Сан есімнің түрлері



Дата09.12.2019
өлшемі17,15 Kb.
Сан есімнің түрлері
Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, бөлшектік сан есім, топтау сан есім және болжалды сан есім.

1. Есептік сан есім: Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: алты, төрт, алпыс төрт және т.б. есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім: Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, қаншасыншы? нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе -ншы, -нші, дауыссызға аяқталса -ыншы, -інші, жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екінші, төртінші, үшінші, алтыншы және т.б.

3. Жинақтық сан есім: Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа бітетін екі, алты, жеті деген есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, -і дауысты дыбыстар түсіріліп қолданылады. Мысалы: екі -еу, -екеу, алты -ау -алтау.

4. Болжалдық сан есім: Болжалдық сан есімдер заттың санын білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалады:

А)Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған(-деген), -таған(-теген), -лап(-леп), -дап(-деп), -тап(-теп), -дай(-дей), -тай(-тей) жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: мыңдаған, жүздей, қырықтай, елудей және т.б.

Ә) Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғау жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) қырықтарда , (сағат) жетідерде т.б.

Б) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он – он бес , жетпіс – сексен, қырық – елудей, қырық – қырық қырықтарда және т.б.

В) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: қырыққа жуық, елу шақты, отызға тарта және т.б.

5. Топтау сан есім: Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бестен, отыздан, жетпіс – сексеннен, алты – алтыдан және т.б. Сөйтіп, топтау сан есімдер дара түрде де (бестен, оннан т.б.), күрделі түрде де (жиырма бестен, жүз елуден т.б.), қосарланған түрде де (екі – екіден, он – он бестен) т.б. қолданылады.

6. Бөлшектік сан есім: Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екіге бөлінеді. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс немесе ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады. Мысалы: үштен бірін (1/3) , ал, бестен бірі (1/5) т.б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, үш ширек т.б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: төрт бүтін екі ондық (4, 2), алты бүтін төрт жүздік (6, 04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т.б.
1-жаттығу

Берілген сан есімдердің жасалу жолын және сан есімнің қай түріне жататынын анықтаңыздар.


Бөлшектік сан есім

Үштен бір, алтыдан екі, екі жарым, екі бүтін оннан бес, бір жарым, төрт бүтін жүзден жиырма екі.
2-жаттығу

Берілген сөйлемдерді аударып, сан есімнің түрін анықтаңыздар.


1.Ученики сидят за партой по двое. 2.Они на урок берут по четыре тетради в клетку, по три тетради в линейку. 3.Из них одну третью часть составляют 2-х комнатные квартиры. 4.В нашем доме приблизительно сорок-пятьдесят квартир(есть). 5.На нашей фирме работают около ста человек. 6.Из кинотеатра люди выходят по пять, по десять(человек).

Бөлшектік сан есім

1.Оқушылар екі партамен отырады. 2.Олар сабаққа торға төрт дәптерден, сызғышқа үш дәптерден алады. 3.Олардың үштен бір бөлігін 2 бөлмелі пәтер құрайды. 4.Біздің үйде шамамен қырық елу пәтер бар. 5.Біздің фирмада жұмыс істейтін жүзге жуық адам қатысты. 6.Кинотеатрдан адамдар бес, он адамнан(адам) шығады.
3-жаттығу

Берілген сан есімдермен сөйлем құраңыздар.


Алты, жетпіс жеті, алтау, екінші, он-оннан, қырыққа жуық, бестен екі, он шақты, төрттен бір.

Менде алты алма бар.Мына сандардың арасындағы ең үлкен сан жетпіс жеті.Сыныптағы ұлдар саны алтау.Ағам жарыстан екінші орын алды.Әр топқа он-оннан бөліндік.Жарысқа қатысатындар саны қырыққа жуық екен.Есеп жауабы бестен екі болады.Үйге он шақты қонақ келіпті.Олжаның төрттен бір бөлігін сен аласың.
4-жаттығу

Берілген сан есімдерді қазақ тіліне аударыңыздар.


А) 1.Без пяти девять. 2.Три минуты четвертого. 3.Четыре часа. 4.Без двадцати пяти шесть. 5.Без двух минут пять. 6.Двадцать минут шестого. 7.Пять минут двенадцатого. 8.Половина шестого.

1)Тоғыздан бес 2)төртке үш 3)сағат төрт 4)алтыдан жиырма бес

В) 1.Который час? – Без пяти минут четыре. 2.Ты когда пойдешь к врачу? – В два часа. 3.Скажите пожолуйста который час? – Половина восьмого. 4.Завтра какое число? – Завтра двадцать пятое октября. 5.Давай встретимся в университете 9 часов. – Нет, давай встретимся без пятнадцати 9 или в половине девятого в университете. 6.Скажите пожолуйста который час? – десять минут третьего. 7.Половина восьмого надо идти в университет.


5-жаттығу

Жолдасыңызбен сөйлесіңіз.




  • Жиырма алтыншы қаңтар күні, менің туған күнім! Сағат алтыда үйге қонаққа кел.

  • _________________________________________________

  • Жарайды, жетіге таяу келсең кел!

  • _________________________________________________

  • Күтемін, кешікпей кел!



Жолдастын созын жазам
-Ол кезде уакытым болмайды
-Жарайды,барамын

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет