Философия пәні және атқаратын қызметтері


Философияның адам мен коғам өміріндегі



бет5/5
Дата02.03.2022
өлшемі23,95 Kb.
#134004
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.1. лекция

Философияның адам мен коғам өміріндегі орны аса зор:
1) философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.
2) Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді.
3) Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ой-лануға әсерін тигізеді.
Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдардың көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың1 оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күшті әсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонан соң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп. философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.
Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік дең-гейімен бірге адамгершіліктік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасында білім алушы жастардың қарапайым индивидпенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процеетерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр.
Философия пәні бойынша бакалавриат сатысына арналған бағдарламада негізгі назар философия тарихын зерттеуге аударыла бастады, бұл қадам дұрыс деп ойлаймыз. Белгілі философ К.Ясперстің пікірінше, "философия тарихы - философиялық пайымдаудың маңызды элементі. Өткенге, тұтастың ең биік дүние-туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойыңдағы айқындық пен кеңдік мүмкіндігін анықтауға болады" (К.Ясперс. Всемирная история философии. СПб.. 2000, 258 с).
Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі - ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ да-муына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік "Менін" көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.
Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философия-лық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философиялық тұлғалардың, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, "философия кеңістігіндегі субстанциялардың" қайталанбас дүниесіне үңілу, жеке өмірі мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді. Мысалы, Сократ, И.Кант, Л.Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы, философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығар-малары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмірмәндік түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті.
Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ереже-лерінің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке фи-лософиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну - индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар.
Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия - рухтың жоғарғы еркіндігі саласы жоне философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.
Еркіндік мәселесі - философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған "мәңгілік" мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап өту керек. Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсслюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.
Ойымызды қорыта келсек, философия гылымы адамга өзі өмір сүріп отырган орта - табигат пен қогамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жүйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі заман адамына аса қажетті гылым болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет