• Сабақ кестесі 00 11. 00 дейін және 13. 00 16. 00 дейін



Дата07.02.2022
өлшемі16,43 Kb.
#86069
Байланысты:
билим беру


Білім беру жүйесінің қалыптасуы

Халық арасында сауатсыздықты жою:


Бұл процесс өте баяу жүрді. Себебі – елде оқыған азамат саны аз болды, материалдық – техникалық база нашар болды. 1924 жылы «Сауатсыздықты жою» қоғамы ұйымдастырылды. Бұл қоғам ерікті түрде жұмыс жүргізді. Ұлы Отан соғысы басталар алдында еңбекке жарамды тұрғындардың арасында сауатсыз, хат танымайтын адам болған жоқ. Яғни сауатсыздықты жою жұмысы аяқталды.
Өткен материалдармен қайталау жұмысы: XIX ғасыр басында Қазақстанда ағарту ісі негізінен ислам дінінің қағидаларын үйретумен шектелді → Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуына байланысты оқу жүйесі өзгерді: орысша білім бере бастайды → 1867 – 1868 жж реформалар бойынша орыс үкіметінің ағарту саласындағы мақсаттары да айқын көрсетілді.
Ассоциация – «Білім» деген не?




Ойлаңыз!

Жұмыс істеңіз, Ортаға салыңыз.

Мешіт, мешіт жанынан ашылған медреселер → МЕКТЕПТЕР ашылды


мешіт жанында діни мектеп
• Қаржы халықтан жиналды.
• Оқу жылы – мамыр айы – тамыз айында аяқталды.
• Сабақ кестесі 7.00 – 11.00 дейін және 13.00 – 16. 00 дейін
• Оқытылған пәндер – құран, тарих, философия, араб тілінің грамматикасы, орыс тілі, математика, логика, т.б.
•Оқу жылы – үш, төрт, бес, он жыл
• Оқушылардың жасы – 8 жастан – 20, 30, 40 жасқа дейінгі
• Нәтижесі: XIX ғасырға дейін Қазақ халқының сауаттылығы – 2 %; XIX ғасырдың аяғында 10 % деп есептелді.
1897 жылғы санақ бойынша қазақтардың саны 4 млн – 5 млн – ға дейін деп көрсетілді, оның 49 000 қазағы оқуға тартылған.
Халыққа білім беру:
1924 жыл – Сауатсыздықты жою қоғамы құрылды.
1926 жыл – ХКК «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің ЖАРҒЫСЫН» қабылдады. Жарғы бойынша, мектеп құрылысында:
*1 жылдық, 2 жылдық мектептер → 3 жылдық, 4 жылдық мектептермен алмастырылды.
* қыз балаларды оқыту: Шымкент, Алматы, Түркістан, Ордада арнаулы мектептер ашылды.
1920 ж ортасында республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс, эстон бастауыш мектептері өз ана тілінде жұмыс істеді.
1930 – 1931 оқу жылы – отырықшы аудандарда;
1931 ж көктемнен бастап – көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді.
1931 ж желтоқсан республиканың 15 – 50 жас аралығындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді.
Бекіту сұрақтары:
1.1931 ж. Желтоқсандағы жалпыға бірдей міндетті білім беру ісі неше жас аралығында енгізілді?
2.Қазақстанда «сауатсыздықт жою» қоғамы қай жылы ұйымдастырылды?
3.Республикада сауатсыздықты жою қарқынының баяу жүру себебі не?
4.Қазақ тіліндегі алғашқыоқулықтар қай қалада басып шығарылды?
5.Латын жазуынан кириллицаға көшу қашан жүзеге асырылды?
6.1920-1930 жж. араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандарға қандай айып тағылды?
Қорытынды: 1930 жылы жаппай сауатсыздықты жою шараларының жүргізілуіне байланысты жергілікті кеңестер тарапынан бұл шараның іске осыру мақсатында мектептер ашып, халықтың арасындағы сауатсыздық, шала сауаттылықпен күрес жүргізілді. Кешкі мектептер, сауат ашу орындары,оқу үйлері,қызыл отау,қызыл бұрыштар жұмыс істеді. Әрине, ол кезде барлық білім мекемелері талапқа сай болмады. Өйткені, қаржының бір қалыпты бөлінбеуі, мұғалімдердің жетіспеуі,оқу құрал жабдықтарымен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеуі сияқты кемшіліктер кездесіп отырды.

1.Не білдіңіз?


2.Пікіріңіз
3. қазіргі білім жүйесімен салыстырыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет