Қазақ тілі мен әдебиетіпәні бойынша 8-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары I тоқсан Бөлімі: 2 Сабақтың нөмірі: 4 Сабақтың тақырыбы:Сауда жасай білу – өнер Мақсаты: 8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру
Оқушы мақсаты: • Шығармалардың композициялық құрылымын ажыратады;
• Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді.
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып, сауда жасап жатқанында мейрамхананың иесі Қожанасырға:
- Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісін пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек! - дейді.
– Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
– Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
– Ал, Қожеке, бұған не айтасыз? - дейді.
– Дұрыс, – депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық...
1-тапсырма. Оқиға композициясын сәйкестендіріңіз.
2-тапсырма Әңгімедегі екі кейіпкерге мінездеме беріп, шығармадан дәлел келтіріңіз.
Кейіпкер
Қожанасыр
Мейрамхана иесі
Мінездеме
Дәлел
Дескриптор Білім алушы - әңгіменің композициясын оқиғамен сәйкестендіреді;
- кейіпкерлерге мінездеме береді;
- мінездемеге әңгіме негізінде дәлел келтіреді.
Үй тапсырмасы: