер
  • Жарым – половина
  • Қазір – сейчас
  • Ғасыр – век
  • Дәуір – эпоха
  • Тәулік - сутки
  • Тура – ровно
  • Түс – полдень
  • Минут қалды минут осталось
  • Минут кетті – минут ушло
  • Сағат неше? – Который час?
  • Уақыт қанша, айтыңызшы? – скажите, пожалуйста, который час?
  • Қазір уақыт қанша? – Сколько сейчас времени?
  • Тыңдалым бойынша сұрақтарға
  • жауап беріңдер
  • 1. Сағатпен нені өлшейді?
  • 2. Сағаттың қандай түрлері бар?
  • 3. Ең алғашқы сағаттар қандай және оның кім ойлап тапқан?
  • Содан кейін қандай сағаттар
  • пайда болған?
  • СУРЕТТЕГІ САҒАТТЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАНДАР
  • 1.Қол сағат
  • 2. қабырға сағат
  • 3. үстел сағат
  • 4. қалта сағат
  • 5. құм сағат
  • 6. су сағат.
  • Оқылым
  • Уақыт өлшемдері
  • Бір ғасырда жүз жыл бар.
  • Бір жылда 12 ай бар: қаңтар, ақпан, науырыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде,тамыз,
  • қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.
  • Жылда 4 мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір аптада 7 күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бір күнде 24 сағат бар. Бір сағатта 60 минут бар. Бір мунутта
  • 60 секунд бар.
  • Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.
  • - Сағат қанша болды?
  • - Сағат екі.
  • - Сен мектепте қашан барасың?
  • - Мен мектепке таңертеңгі сағат сегізде барамын.
  • - Сабақ сағат нешеде басталады?
  • - Сабақ сағат сегіз жарымда басталады
  • - Соңғы сабақ нешеде аяқталады?
  • - Соңғы сабақ сағат бірде аяқталады.
  • - Үйірмеге қашан барасың?
  • - Қазақ тілі үйірмесіне сағат төртте
  • барамын.
  • САН ЕСІМ
  • Заттың санын, ретін білдіретін сөзді сан есім дейміз. Сан есім Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: екі, үшінші, жетеу
  • САН ЕСІМ
  • ДАРА
  • ОН, АЛТЫ, БІР
  • КҮРДЕЛІ
  • ОН ЖЕТІ, ЖҮЗ ЖИЫРМА БІР
  • Жазылым
  • Диалогты толтырыңыз.
  • 1. - _____________ ?
  • - Мен сағат жеті жарымда тұрамын.
  • - _____________ ?
  • - Үйден жетіге он бес минут қалғанда
  • шығамын.
  • 2. - _____________ ?
  • - Біздің үйіміз ауылдың шетінде.
  • - _____________ ?
  • - Сабақ сағат сегіз жарымда басталады.
  • 3. - _____________ ?
  • - Асханадан тамақ ішеміз.
  • - _____________ ?
  • - Сабақ сағат бірде аяқталады.
  • Толықтырып жаз. Жаттап ал
  • • Бір жылда ............ ай бар.
  • • Бір айда .......... күн бар.
  • • Бір аптада ............ күн бар.
  • • Бір тәулікте ............ сағат бар.
  • • Бір сағатта ............ минут бар.

Каталог: uploads -> doc -> 0a77
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a77 -> Word -та мәтін енгізу
0a77 -> Сабақтың тақырыбы: Нүкте, түзу және кесінді Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет