Байланысты: Билет №1 Далалық өркениет, оның түркі, қазақ әдебиетіне әсері ту-emirsaba.org
Билет №1 Далалық өркениет, оның түркі, қазақ әдебиетіне әсері туралы айтыңыз
Билет № 1 1.Далалық өркениет, оның түркі, қазақ әдебиетіне әсері туралы айтыңыз. Көшпелілер тарихынан бастау алған қазақ өркениетінің өткеніне көз жүгіртіп, бүгінгісін саралап, болашағын болжау болып табылады. «Дала өркениетінен» «қазақ өркениетіне» дейінгі аралықтың түп тамырына үңіліп, даму эволюциясын зерделеу.Өркениет туралы түсінік қалыптастыру арқылы, Ұлы дала төсіндегі көшпелілер өркениетін сипаттау. Қазақ өркениетінің бүгінгі келбетін ұлы дала өркениетімен сабақтастыру. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, шығармашылықпен ойлау жүйесі жоғары дамыды. Көшпелілердеде отырықшылар сияқты жазу ерте пайда болған. Дегенмен кеңінен дами алмаған. Олардың рухани мәдениеті жадында сақталған. Көшпелілер туралы түсінік Герадот жазбаларындағы скиф жазбаларынан бастау алады. Одан кейін Қытай жазбаларында ғұндармен жалғасын табады. Өзіндік даму эволюциясын бастан кешіріп, дамып қазіргі күндегі озық елдердің негізін қалайды. Соңғы жылдары Карл Байпақов пен Манаш Қозыбаев Еуразия сахарасында көшпелілер өркениетінің орнына дала өркениеті ұғымын қолдану дұрыс деп санады.Қазақ мәдениеті өзінің негізгі өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Көшпелілер мәдениетінің қанша заман өтседе сол баяғы бәз қалпында біздің уақытымызға дейін жетіп қана қоймай, тәрбиелік маңызының сақталуына Европа ғалымдары таң қалған деседі. Қазақтың ұлттық төл мәдениеті көшпелі түркі мәдениетінің жалғасы болып табылады. «Қазақ өркениеті» ұғымын рухани – мәдени және ғылыми тұрғыдан негіздеу бүкіл Қазақстандық гуманитарлық ғылымдар жүйесін өзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарихымызға жаңаша қарауға, ескірген көзқарастан бас тартуға итермелейді. біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет – Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы - жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі.Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам – пенделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті...Бесінші, қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. Дала перзенті еш бір шектеу дегенді білмеді. Оған творчестволық эволюция тән еді.Алтыншы, Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шегінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды... Ендеше Еуразиялық сахарадағы көшпенділі дала мен қаланың синтезі еді.Жетінші, аң стильді өнер дамыды.Сегізінші, сайын даладағы көшіп-қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық процесті жолға қою, сал-серілік дәстүр сияқты Дала этикасын, менталитетін орнатты.