Философия пәні және атқаратын қызметтері


Сократ: "Философия - ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету". Геродот



бет2/5
Дата02.03.2022
өлшемі23,95 Kb.
#134004
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.1. лекция

Сократ: "Философия - ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету".
Геродот:"Философия - білімді, ақылдылықты сүю".
Аристотель: "Философия - ғылымдар негізі".
Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: "Философия - ақылдылыққа құштарлық" - дейді. Аквинат: "Философия - барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім"- дейді.
Т.Гоббс: "Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі" дейді.
Декарт: "Философия - даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім"- дейді.
Фихте: "Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты"-деген.
Осы анықтамаларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:
1) Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия тер-минінің өзі грек тілінен аударғанда рһіlео - сүйемін, sорһіа - даналық дегенді, басқаша айтсақ, даналыққа құштарлық дегенді білдіреді.
2) Философияның басы - таңдану. Сократ "Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін" дегендей, танданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.
3) Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.
Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны дамытпайды, ойды тежейді. Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл - байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау. Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.
Философияның анықтамасы: Философия - бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тығыз байланысты түрде қарас-тыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент - Адам, сондық-тан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М.Әуезов: "Философия... -кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағар-тып, адамшылығын арттырып, ақтылыққа сүйрейді. Философия:
1) адамның қайдан жаралғанын шешпек;
2) адамның жанын, ішкі халін тексермек;
3) адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.
Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ" дейді.
Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:
1) Мен не біле аламын?
2) Мен не істеуім керек?
3) Мен не нәрсеге үміттене аламын?
4) Адам дегеніміз не?
Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне мораль, үшіншісіне - дін, төртіншісіне - антропология. Бірақ осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді. ...Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады".


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет