Қ.Қ. Тоғасбаева. Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,52 Mb.
#34202
1   2   3

9-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, барыс септікте тұрған сөздерді табыңдар, сұрақтарын жазыңдар.
Дүкенге өзім барамын,

Үйге ас-су аламын.

Айтады әжем мың алғыс

Дейді мені: «Тіл алғыш!»

(С.Молдашев.)
10-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, тәуелдік жалғаулы сөздерге жалғанып тұрған барыс септік жалғауының астын сызыңдар.
Айша ағасына көмектесті. Оның ағасы бесінші класта оқиды. Айша оның малақайына бау тағып берді. Айша інісіне де қарайды. Оның жеңіне кезекшілік белгі қадады.
11-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып көшіріңдер. Зат есімдерді тауып, олардың қай септікте тұрғаның айтыңдар.
Сар..адырға шөпш..лер келді. Олар ж..лдан бірнеше ат..ы ала келді. Алды..ғы атты.. т..згіні шұбатылып жүр. Қуат аттың тізгінін жөндеді. Аттард.. тырна..ышқа жекті.
12-жаттығу. Өлеңді көшіріп ,қарамен жазылған сөздердің септік жалғауының астың сызыңдар.

Бақа көлін сүйеді.

Балық суын сүйеді.

Жігіт елін сүйеді.



13-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, жатыс септіктегі сөздердің астын сызыңдар.

Қазақ тілінде кітап бастыру ісі Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін – 19 ғасырдан басталады. Алғашқы қазақ кітаптары Петербургте, Қазанда, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылды. Көп кітаптары Қазан гимназиясының баспаханасында жарық көрген «Сейфімәлік» кітабынан басталған. Көп кітаптары Қазан университетіндегі Каримовтар мен Хусаиновтар баспаларынан шығып тұрды.



14-жаттығу. Нақыл сөздерді көшіріп жазыңдар. Жатыс септіктегі сөздердің астың сызыңдар.
Ілімде бұлақ, білімде шырақ.
Жаманда дос жоқ, жалқауда ар жоқ.
15-жаттығу. 1.Мақалдарды көшіріп жазыңдар. Шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғаның айтыңдар.
1.Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар. 2. Отан оттан да ыстық. 3. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар. 4.Барлық өнерден сөз өнері күшті.
2.Мақалдардың мағынасын түсіңдіріндер.
Бітер істің басына, жақсы келер қасына.

Ер-елдің баласы, жер – елдің анасы.


Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.
Бір кісі қазған құдықтан

Мың кісі су ішеді.


16-жаттығу.Сызбаны пайдаланып, сөйлем құраңдар.
Астана шықты

Автобус -нан/-нен хабарлады

Алма - дан/ден келді

Үй - тан/-тен дайындады

Радио түсті
17-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Сызба бойынша шығыс септігінде тұрған сөздерді түсіңдіріндер.
1.Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады. 2.Мұғалім Салтанатпен ұзақ сөйлесті. 3.Әсия терезені таза шүберекпен сүртті. 4.Марат театрға атасымен келді. 5.Нағашы әжемнің үйіне пойызбен бардық.

18-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Шығыс септігіндегі сөз

сұрағы

мағынасы

жалғаулары

1. Оқығанды көңілге ықылас... тоқылық. 2.Хат Астана... келіпті. 3.Асыл Жанар... сөйлесті. 4. Қой... жүні пайдалы. Жүн... фабрика... түрлі маталар тоқылады. 5.Құрылық... айнала су... қоршалған бөлігі арал деп аталады. 6.Қымыз негізінен жылқы терісі..., емен, арша сияқты ағаш... жасалған ыдыстар... дайындалады.


19-жаттығу. Берілген жалғаулардың қайсысы жіктік жалғауы, қасысы септік жалғауы екенін дәлелде.


-ға, -ге

-сың, -сің

-мын, -мін



-нан, -нен

-ның, -нің




-да, -де

-нда, -нде

Сын есім.
1-жаттығу. Нақыл сөздерді көшіріп, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
Ерке бала- ерсі бала.

Әдепті бала әдетті,

Тентек бала әлекті.


2-жаттығу. Өлеңді оқыңдар, сын есім сөздерді тауып сұрақ қойыңдар.
Нан- ардақты адал ас,

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастарқан үстінде,

Қол жұмай, оны ұстамас.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

(Ө. Тұрманжанов.)
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдердің астын сызыңдар.
Қазақстан дүние жүзіндегі барлық елдермен дерлік дипломатиялық қатынас орнатты. Барлық беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Сөйтіп Қазақстанның бейбіт жолмен қауіпсіз даму үшін кепіл бола алатын дүние жүзінің ірі мемлекеттерімен ынтымақтастық құрылды.

Бұл орайда БҰҰ, ТМД, Шанхай форумы, Ортаазиялық экономикалық Одақ сияқты ұйымдардың ықпалы зор.

Қазақстан өзінің ұлттық экономикасының дамуына ықпал ету маөсатында шетелдік инвестициялар тартуда. Дүние жүзінің дамыған елдердің Орта Азияға беретін барлық инвестициясының 80 пайызынан астам Қазақстан экономикасы алады. Олар қазақстанды инвестиция салуға ең қолайлы мемлекеттердің бірі деп тануда.
4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Өлеңнен сын есімдерді теріп жазыңдар. Олардың қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айтыңдар.

Тәуелсіз елім бар.
Көк айна көлім бар, Жайдарлы желім бар,

Кең жайлау жерім бар. Өрісті белім бар.

Еңбегі еленген Ерлікке баулитын,

Атақты ерім бар. Егемен елім бар.


Жемісті бауым бар, Тарих боп кешегім

Шың-құзды тауым бар. Көп жұмбақ шешемін.

Еңісті өр еткен, Егемен еліме

Жемісті қауым бар. Еге боп өсемін.

(Базарбай Исаев.)
5-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап. Сын есімдерді тауып, олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айтыңдар.
Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл, тәп-тәтті.



6-жаттығу. Оқыңдар. Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қойыңдар.
.... бала- сүйінші,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз ... – күйінші,

Төмендеп басын кетеді.

.... бала жанында

Ұрыс пен ...., айқай-шу.

.... бала маңынан

.... қылық байқайсың.

(Есентай Ерботин.)
Керекті сөздер: бала, тәртіпті, ұрыншақ, ұстамды, ұнамды, керіс.
7-жаттығу. Мәтінді алдымен толық, содан соң сын есімдерсіз оқыңдар. Содан мәтін мазмұнында қандай өзгерістер болғанын айтыңдар.
Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар - геологтер. Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.
1. Сын есімдердің не үшін қажет екенін түсіндіріңдер.

2. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Негізгі, туынды сын есімдердің астын сызыңдар.


8-жаттығу. Берілген сын есімдерді жұптастырып жаз.
Аласа, жарық, қымбат, қою, қараңғы, қалың, алыс, сұйық, жұқа жіңішке, жуан, жақын, арзан, биік.
9-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз.Оларды өзара салыстыр.
Қаз – суда жүзетін құс. Оның мойыны ұзын, аяғы қысқа, қызғылт немесе қызыл түсті болып келеді. Олар маңғазданып, аяғын теңселе басады.

Украинада арқасы мен мойыны қара сұр, омырауы ақшыл сұр, құрсақ жағы ақ қаздар да кездеседі.

(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан.)
10-жаттығу. Төменде берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, сын есім жасаңдар.
Үлгі: жаз-жазғы. Мейірім, қоғам, адам, бауыр, қайырым, әдеп, төзім, тындыр, орын, міндет, қасиет, сәт, бас, тәртіп, ынтымақ, бірлік, жауып, намыс, еңбек, тағылым, темір.
11-жаттығу. Сөз тудырушы –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жасалған сөздерді мағынасына қарай сөз таптарына топтап жазыңдар.
Үлгі: өкілдік-зат.е, унитарлық-сын.е.
Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, республикалық, мемлекеттік, президенттік, өкілеттік, елшілік, билік, басшылық, төрелік, азаматтық, ұйымдық, азаттық, тәуелсіздік, конституциялық, өкілдік, министрлік, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, әкімдік.

Сан есім.
1-жаттығу. 1.Мәтінді көшіріп жазыңдар. Сан есімдерге сұрақ қойып, қайсысы реттік, қайсысы есептік сан есім екенін дәлелдеңдер.

2. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талдаңдар.


Стансы ауылдан жиырма шақырым жерде. Пойыз сағат бесте жүреді. Әділ стансыға екінші автобуспен келді. Ол – үшінші курс студенті. Жазғы демалыстан соң оқуға бара жатыр.
2-жаттығу. 1. Жұмбақты оқып шешіңдер. Сан есімдерге сұрақ қойыңдар.
Жұмбақ.
Бірінші әріп көзде бар, мұрында жоқ,

Екінші әріп тісте бар, бұрымда жоқ.

Үшінші әріп бетте бар, білекте жоқ,

Төртінші әріп – жүректе, құлақта жоқ,

«П» әрпі – бесінші ақырғысы

Жұмбақ шешкіш - баланың ақылдасы.

(Кітап.)

2. Сан есімдерді ретімен бөлек көшіріңдер.

3-жаттығу.Төмендегі сан есім, зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.
Қырық бір ұялы телефон, он төрт озат оқушы, екі жүз сексен алты шақырым, жүз қырық төрт жәшік, жиырма үш планшет.
4-жаттығу. Анаграмманы шешіңдер. Сан есімдерді сөз құрамына талдаңдар.
Бірінші менің бөлігім –

Шұңқырмын – екі-ақ әріппін.

Екінші менің бөлігім –

Бір түсті жұртқа таныттым.

Екуін қосақ жөнімен,

Орасынң шөпті онымен.

(Мұзафар Әлімбай.)
5-жаттығу. Сөйлемдердегі сан есімдерді сөзге айналдырып көшіріп жазыңдар. Сан есімдердің астын сызыңдар, дара немесе күрделі екнін айтыңдар.
1. Кит –ең ірі жануар. Оның ұзындығы 30 метр, салмағы 120 тоннадай болады. 2. Тұйеқұс сағатына 120 километр жүгіреді. 3. Айдың көлемі Жерден 50 есеге жуық кіші. 4. Емен өте ұзақ, яғни мың жылға дейін жасайды. 5. Жусанның Қазақстанда 18 түрі белгілі.
6-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазыңдар. 1.Сан есімдердің түрін айтыңдар. 2. Жаңылтпаштың астындағы сұраққа жауап беріңдер.
Жүз қырық үш қызғыш құсқа

Жүз қырық үш қызғышқұс қосса,

Қанша қызғыш құс болады.
7-жаттығу. Сан есімдерді бір бөлек, сын есімдерді бір бөлек топтастырыңдар. Бұлардың бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін айтыңдар.
Жасыл, адам, екі, үшінші, дәмдә, кең, өзен, ұшты, жүз жеті, биік, жүзді, көңілді, жеті, сексен алты, терек.
8-жаттығу. Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.
1. Кенен – айтыс ақыны. Ол 16 жасынан-ақ белгілі ақындармен айтысқа түскен. 2. Жер бетіндегі ең терең көл – Байкал көлі. Оның тереңдігі 1637 метрден асады. 3. Құлан сағатына 70 километр жылдамдықпен жүгіре алады. 4. Қазақстанда теректің 18 түрі өсіріледі. 5. Қажымұқан Мұңайтпасов 26 мемлекетте болған. Ол 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған. Қажымұқанға 1927 жылы «Қазақ даласының батыры» атағы берілді.
9-жаттығу. Берілген сөздерден ребус құрастырыңдар.
Жетісу, Екібастұз, бірлік, жүйрік ат.
11-жаттығу. Өлеңді оқып шығыңдар, қарамен жазылған сөздердің түбірін тауып, оған сұрақ қойыңдар.

«Бір» мен «екі» алмаңдар,

«Үшке» алданып қалмаңдар!

Кілең «төрт» алғаңдар

«Бесті» ғана армандар.
12-жаттығу. Жұмбақты шешіңдер, сан есімнің түрін анықтаңдар.
Ағайынды екеу болыпты,

Екеуі қатар тұрыпты.

Ортасында тау болып

Бірін-бірі көрмепті.

Екеуінің орындайтын міндеті

Бір болыпты.


Есімдік.
1-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазыңдар. Есімдіктерді тауып сұрақ қойыңдар. Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңдар.
Ол аралда да марал,

Бұл аралда да марал.

От екен маралға арал, оттасын аралда марал.
2-жаттығу. 1.Мәтінді көшіріп жазыңдар. 2.есімдіктерге сұрақ қойыңдар. 3.Сөйлем мүшесіне талдаңдар. Сөйлемде есімдіктердің қандай мүше болып тұрғанын және қай сөзбен байланысқанын анықтаңдар.
Көктемде біз орманға бардық. Күн көтерілді. Самал жел соқты. Ормандағы ағаштар ән салып тұр. Әрқайсысы өз әнін шырқайды. Қайын өзінің мейрімді әніне басты. Емен ерлікті жыр етті. Бұл әнді естіп, тату дос, батыл ер болғымыз келеді

(В.Сухомлинский.)


3-жаттығу. Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құра.
Әркім, ешкім, ешқашан, ешқандай.
4-жаттығу. 1.Қарамен жазылған сөздерді тиісті жіктеу есімдіктерімен алмастырып, мәтінді көшіріп жаз.
Киіз үйге төселетін төсеніштің бірі –текемет. Текеметтің оюлы текемет, шашақты текемет, салбырама текемет сияқты түрлері бар. Текемет сырмақтан үлкен, енді болып келеді.
2.есімдіктер қай сөз табының орнына және не үшін жұмсалып тұрғанын дәлелде.
5-жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, есімдіктерді табыңдар. Олардың қай септікте тұрғанын айтыңдар.
Бала торғайдың осы мезеттегі қалпын байқап: «Сен бізбен қошташқалы келіп отырған сияқтысың-ау. Мен сенің не деп отырғаныңды мұңайған көзіңнен-ақ ұқтым. Сен жылы жаққа кетем деп отырсың ғой, ақсағым! Оның жөн. Сапарың оң болсын! Қош бол! Көктем шыққан соң қайтып кел, қарсы аламыз, саған арнап үй саламыз», - деп оны өзінше жылы сөзбен жұбатты.

(Ө.Тұрманжанов.)


6-жаттығу. Тиісті есімдікті қойып, мәтінді оқы. Есімдіктердің қай септікте тұрғанын айт.
Кеше (ол, мен) сыныпта кезекші болдым. (Мен, менімен бірге айнұр кезекшілік етті.)

(Сен, ол) гүлге су құйды, сыныпты желдетті.

(Біз, мен) парталарды және тақтаны сүрттім. Тақта жалтырап тұр.

(Біз, біздің) сынып тап-таза.


7-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін сұрақтардың ыңғайына өзгертіп жаз. Неліктен солай өзгерткеніңді дәлелде.
(Ол) (кіммен?) кездесу, (ол) (неге?) тағылады, (мен) (кімге?) ұнайды, (сен) (кімнің?) киімің, (мен) (кімді?) таппады, (ол) (неден?) көлемдірек, (сен) (кімге?) бармақшы.
8-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мәтінді көшіріп жазыңдар.
.... мектепке де бірге бардық. Ол – бір үйдің еркесі. .... атасы мен әжесі бар. .... апам ғана бар. Әкем әскерге кеткен. Апам жұмысқа ерте кетіп, кеш келеді. Ол кез қиын уақыт еді.

(Р.Қунақова.)


9-жаттығу. 1. Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Ол келсе орман шулайды,

Толқып теңіз тулайды.

Қуса, өзін қуады,

Ешкім оны қумайды.


2. есімдіктерді табыңдар. Олардың қайсысы жіктеу есімдігі?

3. жіктеу есімдігінің орнына қай сөзді қойып айтуға болады?


10-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Есімдіктерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
Мынау менің сезгенім: Күнде бестік алсаң сен,

Ол – сыныптың анасы. Онда басқа жоқ арман.

Өзінің де, өзгенің Ал оқымай барсаң сен,

Баласы – оның баласы. Бір тал шашы ағарған.


Қай кезде де ол анық, Жақсы болсаң шынында,

Қайғырмайды өзі үшін. Қартаймас деп айта алам.

Біздер үшін қуанып, Жаңа оқу жылыңда,

Қызарады біз үшін. Жасарады қайтадан.

(Қадыр Мырза Әли.)
Етістік.
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтіннен етістіктерді табыңдар, оларға сұрақ қойыңдар. Әбунасыр әл-Фараби туралы не білесіңдер?
Адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің «даңқ туралы» деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың ең соңғы бетінен: «мен бұл кітапты жүз мәртте оқып шықтым» декген жазуды көрді. Сөйтсе, мұны жазған Әбунасыр әл-Фараби екен.

Әбунасыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәртте оқып қоя салмаған. Мағынасына толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп кітапта айтылған жағдайлардың мән-мағынасына ой жіберіп, жаңа түсініктердің есігін ашып отырған. Сол есігі арқылы өзі ішке кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған.

(«Жыл он екі ай» кітабынан.)
2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріңдер, етістіктерді тауып, дара, күрделі түрін анықтаңддар.
Көктемде кластағы оқушылар экскурсияға барды. Бізді мұғалім бастап апарды. Орманға келіп жеттік, орман іші тыныштық. Тек құстардың сайрағаны естіледі. Экскурсияда көргенімізді жазып алдық.
3-жаттығу. Туынды етістіктерді теріп жазыңдар. Неліктен туынды етістік екенін дәлелдеңдер. Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Оқы, жырла, жүрді, жүзді, көрген, ақылдас, ойла, сезді, ұсақта, болды, керілме, тұзда,ақта, айтады, сөйле, кешік, әкел, тазар, жаз, әдеміленді, екеуледі.
4-жаттығу.Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар. Етістіктерді көшіріңдер.
Жұмбақ.
Сырт-сырт етіп соғады,

Кеудесінде жүрегі.

Өзі тілсіз - сөйлейді,

Өзі жансыз – жүреді.

(Сағат.)
Етістіктердің жіктелуі және шақтары.
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын айтыңдар.
Құндыз - ақылды жануар. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады. Үйінің төбесі судан шығып, астыңғы жағы суда тұрады. Адамдар сияқты бірлесе еңбек етеді. Кейде өзара үндеседі. Қысқа көрек жинайды.

(«Қазақстан жануарлары» кітабынан.)


2-жаттығу. Берілген жіктік жалғаулы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Құраған сөйлемдеріңде жіктік жалғаулы сөз қандай мүше болып тұрғанын айтыңдар.
Тазалаймын, үйренесің, біледі, қатысасыңдар, дайындалады, көресің, барамыз, ойлайсың, оқыдыңыз, барарсың.
3-жаттығу. Өлеңді түсініп оқыңдар. Етістіктерді теріп жазыңдар. Өлеңде олар қандай мезгілдік ұғымда жұмсалғанын анықтаңдар.
Созылса да ұзақ қыс, Ыдырады тозғандай,

Ұшып келді ұзақ құс. Қар жоғалды, із қалмай...

Айқыш-ұйқыш шатынап, Жайнайды енді келбеті,

Жарылды мұз қақырап. Жасылданып жер беті.

Күн ерітті сүңгіні, Көлдің суы зеңгір көк,

Тамшы жерді үңгіді. Көз тартады мөлдіреп.

Егінжайлар бу атып,

Толқиды енді мұнартып.

(Мұзафар Әлімбай.)
4-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Етістіктер қай шақта тұрғанын айтыңдар.
Күй атасы – Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алған еді. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есей келк Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.

Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеге отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен махамбеттің қазақ хандарына қарсы күресіне арнайды.


-Сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Құрманғазы күй тартуды кімнен үйренеді?

2. Оның қандай күйлерін білесің?

3. Құрманғазы неге қарсы күресті?


5-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Етістіктерді табыңдар, қай шақта тұрғаның айтыңдар.
Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі де кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайың ағашынан скипидар, спирт алады.

(«Ол не? Бұл кім?» кітабынан.)



Кәдеге асады дегенді қалай түсінесіңдер?
6-жаттығу. Мақалды жатқа жазыңдар. Келер шақ етістіктерді табыңдар. Оларға сұрақ қойып өзара салыстырңдар.
1. Азаматпен дос бол, 2. Ақыл көпке жеткізер,

Қадіріңді біледі. Өнер көкке жеткізер.


7-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріңдер. Баяндауыштын астын сызыңдар.
Аға ақылына Қасым ерекше зейін салды. Осы өнері Қасымның өмірлік серігі болып кетті. Ол өлең жазғанда ылғи да домбыраны қолға алатын. Оның өлеңдері әуенді болатын.

(«Балдырған» журналынан.)


8-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріпжазыңдар. Сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелдеңдер.
Қыс. Айнала аппақ, қалың қар басып жатыр. Қатты жел соғып тұр. Әкем малды ыққа байлап жатыр. Асқар оған көмектесіп жүр. Әжем сиыр сауып отыр.
9-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар. Етістіктің қай шақта, қай жақта тұрғанын айтыңдар.
Көк қарбызым қойған жерде биік тұр,

Сол қарбызға бүкіл әлем сыйып тұр.


10-жаттығу. Берілген етістіктерді құрамына қарай талдаңдар.
Өндіреміз, өсіп жатыр, түспекші, ойлайсың, тыңдадық, қызығамын, үйренді, орындамақ, сипаттап берді.
11-жаттығу. Төмендегі етістіктерді өткен шақ түрлеріне қарай үш бағанға бөліп жазыңдар.
Тұрдым, отырғанмын, тұратынбыз, отырдым, жаздым, оқығанмын, тыңдайтынсың, жатқансыңдар, түсінетінбіз, қайталадым, сөйлегенсіздер, әңгімелесіппіз, барыпсыңдар, күлмедіңдер.
12-жаттығу. Төмендегі етістіктерден келер шақ түрін жасаңдар.
Күл, ойна, жүр, айт, сана, есепте, ойла, талда, тапсыр.
13-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, етістіктің осы шақ түрін анықтандар.
1. Мен биыл демалыста Астана қаласында боламын. 2. Аға, түскі демалыста үйге келіп тұрыңыз. 3. Жездем баяндама жазып отыр. 4. Досымның ағасы жауынгерлік міндетін атқарып жүр. 5. Біздің шеқара сақшыларымыз әскери тәртіпті қатал сақтайды. 6.құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
14-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңдар. Баяндауышын осы шақ, өткен шақ, келер шақ түріне қойып жазыңдар.
Үлгі: біз биыл ел арала+мақпыз, +дық, +ймыз, +лап жүрміз.

1. сен кешкісін досыңмен хабарлас (..., ..., ...).

2. сіздер апта сайын кел (..., ..., ...).

3. мен әркез бұл ұсынысты қолда (..., ..., ...).


15-жаттығу. Берілген етістіктерді үш шаққа қойып, жазыңдар.
Ұсыну, қалдыр, өзгерту, келісу, тап, зерттеу, ал.
Үстеу.
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңдар.
Біз бүгін кітап баспаханасына бардық. Біз онда қағаз кесетін, әріп теретін машиналар орналасқан цехтарды көрдік. Үшінші цехта кітап жасалды. Мұнда кітаптың әр беті жасалып, түптеледі. Бұл жұмыстар қазір техникамен атқарылады. Баспахана оқулықтарды, ақын, жазушы, ғалымдар еңбектерін кітап етіп шығарады. Баспахана жұмысшылары кітаптарды машинаға, поезға салып, Қазақстанның қалаларына, ауылдарына жібереді.

Міне, сенің қолыңда кітап тұр. Сен оны таза ұстап, көп оқы, жадыңа түй. Кітап – сенің сенімді досың.


2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаыңдар. Үстеулерді тауып, олардың мағынасын түсіндіріңдер. Үстеулердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрснтіңдер.
Сая-үздік оқушы. Жазуды қатесіз, шапшан жазады. Күнде үлкендерге көмектесіп, кішілерді қамқорлыққа алып жүреді. Ол ертең үздік оқушылардың олимпиадасына қатысады.
3-жаттығу. Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Бірсігүні, бұрын, күні бойы, таң сәріде, жылдам, жолшыбай, жоғары, ілгері.
4-жаттығу. Кестені тиісті сөздермен толтыр және оларды өзара салыстыр. Сөз таптарының ұқсастығы мен өзгешелігін олардың мағынасына, сұрақтарына және қай сөзбен байланысатына қарай анықтаңдар.


Зат есім

Сын есім

Етістік

Үстеу














5-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мекен үстеулер бар сөйлемдерді теріп жазыңдар.
Ақ және күлгін гүлдер.
Атай алда, біз артта ирелең жолмен келе жатырмыз. Біз ылдиға жете бергенде қарт артына бұрылды да: - Ананы қақаңдаршы, неге ұқсайды? – деді бақ жақты нұсқап.

Сәкен қағілез болатын. Мүдірмей жауап айтты: - Желкенін көтеріп, жай жылжып келе жатқан кеме секілді.

Сәкеннің тапқырлығына риза болдық. Әдемі көрініске таңырқай қарадық. Сан жетпейтін ақ және күлгін гүлдер тұтаса нұрланып, құдды кемелердің желкеніне ұқсап кетіпті.

(М.Тоқбергеновтен.)


6-жаттығу. Сөздерді оқыңдар. Әр топта қай сөз артық екенін тауып, себебін дәлелде.
1. Күн, дала, қайың, арыстан, әдейі.

2. Көкшіл, дәмді, сүйір, үлкен, парта.

3. Ұшты, жүзді, оқыды, үйренді, жол-жөнекей.

4. Баяу, тез, ілгері, жолшыбай, қызық.


7-жаттығу. Үстеулерді оқы. Осы үстеулерді білдіретін мағыналарына қарай топтап жазыңдар.
Мезгіл білдіретін Мекенді білдіретін Сын-қимылды білдіретін

үстеулер үстеулер үстеулер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет