Философия пәні және атқаратын қызметтері
Философия пәнін анықтау үшін біз жалпы ғылымның шығу тарихына көз жіберуіміз керек. Онда біз тарихи өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінудің негізінде алғашқы ғылыми түсініктердің пайда болып (жерөңдеу, оған су әкелу, геометриялық, математикалық түсініктерді, мал бағу, көшіп-қону, жұлдыздар мен планеталарға, айға қарап, олардың қозғалуы, жерге тигізетін әсерлері жөніндегі білімдердің негізінің пайда болуына әкелді), мифологиялық және діни көзқарастың бірте-бірте алшақтап, Дүниеге деген ақыл-ойға негізделген білімді тудырғанын атап өтуіміз керек.
Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Достарыңызбен бөлісу: |