№
Вопросы на казахском языке
1
Жалпы тəжірбиелік дəрігер (ЖТД) қабылдауында науқас К. Дене
температурасының жоғарлауына жəне жөтелге шағымданып отыр. Осы қалаға
жұмыс бабымен келген. ЖТД ЖРВИ диагнозын қойды.Осы науқастың жұмысқа
жарамсыздығына сараптама жүргізіңіз:
ЖТД жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын медициналық мекеме
басшысының келісімімен толтырады
ЖТД жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын толырады, үйіне келгеннен кейін
науқасқа тұрғылықты мекен-жайы бойынша ауру парағын толтырады
ЖТД алғашқы 3 күнге жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын толтырады, ұзарту-
медициналық мекеме басшысының келісімімен
ЖТД өзі аурудың барлық күніне жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын
толтырады
ЖТД аурудың барлық күніне жұмысқа жарамсыздық парағын толтырады
2
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауында 29 жастағы науқас аз көлемді
қаырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, əлсіздікке шағымданып
келіп отыр. Жалпы суықтанудан жəне ЖРВИ -мен ауыратын науқаспен
байланысқаннан кейін ауырған, ауырғанына 2 күн болған. Тыныс алу жүйесін
объективті тексергенде оң жауырыннан төмен дауыс дірілінің күшеюі, сол жерде
перкуторлы дыбыстың қысқаруы, зақымдалған өкпе аймағының үстінде əлсіргене
везикулярлы тыныс жəне үнді дыбысты ұсақ көпіршікті сырылдар. Сіздің
болжамды диагнозыңыз қандай?
Ауруханадан тыс пневмония, жеңіл ағым.
Жедел респираторлы вирусты инфекция.
Жедел бронхит.
Құрғақ плеврит.
Экссудативті плеврит.
3
Қалалық аурухананың жалпы тəжірбиелік дəрігеріне 45 жастағы К науқас
кіндіктің сол жағында ұзаққа созылатын сыздап аурысынуға шағымданады,
ауырсыну арқаға, сол жауырынға беріледі, майлы тамақтан кейін пайда болады.
Тəбетінің төмендеуін, жүрек айну, тамақтан кейін эпигастральды аймақта ауырлық
сезімін байқаған. Бұл симптомдар 4 ай бойы мазалайды. Көп жылдар созылмалы
холецистипен ауырады. Объективті: температура 37,2 С. Жағдайы
қанағаттанарлық. Терісі таза, құрғақ, сарғыш реңкпен. Теріасты-май қабаты
шектен тыс дамыған. Жүрегі мен өкпесі патолгиясыз. Тілі ақ жабындымен
жабылған. Іші жұмсақ, жоғары жағында жəне сол қабырғаастында ауырсынады.
Сіздің болжамды клиникалық диагнозыңыз қандай?
өршу сатысындағы созылмалы панкреатит
өршу сатысындағы жедел панкреатит
өршу сатысындағы созылмалы панкреатит
ремиссия сатысындағы созылмалы холецистит
өт шығару жолдарының дискенезиясы
4
Амбулаторлық қабылдауға 44 жастағы М.ер адам физикалық жүктемеде күшейетін
ентігуге, кейде аз көлемді шырышты қақырықты, ұстама тəрізді жөтелге,
ентігуідің күшеюіне байланысты ұйқысының бөлінуіне шағымданып келді.
Пикфлоуметрия күнделігін жүргізеді. Науқаста осындай пикфлоуметрияда дəрігер
не жайлы ойлау керек?Э
Науқаста бронх демікпесі емес, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы.
Науқаста рестриктивті тыныс жеткіліксіздігінің белгілері бар
Науқаста нашар бақыланатын бронх демікпесі
Науқасқа ажыратпалы диагностика мақсатында спирография жүргізу керек
Науқасқа ажыратпалы диагностика мақсатында рентгенография жүргізу керек
5
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауында 29 жастағы науқас аз көлемді
қаырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, əлсіздікке шағымданып
келіп отыр. Жалпы суықтанудан жəне ЖРВИ -мен ауыратын науқаспен
байланысқаннан кейін ауырған, ауырғанына 2 күн болған. Тыныс алу жүйесін
объективті тексергенде оң жауырыннан төмен дауыс дірілінің күшеюі, сол жерде
перкуторлы дыбыстың қысқаруы, зақымдалған өкпе аймағының үстінде əлсіргене
везикулярлы тыныс жəне үнді дыбысты ұсақ көпіршікті сырылдар. Жалпы
тəжірбиелік дəрігер қандай препараттар тобын тағайындау керек?
синтетикалық пенициллиндер
респираторлы фторхинолондар
вирусқа қарсы жəне қақырық түсіретін перпараттар
аминогликозидтер
цефалоспориндердің ұрпағы
6
Əйел, 42 жаста, жалпы тəжірбиелік дəрігерге ентігуге, ұстама тəрізді жөтелге,
тұншығу ұсатамаларына шағымданады. Симптомдар аптасына 1 реттен кем, айына
1 реттен көп мазалайды. Өршулер физикалық белсенділікті жəне ұйқыны бұзады.
Түнгі симптомдар айына 2 реттен көп. ОФВ1 немесе ПСВ≥ 80% қалыптыдан, ПСВ
көрсеткішінің айырмашылығы 20%-30%. Қандай зерттеу əдісі дəрігерге себептік-
негізгі факторларды анықтауға көмектеседі?
Спирометрия
Пикфлоуметрия
Аллергиялық жағдайды бағалау
Бронхолитикпен ингаляциялық сынама
Эозинофилияға қан анализі
7
32 жастағы науқас қабылдауға кеудесінде дискомфортқа, таңертең пайда болатын
жүректің мезгілдік шалыс соғуына шағымданып келді. Жалпы тəжірбиелік дəрігер
науқаста вазоспастикалық стенокардияға күмəнданады. Диагнозды қандай
инструменттік зерттеу əдісі дəлелдейді?
Тəуліктік ЭКГ мониторлау
Тыныштықтағы Электрокардиограмма
Тынышықтықтағы эхокардиография
кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы
жүректің магниттік-резонансты томографиясы
8
Науқас Б., 63 жаста, ұзақ уақыт бойы диабетикалық нефропатиямен асқынған қант
диабеті бойынша диспанесерлік тізімде тұр. Қандағы қанттың бақылаулы
мөлшеріне қарамастан, тексеру кезінде артериялық қысымның 180/100 мм.с.б.б.
Дейін жоғарлауы анықталды. Антигипертензивті препараттардың қай тобы
науқаста таңдау препараты болып табылады?
тиазидті диуретиктер
селективті бета-блокаторлар
кальций каналдарының блокаторлары
селективті емес бета-блокаторлар
ААФ ингибиторлары
9
Осы препараттардың тобы ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлы
синдромда тек ауырсыну синдромының болуы мен САҚ>90 мм.с.б.б. Болғанда
тағайындалады. Тамырішілк енгізу басқа формаларына қарағанда ангинозды
ауырсынуды басу жəне ST сегментінің депрессиясының регрессиясында тиімдірек.
Препараттың мөлшерін АҚ қатаң бақылауымен, стенокардия ұстамасы
жойылғанша, ал артериялық гипертензиясы, жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда-
АҚ қалыпқа келгенше немесе жағымсыз əсерлері пайда болғанша жоғарлатуға
болады. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай перапарттар тобы
жайлы айтылып тұр?
β-блокаторлар
Нитраттар
наркотикалық анальгетиктер
кальций каналдарының блокаторлары
ААФ ингибиторлары
10
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 37 жастағы науқас келіп отыр. Науқас
жедел ревматикалық қызбаны басынан өткерген. Қосымша зертханалық-
инстурментальды əдістері инфекциядан 1 ай өткеннен кейін формуланың солға
ығысуымен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, СРА пайда болуы, сиал қышқылы,
фибриноген, α2 и γ-глобулиндер мөлшерінің жоғарлауы, антистрептокиназа
>1:300, антистрептолизин >1:450 анықталды. Эхокардиографиялық зерттеуде
қақпақша хордалары мен жармаларынан ЭХО-дабылдың қалыңдауы мен
"жалбырлығы" , қақпақшаның артқы жармасының қозғалғыштығының шектелуі
анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
диффузды миокардит
жүректің созылмалы ревматикалық аурулары
гипертрофиялық кардиомиопатия
инфекциялық эндокардит
экссудативті перикардит
11
Жалпы тəжірбиелік дəрігер қабылдауында 44 жастағы М науқас жүрегіндегі
кезеңдік шаншып ауырсынуларға, жүрек қағысына, жүрек аймағында "тоқтап қалу
мен шалыс соғу" сезіміне шағымданып отыр. 2 дəрежелі артериялық гипертензия,
қауіп 3 диагнозымен диспансерлік тізімде тұр, базисті емді тұрақсыз қабылдайды.
Жүрек-тамыр жүйесін тексергенде перкуторлы шекаралары солға ығысқан,
аускультативті- үндері тұйықталған, ырғағы дұырс емес, ЖЖЖ 78-90 соққы/мин.
Науқастың ЭКГ-на қарай отырып, сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
жүрекшелер фибрилляциясы
жүрекшелер тыпыры
жиі жүрекшелік эктопия
жүрекшелік тахикардия
синустық аритмия
12
Осы препараттар тобын кері көрсеткіштер болмаса ишемия симптомдары бар
науқастарға ерте тағайындау ұсынылған. Дəрілік заттар айналымдағы
катехоламиндердің миокардиальды əсерлерін конкурентті ингибирлейді жəне
ЖЖЖ, АҚ жəне миокард жиырылғыштығын төмендету есебінен миокардпен
оттегі қолдануын төмендетеді (дəлелділік деңгейі ІВ). Егер миокардтың
жиырылғышы белгілі емес науқастарға ерте тағайындаудан бас тарту керек.
Сонымен қатар коронарлы спазммен немесе кокаин қабылдаумен байланысты
симптомдары бар науқастарға тағайындамаған жөн, өйткені олар β-жанама
вазодилатацияға қарама-қарсы α-жанама вазоконстрикцияға ықпал ететін спазмға
ықпал көрсетуі мүмкін. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай
препараттар тобы жайлы айтылып отыр?
β-блокаторлар
Нитраттар
наркотикалық анальгетиктер
кальций каналдарының блокаторлары
ААФ ингибиторлары
13
Жалпы тəжірбиелік дəрігер қай жағдайда науқасты ЭКГ-ға жолдайды жəне
скринингтік қараудың нəтижелері бойынша қажет болса кардиологтың кеңесіне
жібереді?
Кетле индексі 25-тен жоғары болса
бел айналымы ерлерде 94 см, əйелдерде 80 см-ден асса
анамнезінде алкагольді шектен тыс қабылдауы анықталса
жүрек-қантамыр ауруларының екі немес одан да көп қауіп факторлары болса
шылымқор индексі жоғары болса
14
Осы препараттар тобы өңештің төменгі сфинктерінің тонусын жоғарлатады, ,
асқазанның босауын стимуляциялайды, ас қорыту жүйесінің жұмыс үйлесімділігін
жақсартады. Олар антисекреторлы препараттармен комплекстік ем құрамында
тиімдірек. Препараттардың жаңа классын қолданған жөн, өйткені өз тобына сай
жанама əсерлері жоқ (оның гематоэнцефалдық барьерден өту қабілетінің төмендігі
экстарпирамидалық бұзылыстардың, гиперпролактинемия қауіпін төмендетеді,
сонымен қатар цитохром-Р ферменттерімен байланыспағандықтан комплекстік ем
кезінде дəрілік əрекеттесуден құтылуға мүмкіндік береді.
Гастроэзофагальдырефлюкстік ауру мен ойық-жара ауруын емдеуде қолданатын,
сонымен қоса амбулаторлық тəжірбиеде кең қолданылатын қандай препараттар
тобы жайлы айтылып отыр?
прокинетиктер
протонды помпа ингибиторлары
антацидтер
висмут препараттары
алгинаттар
15
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 25 жастағы науқас жүрегінің айну,
ауызында жағымсыз дəм, омыртқаға таралатын төстің астындағы ауырсыну
сезіміне шағымданып келіп отыр. Ауырсыну түнгі уақытты мазалайды, сондықтан
науқас түнде тұрып, 1 стақан салқын сүт ішеді. Объективті: пальпацияда оң
эпигастральды аймақта ауырсыну, Мендель симптомы оң мəнді. Сіздің болжамды
диагнозыңыз қандай?
Асқазанның кардиальды/субкардиальды бөлігінің ойық жара ауруы
асқазан денесінің ойық жара ауруы
12-елі ішектің ойық жара ауруы
жедел холецистит
жедел гастрит
16
Ер адам А., 39 жаста, əлсіздікке, басының ауырсынуына, жүрек тұсында,
бұлшықеттерінде ауырсыну сезіміне, аяқтарында, қолында жəне бетінде ісінуге,
кейде ішінің өтуіне шағымданып келді. Анамнезінен соңғы жарты жылда 8 кг
арықтағаны, кезеңдік өршуімен жамбас сүйегініңсозылмалы остеомиелиті бар
екені белгілі болды. Науқастың қолында құрсақ қуысы мүшелерінің жəне
бүйректің УДЗ қорытындылары- үлкейген, тығыздалған бүйрек анықталады (үлкен
майлы бүйрек). Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
Біріншілік амиолоидоз, белгісіз себептерден дамыған
Біріншілік амилоидоз, көптеген миеломамен байланысты
Екіншілік амилоидоз, жүйелік аурулармен байланысты
Екіншілік амилоидоз, созылмалы инфекциямен байланысты
Екіншілік амилоидоз, онкологиямен байланысты
17
Антигипертензивті препараттардың қай тобы созылмалы бүйрек ауруы бар
науқастарда кардио-васкулярлы жағдайлардың алдын алу үшін тағайындалады?
тиазидті диуретиктер
селективті бета-блокаторлар
кальций каналдарының блокаторлары
селективті емес бета-блокаторлар
ААФ ингибиторлары
18
Ер адам, 29 жаста, аяқ буындарының ауырсынуына, субфебрильді температураға,
тəбетінің болмауына, соңғы 1 айдыі ішінде 4 кг арықтауына, жалпы əлсіздікке
шағымданады. Анамнезі ерекшеліксіз, екі ай бұрын цистике байланысты емделген.
Қарау кезінде- тізе, оң жамбас-сан жəне балтыр-табан буындарының
симметриялық емес артриті. Қан анализінде- шамалы лейкоцитоз, аздаған анемия,
зəр анализінде аздаған протеинурия, зəр шөгіндісі ерекшеліксіз. Сіздің болжамды
диагнозыңыз қандай?
реактивті артрит
ревматикалық артрит
жүйелік васкулит
жүйелі қызыл жегі
Шенлейн-Генох пурпурасы
19
Ер адам, 47 жаста, ұзақ уақыт бойы ревматологтың диспенсерлік тізімінде тұр.
Буындарының ауырсынуы мен ісінуіне, көбіне білезік буыны, осы буында
қозғалыстың шектелуі, жалпы əлсіздікке шағымданады. Қарау кезінде:
симметриялық полиартрит, бір уақыттта бір саусақтың 2-3 буыны зақымдалған,
осы буындарда тырнақтарының көлденең иректелуі. Сіздің болжамды
диагнозыңыз қандай?
ревматоидты артрит
псориаздық артрит
деформирлеуші остеоартроз
түйіндік периартериит
подагралық артрит
20
Емханадағы жалпы тəжірбиелік дəрігерге 55 жастағы науқас Д келді. Сұрау
кезінде мына шағымдарды айтады: тізе, табанның І табан сүйек-бақайшақтар,
білезіктің дистальды фалангаралық буындарында ауырсыну, тізе буынының кеəде
ісінуі. Науқастың айтуы бойынша көп жылдар бойы ауырады. Қарау кезінде
жоғары тамақтанатын науқас екені анықталды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТЖ
минутына 19 рет. Жүрек үндері дыбыссыз. ЖЖЖ 86 соққы/мин. Оң қолындағы АҚ
170/100 мм.с.б.б. Сол қолындағы АҚ 160/100 мм.с.б.б. Бауыры
пальпацияланбайды. Status localis:тізе буыны үлкейген, қозғалыста "дөрекі
сықыр". Сан бұлшықеттерінің аздаған атрофиясы. Тырнақ фалангаларында
"Геберден түйіндері" бар. Жалпы қан анализінде- Нв- 120 г/л, эритроциттер- 4
х1012; лейкоциттер- 5,4 х 109; СОЭ- 23 мм/сағ; СРБ - оң. Рентгенологиялық:
субхондральды остеосклероз, буындық саңылау тарылған. Болжамды диагноз
қандай?
остеоартроз
ревматоидты артрит
ревматизм
жүйелі қызыл жегі
подагра
21
Бала 9 жаста. 2 жастан бастап "обструктивті брохит" диагнозы қойылғаннан бастап
ауырады. Кейін бұл ауру 2-4 айда бір рет кезеңділікпен қайталанып отырды. 2
жастан бастап тұншығу ұстамасы байқалады. Соңғы 2 жылда ұстамалар жиілеген
(аптасына бірнеше рет). Бала үйде оқытылады. Сыртқы тыныс қызметін тексеру:
бронхиальды өткізгіштіктің обструктивті тип бойынша тұрақты бұзылысы. ПСВ-
50%, вентолинмен сынама əрдайым оң мəнді. Бронхиальды өткізгіштіктің тəуліктік
өзгерісі 30%. Диагноз құрастырыңыз:
интермитирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дəреже
интермитирлеуші бронх демікпесі, орташа ауырлық дəрежесі
персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дəреже
персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дəреже
персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дəреже
22
Отбасылық-дəрігерлік амбулаторияға 5,5 айлық бала келді. Күнтізбе бойынша екпе
алған. Бірақ баланы объективті тексеруде БЦЖ-дан кейін тыртық қалмаған. ЖТД
балаға қайтадан екпе жасайды ма жəне неге?
Екпе жасауға болмайды, өйткені қайталамалы екпе туберкулез ауруына əкелуі
мүмкін
Екпе жасауға болмайды, өйткені қайталамалы екпе аллергиялық реакцияға əкелуі
мүмкін
6 айға дейін екпе жасауға болады, бірақ арнайы Манту сынамасынан кейін, өйткені
қайталамалы екпе туберкулез ауруына əкелмейді
Екпе жасауға болады, бірақ 9 айда арнайы Манту сынамасынан кейін, өйткені
қайталамалы екпе туберкулез ауруына əкелмейді
Екпе жасауға болады, бірақ 1 жаста арнайы Манту сынамасынан кейін,
қайталамалы екпе туберкулезө ауруына əкелмейді
23
Жалпы тəжірбиелік дəрігерді 1 жастағы гипертермиямен балаға шақырды. Жедел
ауырды, ЖРВИ-мен ауыратын ағасымен байланыстан кейін. Бала мазасыз, қолы
мен аяқтары суыз, денесі ыстық. Бір апта бұрын екпе күнтізбесіне сай екпе
жасалған. Қарау кезінде баланың температурасы 38,9 С. Диагнозды жəне
парацетамолдыі бір реттік мөлшерлемесін анықтаңыз:
"Алқызыл" гипертермия, парацетамол мөлшері: 10мг-20мг
"Алқызыл" гипертермия, парацетамол мөлшері: 20мг-50мг
"Ақ" гипертермия, парацетамол мөлшері: 50мг-100мг
"Ақ" гипертермия, парацетамол мөлшері: 100мг-150мг
"Ақ" гипертермия, парацетамол мөлшері: 150мг-200мг
24
6,5 айлық балада психомоторлы дамудың артта қалуы. Ата-анасы екі ағайынды
ағасы мен қарындас. Олардың шашы қара, көзі көгілдір, терісі ақ. Қыз бала сирек
былдырлайды, отырмайды, еңбектемейді, тістері жоқ. Аллергодерматоз белгілері
анық. Рахимт белгілерінің болмауына қарамастан бала тез терлейді. Тері арнайы
"тышқан" иісті. Анасының айтуы бойынша балада туылғаннан бастап іш қатуға
бейімділік. Анамнезінде 2 рет тырысу синдромымен ЖРВИ. Феллинг сынамасы оң
мəнді. Сіздің диагнозыңыз:
Фенилкетонурия, атипті түрі, жеңіл дəрежесі
Фенилкетонурия, типті түрі, жеңіл дəрежесі
Фенилкетонурия, типті түрі, орташа дəрежесі
Фенилкетонурия, атипті түрі, орташа дəрежесі
Фенилкетонурия, типті түрі, ауыр дəрежесі
25
Дəрігердің қабылдауына 5 жастағы қыз бала келді. Анасының айтуынша,
қайталамалы немесе өнімсіз жөтел, түнгі уақытта күшейеді немесе дистанциялық
сырылдармен жəне тыныс алудың қиындауымен жүреді. Жөтел физикалық
жүктемеде, күлкіде, жылағанда немесе темекі түтінімен байланысқанда қазіргі
уақытта респираторлы инфекция болмаса да пайда болады. Дəрігер науқаста бронх
демікпесіне күмəн тудырды. Осы жастағы науқастарда бронх демікпесін
диагностикалаудың негізгі шарттары қандай?
аллергиялық аурулары бойынша қолайсыз анамнез
тағамдық аллергияның жоғары жиілігі, медикаменттер, айқын терілік реакциялар
ЖРВИ аясында обстурктивті синдромның ерте басталуы
Соңғы жыл бойы персистирлеу
бронхолитикалық емнің тиімділігі
26
Жалпы тəжірбиелік дəрігерді 2 күн бойы ауырып жатқан 7 жастағы балаға
шақырды. Температура 38,5С. Дененің барлық бөлімдерінде гиперемия, анық ұсақ
нүктелі бөртпе. Мұрын-ерін үшбұрышы бозарған. Аңқасында ашық гиперемия,
бадамшалараында ақшыл-сарғыш шөгінді. Тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек
үндері тұйықталған. Ақ дермографизм. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
Қызылша
Қызамық
Аллергиялық бөртпе
Псевдотуберкулез
Стафилодермия
27
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауында 8 жастағы қыз бала отыр,
балабақшаға барады. Анасының айтуы бойынша көбіне түнгі уақытта болатын
перианальды қышынуға, ұйқысының бұзылуына, басыныңы ауырсынуына,
қозғыштыққа, тəбетінің болмауына, ішінің ауырсынуына, соңғы 3-4 күн бойы
шырыш аралас сұйық нəжіске, жыныс мүшелерінің аймағында қышу, ашу сезіміне,
зəр шығарудың жиілеуіне шағымданады. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
Тениоз
Энтеробиоз
Трихинеллез
Аскаридоз
Описторхоз
28
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 8 жастағы ұл бала келді. Шағымдары
жоқ. Алдын алулық рентгенографиядан кейін жолданған. Рентгенограммада
өкпеде пневмонпиялық ошақ жəне лимфангоит, регионарлы кеудеішілік лимфа
түйіндерінің зақымдалуы. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезы
Өкпенің ошақты туберкулезы
Казеозды пневмония
Біріншілік туберкулездік комплекс
Өкпе туберкуломасы
29
Бейінді мамандар мен лабораторлы-диагностикалық əдістердің қорытындысын
есепке ала отырып, педиатрдың, жасөспірімдер дəрігерінің, жалпы тəжірбиелік
дəрігерлердің скринигтік тексеруінен кейін балалардың денсаулық жағдайын "дені
сау топты" анықтаумен комплексті бағалау жүргізілдуде. Денсаулықтың үшінші
тобына қандай балалар тобы жатады?
қызметтік жəне кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қоса жедел жəне
созылмалы ауруларға қарсы тұруы төмендеген, қауіп факторлары бар дені сау
балалар
дені сау балалар
компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік
мүмкінділіктері сақталған балалар
субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік
мүмкіндіктері төмендеген балалар
компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік
мүмкінділіктері сақталған балалар
30
2,5 айлық бала. Ентігумен жүретін кезеңдік ысқырықты тыныс эпиходтары
мазалайды. Емшек емеді, жиі құсады. Гипертензиялық синдром бойынша
неврологтың тізімінде тұр. Баладағаы респираторлы аурулардың себебі қандай?
Тыныс алу жүйесінің дамымағандығы
Бронхтардың туа пайда болған даму ақауы
Гастроэзофагальды рефлюкс
Бронх-өкпелік дисплазия
Тыныс алудың орталықтан басқарылуының дамымағандығы
31
9 жастағы ұл бала 4 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Ауруы өте ауыр,
кетоацидоз бойынша бірнеше рет ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған.
Пролонгирленген əсерлі инсулин (тəулігіне 2 инъекция) алады. Қан мен зəрдегі
глюкоза мөлшерін систематикалық бағалау жоқ. Кешкі уақытта бала агрессивті
болған, тамақ ішуден бас тартқан. Түнде қорқыныш, мазасыздық сезімімен оянған.
Қолының треморы, жақтарының тризмі, қарқынды тер бөлу байқалған. Осы
жағдайдың дамуына қандай себеп əкелді?
Гипогликемиялық жағдай
Кетоацидоз
Диабетикалық энцефалопатия
Лактатацидоз
Диабетикалық нефропатия
32
7 жастағы баланы алдын ала тексеруде шағымданбайды. Мұғалімдердің айтуы
бойынша қыз бала баяу, қанағаттанарлықсыз оқиды. Обьективті қарау кезінде-
дене бітімі диспропорциональды- қолы мен аяқтары қысқа, қысқа саусақтармен
жалпақ алақан, қысқа кең мойын, жалпақ кең кеңсірік, макроглоссия. Шаштары
құрғақ, көмескі, терісі өте құрғақ, ұстағанда суық. Қалқанша безі
пальпацияланбайды. Пульс 62 соққы/мин, АҚ 90/50 ммс.б.б. Іші үрілген, кіндік
сақинасы кеңейген, туылғанна бастап-іш қатулар. Ең бірінші ажыратплы
диагнозды мына аурумен жүргізу керек:
Шерешевский-Тернер синдромы
Марфан синдромы
Патау синдромы
Даун синдромы
Клайнфельтер синдромы
33
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 11 жастағы қыз бала келді. Дəрігерге
келмес 1 ай бұрын баспамен ауырған. Соңғы уақытта шаршағыш, үлгерімі
нашралаған, тітіркенгіштік, жылағыштық пайда болған, мимикалық
бұлшықеттердің тартылуы, жүрісінің тұрақсыздығы, жазуының өзгері байқалады.
Объективті: жүрек шекараларының кеңеюі,тахикардия, жүрек ұшында систолалық
шу, бұлшықет тонусының жəне сіңірлік рефлестердің төмендеуі, координациялық
сынамалардың бұзылысы. Сіздің диагнозыңыз:
жедел ревматикалық қызба, кардит
жедел ревматикалық қызба, кіші хорея
жедел ревматикалық қызба, кардит, артрит
жедел ревматикалық қыба, кардит, кіші хорея
жедел ревматикалық қызба, артрит, кіші хорея
34
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 8 жастағы қыз келді. Анамнезінде
ойық жаралы-некротикалық баспа, күбіртке түріндегі жиі инфекциялық асқынулар.
Соңғы аптада жедел іріңді отитке байланысты парентеральды антибиотиктермен
ем қабылдаған. Постиньекцилық абсцесстің дамуына байланысты дəрігердің
қабылдауына келген. Объективті: тамақтану төмендеген. Тері жамылғылары мен
көрінеті шырышты қабаттарының бозаруы. Тырнақ дистрофиясының болуы,
əсіресе аяқ тырнақтарында айқын. Қан анализінде тромбоциттер 100х109/л,
гемоглобин 80 г/л. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
ауыр дəрежелі темір жеткіліксіз анемия
апластикалық анемия
тромбоцитопениялық пурпура
ювенильді жүйелі қызыл жегі
жедел ревматикалық қызба
35
Дəрігердің қабылдауына 12 жастағы ер бала жедел миокардитке күдікпен келді.
Амбулаторлы жағдайда қандай зерттеу əдісі диагнозды дəлелдеуге көмектеседі?
қанның биохимиялық анализі
Эхокардиография.
Велоэргометрия.
ЭКГ жəне АҚ тəуліктік мониторлау
Тропониндік сынама
36
Жалпы тəжірбиелік дəрігер жаңа туылған сəбиді үйінде тексеруде. Дəрігер баланы
ішімен жатқызды, осы кезде баланың басы рефлекторлы бұрылады. Бұл рефлекс
өмірінің бірінші күнінен бастап айқындалған. Бұл рефлекс қалай аталады?
қорғаныш рефлексі
еңбектеу рефлексі
іздемелі рефлекс
тұмсықтық рефлекс
қармау рефлексі
37
Дəрігердің қабылдауына 2 жастағы баласы мен анасы келді, қызбаның үдеуіне
жəне 2 күн бойы тəбетінің болмауына шағымданып келді. Жөтелмейді, бірақ ата-
анасы қиындаған тыныс алуда байқаған. Өмір анамнезі ерекшеліксіз. Екпелері
мерзімінде жасалған. Қарау кезінде стридор жəне ысқырықты тыныс анықталған.
Сіздің болжамды диагнозыңыз:
вирусты текті жалған круп
жұтқыншақартылық абсцесс
көмей үстінің қабынуы
перитонзиллярлы абсцесс
дифтерия, шынайы круп
38
Жалпы тəжірбиелік дəрігерді 2 жастағы баланың үйіне шақырды. Қарау кезінде
аузының, ұртының шырышты қабаты гипермияланған жəне қайды, 15-17
көпіршікті бөртпелер жəне кірлі-сұр жабындылар бар, пальпацияда үлғайған жəне
ауырсынатын лимфа түйіндер, дене темпераутарсы 39С. Анасында herpes labialis
анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
ауыз-жұтқыншақ дифтериясы
афтозды стоматит
қызылша
герпестік стоматит
желшешек
39
Педиатр дəрігер, жасөспірімдік дəрігер, жалпы тəжірбиелік дəрігерлер профильді
мамандар мен зертханалық-диагностикалық зерттеулердің қорытындысын есепке
ала отырып балаларды скринингтік тексеру аяқталғанда "дені сау" балалардың
жағдайын комлекстік бақылау жүргізіледі. Балалардың қай тобы денсаулықтың
төртінші тобына жатады?
қызметтік жəне кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қоса жедел жəне
созылмалы ауруларға қарсы тұруы төмендеген, қауіп факторлары бар дені сау
балалар
дені сау балалар
компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік
мүмкінділіктері сақталған балалар
субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік
мүмкіндіктері төмендеген балалар
компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік
мүмкінділіктері сақталған балалар
40
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 7 жастағы бала ата-анасымен келді.
Мектепке барғаннан бастап бас ауру, əлсіздік, тамақ қабылдаумен байланыссыз
эпигастрийда орналасқан ішінің ауырсынуының пайда болуына шағымданады.
Жоғарыда айтылған шағымдар 6 ай бойы мазалайды. Жалпы тəжірбиелік дəрігер
амбулаторлы жағдайда қандай зерттеу əдісін ұсыну керек?
асқазан рентгенографиясы
дуоденальды зондтау
Фиброгастродуоденоскопия
асқазанның РН-метриясы
Электрогастрография
41
Науқас 32 жаста, сол қолтық ойысында ауырсынатын ісік тəрізді түзіліске
шағымданады. Жалпы əлсіздік, дімкəстік пайда болды. Дене температурасы
жоғарлады. Қарау кезінде сол қолтықасты ойысында орталығында іріңді фокусы
бар, өлшемі 3х3см, тіндердің қабыннулық инфильтрациясы анықталды. Науқасты
амбулаторлы жағдайда жүргізу əрекеті?
стероидты қабынуға қарсы препараттарды тағайындау көрсетілген
антибиотиктер қосындысын тағайындау көрсетілген
физиотерапиялық ем тағайындау көрсетілген
іріңді ашу жəне антибактериялық ем жүргізу көрсетілген
инфильтрацияның өздігінен ашылуын күту, кейін санациялау
42
Емханада кезекте отырған 35 жастағы ер кісі ішіндегі қатты ауырсынуды сезген,
кенет əлсіздік, суық тер жəне аузының құрғауы пайда болған. Диспансерлік
бақылауда "он екі елі ішектің ойық жарасы" диагнозымен диспансерлік бақылауда
тұр, мезгілдік асқынуға байланысты жалпы тəжірбиелік дəрігерге келген.
Объективті қарауға дейін науқаста қандай асқыну дамығанын болжауға болады?
ойық жара перфорациясы
12 елі ішек жуашығының тыртықтық деформациясы
ойық жарадан қан кету
ойық жара малгинизациясы
екіншілік қантты диабет
43
46 жастағы еркек емханаға оң жақ бел аймағындағы ұстама тəрізді ауырсынуларға,
ауырсынудың мықын аймағына таралуына, жүрек айнуға, құсуға, жиі зəр шығару
сезіміне,, дене температурасының жоғарлауына шағымданып келді. 5 сағат бұрын
жедел ауырған, сыра ішуімен байланыстырады. Қарау кезінде: пальпацияда іштің
оң жиегінде, бел аймағында жəне қасаға үстінде ауырсыну. Соққылау симптомы
екі жақта да əлсіз оң. Қан анализінде: лейкоциттер 10,6х109, зəр анализінде:
лейкоциттер 7-9, эритроциттер 10-15 к/а. Қанның амилазасы 78 ммоль/л. Сіздің
болжамды диагнозыңыз:
жедел аппендицит
жедел панкреатит
бүйрек шаншуы
он екі елі ішектің тесілген жарасы
жедел холецистит
44
Науқас П., 27 жаста, жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына оң білектің
ауырсынуына, ісінуіне, осы аймақтағы гиперемияға, жалпы əлсіздікке, дімкəстікке,
дене температурасының 38 дейін жоғарлауына шағымданады. Осыған 4 күн бұрын
оң білектің сыртқы жиегіне сырылған жарақат алған. Оң білектің сыртқы жағын
қарау кезінде ісінумен тығыз қабынулық инфильтрат, гиперемия, гипертермия
анықталды. Инфильтраттың пальпациясы айқын ауырсынумен. Флюктуация
симптомы оң. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
оң білек сүйегінің жабық сынығы
оң білек сүйегінің ашық сынығы
кəрі жілік буынының таюы
шынтақ буынының таюы
оң білектің флегмонасы
45
Ер адам С., 65 жаста, обтурациялық ішек өтімсіздігіне байланысты операция
жасалған. Ауруханадан шыққаннан кейін ентігу, төс арытнда ауырсыну, қан
қақыру пайда болған. Қарау кезінде: тыныс өкпенің барлық бөлімдеріне
анықталады, сырылдар жоқ. Пульс 100 соққы/мин, АҚ 115/75 мм.с.б.б. Жүрек
үндері тұйықталған, өкпе аретриясында ІІ үннің акценті. Пальпацияда іші жұмсақ,
ауырсынбайды. Бауыры ұлғаймаған. Кеуде келткасының рентгенографиясында
патологиялық өзгерістер анықталған жоқ, ЭКГ-да Гисс шоғырының оң
аяқшасының жедел бөгемесі анықталды. Науқаста операциядан кейінгі кезеңде
қандай асқыну дамыды?
өкпе туберкулезы
жедел коронарлы синдром
жедел нозокомиальды пневмония
операциядан кейінгі іркілісті пневмония
өкпе аретриясы тармақтарының тромбоэмболиясы
46
Науқас кенеттен пайда болған етігуге жəне оң жақ кеуде келткасының
ауырсынуына шағымданып келді. Рентгенограммада оң жақ өкпе суреті ден сау
жаққа қарағанда ақшылдау. Дəрігер қандай патология жайлы ойлау керек?
өкпенің кавернозды туберкулезы
оң жақтық спонтанды пневмоторакс
оң жақтық экссудативті плеврит
оң жақтық пневмония
өкпе аретриясы тармақтарының тромбоэмболиясы
47
Амбулаторлы қабылдауға ішінің оң жарытысының ауырсынуына, ауырсынудың
вертикальды қалыпта, жұмыстан кейін күшеюіне шағымданып науқас келді.
Жағдайының нашарлауын соңғы жарты жылда байқаған. Қарау кезінде: іштің оң
жартысында пальпацияда жылжитын, аздап ауырсынатын, қозғалмалы түзіліс
анықталды. Төменгі жиегі мықын сүйектің қырына дейін жетеді. Сіздің болжамды
диагнозыңыз:
созылмалы гепатит
созылмалы холецистит
оң жақтық нефроптоз
оң жақ аналық без кистасы
аппендикулярлы инфильтрат
48
50 жастағы ер адамда жөтелген кезде ішінің барлық бөлімінің ауырсынуы пайда
болды. 10 жыл бойы мазалап келе жатқан оң жақ мықын аймағындағы томпаю
кернеуленді жəне ауырсынды. Бір реттік құсу жəне мол емес нəжіс болды, одан
кейін газдар мен нəжістің шығуы тоқтады. 2 сағаттан кейін науқастың ішінде
ұстама тəрізді ауырсыну пайда болды, құсу қайталанды. Сіздің болжамды
диагнозыңыз:
жедел панкреатит
шап лимфадениті
жедел аппендицит
қысылған шап жарығы
жедел энтероколит
49
Емхананың амбулаторлық хирургия бөлімшесіне 37 жастағы науқас оң санның
ортаңғы үштігінің латеральды беткейінің жаншылған-тілінген жарақатынан кейін 1
сағаттан кейін келді. Науқасқа қандай шара жүргізу керек?
асептикалық байлам салу
антибиотиктерді тамырішілік енгізу
жараны левомикольмен өңдеу
жараға протеолитикалық ферменттер енгізу
тігіс салу
50
Санның алдыңғы беткейінде жергілікті өзгерістер: домалақ пішінді қызару,
ауырсыну, гипертермия, флюктуация жəне қозғалыстың шектелуі. Науқаста қандай
ауру?
гематоманың іріңдеуі
флегмона
абсцесс
тері ісігі
тілме
51
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің (ЖТД) қабылдауына жүктілік мерзімі 17-18 апталық
26 жастағы науқас келді. Шағымдары жоқ, объективті көрінетін патологиясыз. АҚ
125/75 мм.с.б.б., пульс 84 соққы/мин. Жалпы зəр анализінде-ақуыз жоқ, тұнбасы-
ерекшеліксіз.Зəрдің ортаңғы порциясында>105 1 мл бакетриялар колониясы.
Сіздің таңдау препаратыңыз:
Гентамицин.
Фитолизин.
Метилдопа.
Ампициллин.
Платифиллин.
52
Науқас 26 жаста, жүктілік мерзімі 22-23 апта, жалпы тəжірбиелік дəрігерге
басының ауруына, жүрек айнуға, құсуға, оң қабырғаастындағы ауырсынуға жəне
зəр шығарудың төмендеуіне шағымданып келді. Объективті қарауда аяқтары
ісінген, АҚ 150/90 мм.с.б.б. Екі қолында да, пульсі 96 соққы/мин. Қандай қосымша
зерттеу əдісі диагнозды нақтылауы мүмкін?
тромбоциттерді санаумен қанның жалпы анализі
бір порциядағы ақуызды сандық анықтау жəне тəуліктің протеинурия
қанның биохимиялық анализі-трансаминазалар мен билирубинді анықтау
қанның биохимиялық анализі-креатининді анықтау
ұрықтың кардиотокографиясы
53
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына жүктілік мерзімі 16-17 апталық 27
жастағы науқас келді, басының ауырсынуына, əсіресе шүйде бөлімінің
ауырсынуына, бас айналуына, кейде жүрек айнуына шағымданады. Алғаш
шағымдары 3 күн бұрын пайда болған. Созылмалы аурулары жоқ. Физикальды
қарау кезінде есі анық, табандарының ісінуі, жүрек үндері тұйықталған, ырғақты.
АҚ 160/100 мм.с.б.б. ЖЖЖ90 соққы/мин. Қанның жалпы анализінде, биохимиялық
анализде (АСТ, АЛТ, билирубин, креатинин, тромбоциттер деңгейі) қалыпта.
Зəрде-протеинурия 0,1 г/л. Құрсақішілік ұрықтың жағдайы қанағаттанарлық.
Сіздің болжамды диагнозыңыз:
жеңіл дəрежелі преэклампсия
гестациялық гипертензия
созылмалы аретриялық гипертензия
жүктілердің симптомсыз бактериуриясы
гестациялық пиелонефрит
54
Науқас 26 жаста, жүктілік мерзімі 22-23 апта, жалпы тəжірбиелік дəрігерге
басының ауруына, жүрек айнуға, құсуға, оң қабырғаастындағы ауырсынуға жəне
зəр шығарудың төмендеуіне шағымданып келді. Объективті қарауда аяқтары
ісінген, АҚ 150/90 мм.с.б.б. Екі қолында да, пульсі 96 соққы/мин. Осы науқасқа
гипотензивті препаратты таңдаңыз:
Метилдопа.
Каптоприл.
Гипохлортиазид.
Платифиллин.
Бисопролол.
55
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің (ЖТД) қабылдауына жүктілік мерзімі 17-18 апталық
26 жастағы науқас келді. Шағымдары жоқ, объективті көрінетін патологиясыз. АҚ
125/75 мм.с.б.б., пульс 84 соққы/мин. Жалпы зəр анализінде-ақуыз жоқ, тұнбасы-
ерекшеліксіз.Зəрдің ортаңғы порциясында>105 1 мл бакетриялар колониясы.
Сіздің болжамды диагнозыңыз:
Жүктілік 17-18 апта. Физиологиялық жүктілік.
Жүктілік 17-18 апта. Созылмалы пиеонефрит.
Жүктілік 17-18 апта. Созылмалы гломерулонефрит.
Жүктілік 17-18 апта. Преэклампсия.
Жүктілік 17-18 апта. Симптомсыз бактериурия.
56
Жалпы тəжірбиелік дəрігерге 30 жастағы науқас сыртқы жыныс мүшелері мен
қынаптағы қышыну сезіміне, зəр шығаруда жəне жыныстық қатынас кезінде
қышынудың күшеюіне, мол қынаптық бөліністерге шағымданып келді.
Ауырғанына 3-4 күн болған, танымайтын жігітпен бір рет төсек қатынасы
болғанын айтты. Қынаптық жəне вульваның үстінен алынған бөліністі
бактериоскопиялық тексеруде ашытқы (С.albicans) жəне олардың мицелиі
анықталды. Сізің медикаментозды əрекетіңіз:
Бутоконазол (2% cream) 5 g-нан (1 аппликатор) интравагиналды 3 күн
Амфотерецин-В суппозиторилар: 50 мг күніне 1 рет 14 күн бойы
лактобактериялармен қынаптық суппозиторилар
нистатин суппозиторилар 100 000 Б күніне 1 рет, 3-6 ай
Метронидазоль гель 1% 5граммнан (1 апликатор) интравагиналды күніне 1 рет
түнгі уақытта, 10 күн бойы, кейін аптасына 2 рет 3-6 ай бойы
57
Емхананың жалпы тəжірбиелік дəрігеріне жүктілік мерзімі 8-9 апталық 25 жастағы
əйел келді, 2 жыл бұрын түйінді токсикалық жемсауға байланысты операция
болған. Операциядан кейін тироксин қабылдаған. Жалпы жағдайы
қанағаттанарлық, терісі құрғақ, боз, пульс 60 соққы/мин. Жүктіліктің қандай
асқынуы дамуы мүмкін?
жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, гестоз, ұрықтың құрсақішілік өлімі, анемия
жүктіліктің мерзімінен асуы, созылмалы аурулардың өршуі
жүктіліктің мерзімінен асуы, гестоз, ұрықтың құрсақішілік өлімі
жүктіліктің мерзімінен асуы, анемия
жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, созылмалы аурулардың өршуі
58
Емхананың жалпы тəжірбиелік дəрігеріне 6 апталық жүкті əйел келді. 2 жыл бойы
орташа ауыр дəрежелі диффузды токсикалық жемсауға байланысты
эндокринологтың бақылауында. Дийодтиронин қабылдайды. Жағдайы
қанағаттанарлық. Дəрігердің əрекеті?
жүктілікті үзу
дийодтиронинді қабылдауды тоқтату жəне жүктілікті ұзарту
дийодтиронинді қабылдауды жүктіліктің 16 аптасына дейін жалғастыру жəне
жүктілікті ұзарту
дийиодтиронинді қабылдауды жүктіліктің 37-38 аптасына дейін жалғастыру
дийиодтиронинді қабылдауды жүктіліктің 20-21 аптасына дейін жалғастыру
59
Бедеулік диагнозымен əйелге амбулаторлы жағдайда гистеросальпингография
жасалды. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы түтіктік бедеулікке жатады?
"Контурартылық" көлеңкелердің болуы-аденомиоздың белгісі (ішкі эндометриоз)
жатырдың шырышты қабатының қалыңдауы жəне бірегей еместігі-эндометрийдің
гиперплазиясы
жатыр қуысының деформациясы (миоматозды түйін немесе эндометрий полипі)
жатыр түтікшелерінің ампулалық бөліміндегі жатырдың өтімсіздігі
жатырдың даму ақауы (екі мүйізді жатыр, ер-тоқым тəрізді жатыр)
60
26 жастағы науқас жалпы тəжірбиелік дəрігерге 2 ай бойы етеккірінің болмауына
шағымданып келді. 20 жасынан бастап жүректік ревматикалық қауына байланысты
жалпы тəжірбиелік дəрігердің тізімінде тұр. Соңғы 6 айда жүрген кезде, аздаған
физикалық жүктемеде ентгіудің пайда болуы. Қазіргі жүктілігі бірінші, тексеру
нəтижесіне байланысты 6 аптаға сай. Ревматологтың қорытындысы: ревмокардит,
белменді фаза. Сол атриовентрикулярлы саңылаудың стенозының
басымдылығымен жүректік қосарланған ақауы. Митральды қақпақшаның
жеткіліксіздігі ІІ Б саты. Науқасты жүргізудің арғы əрекеті қандай болмақ?
терапиялық аурханаға жатқызу
босану үйіне жатқызу
жүктілікті үзуге жолдау
перинатальды орталыққа жолдау
республикалық ана мен бала орталығына жолдау
61
25 жастағы науқас басының үдемелі ауырсынуына жəне соңғы екі күнде дене
температурасының 37,5С дейін жоғарлауына шағымданып келді. Осы ауруға дейін
дені сау болған. Тексеру барысында: есі анық, орны мен уақыта ориентацияланған,
шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, екі жақтан да Керниг симптомы, басқа
неврологиялық симптомдар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция
жасалған. Жұлын-ми сұйықтығын тексеру кезінде лимфоциттер саны 150
жасушаға дейін өскен, ақуыз-0,65 г/л, глюкоза деңгейі қалыпты. Сіздің болжамды
диагнозыңыз:
менингококкты менингит
пневмококкты менингит
іріңді менингит
серозды менингит
туберкулезды менингит
62
Люмбальды пункциядан кейін ликвордың келесі нəтижесі алынды: мөлдірлігі
толық, түсі-түссіз, қысымы 370 мм.с.б.б., ақуыз 0,66 г/л, цитоз 1 мкл 500 жасуша
(95%-лимфоциттер, 5%-нейтрофилдер), глюкоза 0,75 г/л, хлоридтер 7,4 г/л.
Жоғарыда айтылған өзгерістер қай ауруға тəн?
менингококкты менингит
бас миының ісігі
туберкулезды менингит
серозды вирусты менингит
ишемиялық инсульт
63
Невропатологтың қабылдауына 62 жастағы науқас ұйқысының нашарлауына,
жылағыштыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, көңіл-күйінің болмауына
шағымданып келді. Ауырғанына 5 жыл болған. Жағдайының нашарлауы соңғы 2-3
айда əйелі қайтыс болғаннан кейін. Объективті: АҚ 130/80 ммс.б.б. Ойы мен
сөйлеуінің тұтқырлығы, екіншілік бөлшекке кептелу, жылағыштық. Оң қол
саусақтарының тиын санау түріндегі ырғақты стереотипті треморы, маск тəрізді
бет, сирек көз жұму, қуыршақ тəрізді жүру байқалады. Тістік дөңгелек типіндегі
оң аяқ-қолда бұлшықет тонусы жоғарлаған. Көз түбі-ангиопатия. ЭХОЭГ:
қалыпты. РЭГ-пульстік қан толымның ассиметриясы, ми тамырлары тонусының
жоғарлауы. Ликвор-120 су бағ қысыммен ағуда, түссіз, мөлдір, ақуыз 0,33 г/л,
цитоз 1 мкл 2 жасуша. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
Альцгеймер ауруы
компульсивті-обсессивті синдром
транзиторлы ишемиялық шабуыл
дисциркуляторлы энцефалопатия, паркинсондық синдром
жастық деменция
64
Емхананың отбасылық дəрігеріне 30 жастағы Т науқас келді. Анамнезінен 5 күн
бойы ортаңғы құлақтың қабынуымен ауырғаны белгілі болды. Осы науқаста бүгін
таңертең ауыз бұрышының түсуімен бетінің ассиметриясы, мұрын-ерін
қатпарының тегістелуі, ауыратын жақта көзінің жабылмауы пайда болды. Қандай
асқыну жайлы айту керек?
үшкіл нервтің парезі
əкетуші нервтің парезі
бет нервсінің парезі
көз қозғалтқыш нервтің парезі
трохлеарлы нервтің парезі
65
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 20 жастағы науқас келді, объективті
қарауда айқын экссудативті компонентпен катаральды өзгерістер, фарингит,
тонзиллит, ринит, конъюнктивит жəне лимфоаденопатиямен қосарланған. Сіздің
болжамды диагнозыңыз:
тұмау
аденовирусты инфекция
риновирусты инфекция
менингококкты ринофарингит
инфекциялық мононуклеоз
66
Жалпы тəжірбиелік дəрігерді үйге шақырған. 4 жастағы балада дене
температурасының 39С дейін жоғарлауымен вирусты инфекцияның белгілері. Ата-
анасының айтуы бойынша, дене температурасының жоғарлауының шыңында бала
кенет "созылған", қолдарының бұлшықеттері кернелген, кейін "шырмауық тəрізді
сабыраған", аузынан сілекей бөлінген, кейін ұйықтаған. Сіздің болжамды
диагнозыңыз:
эпилептикалық ұстама
нейролептикалық синдром
фебрильді тырысулар
бас-миішілік гипертензия
неврозға ұқсас синдром
67
Жалпы тəжірбиелік дəрігерді үйге шақырған. Кептірілген балық жегеннен кейін 25
жастағы еркекте 16 сағаттан кейін жүрек айну, құсу, əлсіздік, енжарлық, көз
алдында екі еселену болған. Объективті: бұлшықет тонусының төмендеуі,
анизокория, əлсіз жұтқыншақтық жəне сіңірлік рефлекстер. Сіздің болжамды
диагнозыңыз:
тағамдық токсикоинфекция
жедел энцефалит
ботулизм
сальманоллез
жедел менингит
68
Науқас Н., 40 жаста, тері зауытының жұмыскері. Дене температурасының
жоғарлауына, бас ауруына, оң білезіктегі ойық жараға шағымданып келді. Жедел
ауырған, 2 күн бұрын бас ауру, əлсіздік, дене температруасы 39С, оң білекте
қышитын дақ, кейін қара құрамды везикула пайда болған. Көпіршік қасыған кезде
ашылған, ойық жара пайда болған, қара қабықша пайда болған.Жағдайы орташа
ауыр. Т 38,9С. Пульсі 90 соққы/мин. АҚ 110/70 мм.с.б.б. Оң білектің айқын ісінуі,
сыртқы беткейінде ауырсынбайтын ойық жжара (3х4 см),қара струппен жабылған.
Ойық жараның айналасында қара құрамды көпіршіктер. Сіздің болжамды
диагнозыңыз:
сібір жарасы, карбункулезды форма
оба, терілі-бубонды форма
туляремия, ойық жаралы-бубонды форма
тілме, эритематозды-буллезды форма
тілме, буллезды-геморрагиялық форма
69
32 жастағы науқас жалпы тəжірбиелік дəрігерді үйіне шақырды. Ауырғанына бір
апта болған, əлсіздік, тəбетінің төмендеуі, дене температурасының аздап
жоғарлауы, терінің қышуы, оң қабырғаасстындағы тұйық ауырсынулар пайда
болған. Бүгін склераларының сарғыштығы, зəр түсінің өзгеруін байқаған.
Объективті жағдайы қанағаттанарлық. Терісі сарғайған. Бауыры 1,5-2 см, аздап
ауырсынады. Осы жағдайда цитолиздің зертханалық негізгі индикаторын атаңыз:
билирубиннің жоғарлауы
холестериннің жоғарлауы
липидтердің жоғарлауы
АЛТ жоғарлауы
сілтілі фосфатазаның жоғарлауы
70
Науқас К., 25 жаста, ауруының 3 күні тамағының ауырсынуы, бас ауру, жалпы
дімкəстік, дене температурасының 38,6 С дейін жоғарлауы пайда болған. Бір апта
бұрын өзенге шомылған. Жедел ауырған. Қарау кезінде аңқасында баспа тəрізді
өзгерістер, артқы мойын, қолтықасты жəне шап лимфа түйіндерінің, бауырдың,
көкбауырдың ұлғаюы, денесіндегі дақты-папулезды бөртпе. Гемограммада 56%
лимфоциттер, 13% моноциттер, атипті лимфомоноциттер анықталды. Сіздің
диагнозыңыз:
жедел бруцеллез
туляремия, баспалы-бубонды форма
аденовирусты инфекция, фаринготонзиллит
инфекциялық мононуклеоз, орташа ауыр дəреже
энтеровирусты инфекция, экзантема
71
туберкулездың фиброзды-кавернозды түрімен ауыратын 27 жастағы əйелде 10-11
апталық жүктілік анықталды. Осы жүктіні арық қарай жүргізу əрекетін таңдаңыз:
туберкулездың комплексті медикаментті терапиясы, хирургиялық ем, жүктілікті
жалғастыру
медициналық көрсеткіштерге байланысты аборт жасау
жүктіліктің мерзімі жеткенде босануды индукциялау
фтизиатрмен қоса əйелдер кеңесі дəрігерінің бақылауы
туберкулездің комплексті медикаментті терапиясы, жүктілікті жалғастыру
72
Қабылдауға 16 жастағы жасөспірім келді. Туберкулезды байланыс болмаған. 2
апта бойы қақырықты жөтелге, дене температурасының 37,6 С дейін жоғарлауы,
əлсіздікке шағымданады. Кеуде келткасы мүшелерінің шолулы
рентгенограммасында оң жақ бұғанаасты аймақта дұрыс емес пішінді, айқын
сыртқы контурлары жоқ, гомогенді емес қараю анықталады. Қақырықта ТМБ
абылған жоқ. Сіздің əрекетіңіз:
Фтизиатрға жолдау
Тиімсіз спецификалық емес емдеу жағдайында фтизиатрға жолдау.
Тиімді спецификалық емес емдеу жағдайында фтизиатрға жолдау.
Фтизиатрға жолдау керек емес
Туберкулезге қарсы ем тағайындау
73
Бала 6 жаста. Дене температурасының 37,6 С дейін жоғарлауы, шаршағыштық,
тəбетінің төмендеуі, шаршағыштық. Туберкулинді сынамалардың динамикасы: 1
жастан 4 жасқа дейін -теріс, 5 жас-9 мм, 6 жас-15 мм. Тері жамылғылары боз,
перифериялық 4 топ лимфа түйіндері 2-3 өлшемде пальпацияланады, тығыз-
эластикалы консистенциялы, балтырдың алдыңғы беткейінде көкшіл-қошқыл түсті
тығыздану анықталды, екі көзінің де шырышты қабаттары гиперемияланған.
Рентгенотомографиялы: өкпеде өзгерістер жоқ, түбірлері құрылымды, синустары
бос. ЖҚА: гемоглобин 110г\л, лейкоциттер 9,8*109/л, лимфоциттер 16%, ЭТЖ 21
мм\сағ. Диагноз қойыңыз:
біріншілік туберкулезды комплекс
кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезы
туберкулезды интоксикация
ошақты туберкулез
инфильтративті туберкулез
74
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қарауында 27 жастағы науқас құрғақ жөтелге, кеуде
клеткасындағы ауырсыну, қызба, соңғы 2 аптада ентігудің күшеюі пайда болды.
Физикальды зерттеуде зақымдалған жақтық тыныс экскурсиясының шектелуі,
қабырғааралықтардың тегістелуі жəне ісінуі, қиғаш Эллис-Дамуазо сызығынан
жоғары жерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Рентгенограммада-келесі
көрініс. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
экссудативті туберкулезды плеврит
өкпенің ошақты туберкулезы
казеозды пневмония
өкпенің инфильтративті туберкулезы
өкпе туберкулемасы
75
Жалпы тəжірбиелік дəрігерді 37 жастағы науқастың үйіне шақырды. Науқас дене
температурасының 37,3 С дейін жоғарлауына, түнгі терлеуге, тұрақты құрғақ
жөтелге, жалпы əлсіздікке, тəбетінің нашарлауына шағымданады. Науқастың
айтуы бойынша ауырғанына 2 ай болған. Объективті: температура 37,0С. Жалпы
жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, ылғалды. Кеуде клеткасының
перкуссиясында 2-3 қабырғааралықтарда перкуторлы дыбыстың тұйықталуы,
аускультацияда осы аймақтағы тыныс бронхтық реңкпен, бірен-саран құрғақ
сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖЖЖ 94соққы/мин. АҚ
120/80 мм.с.б.б. Нəжісі мен диурезы қалыпты. Сіздің болжамды клиникалық
диагнозыңыз:
өкпе туберкулезы
өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, бронхитикалық тип, орташа ауыр
дəреже, өршу фазасы
ауруханадан тыс ошақтық оң жақтық пневмония
оң жақтық нозокомиальды плевропневмония, орташа ауыр дəреже
өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, эмфизематозды ауру, орташа ауыр
дəреже, өршу фазасы
76
Жалпы тəжірбиелік дəрігер ата-аналарға БЦЖ екпесін қолдану мақсатын түсірдіру
керек:
туберкулезды белсенді спецификалық алдын алу үшін
туберкулезды ерте анықтау үшін
химиопрофилактикаға науқастарды анықтау үшін
туберкулездың белсенділігін анықтау үшін
балалар мен жасөспірімдер арасында инфицирлену көрсеткішін анықтау үшін
77
Төменде көрсетілген туберкулез кезінде алдын алатын шаралардың қайсысы
ауруханалық жағдайда жүргізіледі?
байланыста болғандар, туберкулезбен ауру бойынша жоғары қауіп топтары
арасында санитарлы-ағартушы жұмыстар
тексеру бөлмесінде бір науқастар артық адам болмау керек
бактерия бөлуші науқастардың тамақтануы мен дəрі қабылдауы бөлмеде
жүргізіледі
жөтеліп жүрген науқастар балалар, жүкті əйелдер, босанушылар арасында бір
кезекте болмау керек
науқастарды қабылдайтын бөлме жақсы желдетілетін болуы керек
78
Амбулаторлы тəжірбиеде балалар туберкулезын ерте анықтаудың негізгі əдісі:
рентгенологиялық
бактериоскопиялық
бронхоскопиялық
туберкулинодиагностика
бактериологиялық
79
Ер бала ата-анасымен бірге жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына келді.
Науқас 4 жаста, "ауыр дəрежелі ақыл есінің артта қалуы. Фенилкетонурия
(фенилпирожүзімді олигофрения)" диагнозымен тізімде тұр. Анамнезінен
психикалық дамымауышылықтың белгілері ерте жастан бастап көрінгені белгілі
болды. Балаға қандай емдəм тағайындау керек?
табиғи ақуызды шектеуші емдəм
табиғи ақуызға бай емдəм
майларды шектеумен емдəм
көмірсуларды шектеумен емдəм
тамақтың құрамына мəн бермеə жиі тамақтандыру
80
Қабылдауға 72 жастағы науқас туысқандарымен келді. Туысқандарының айтуы
бойынша, науқаста есте сақтаудың нашарлауы, əсіресе жаңа ақпаратты
қабылдаудың қиындығы байқалады. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы науқастың
өміріне кедергі келтіреді. Жақсы түсіндірілген немесе таныс материалды ғана есте
сақтай алады. Жаңа ақпарат қысқа уақытқа ғана сақталады. Науқас қайда
тұратынын, жақында не істегенін жəне оның туыстарының атын білмейді.
Объективті жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 150/10 мм.с.б.б. Пульс 80 соққы/мин.
Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. Табандарының ісінуі. Сіздің болжамды
диагнозыңыз:
Альцгеймер ауруы
Паркинсон ауруы
Гипертониялық энцефалопатия
Жастық деменция
Ми ісігі
81
Дəрігердің қабылдауына 20 жастағы науқас сол сүт безіндегі ісіктің пайда болуына
шағымданып келді. Ісікті 7 күн бұрын өзі анықтаған. Сол сүт безінің жоғары-
сыртқы квадрантында 2х2 см, тығыз, ауырсынбайтын ісік анықталды. Регионарлы
лимфа түйіндері үлғаймаған. Үрпіні басқанда бөлініс анықталмайды. Болжамды
диагноз:
сол сүт безінің ісігі
сол жақтық мастопатия
сол сүт безінің фиброаденомасы
сол сүт безінің түйінді мастопатиясы
сол сүт безінің липомасы
82
53 жастағы ер адам қатты тамақ жегенде дисфагияға, жұтыну кезінде өңештің
бойымен тартып ауырсынуға шағымданады. Жалпы қараудан кейін дəрігер өңешті
контрасттаумен рентгеноскопия тағайындады. Келесі сурет анықталды:
ретрокардиальды сегментте қашықтығы 3 см тарылу, осы деңгейде шырышты
қабатының рельефі бұзылған, аздаған параэзофагеальды көлеңке көрінуде.Берілген
рентгенологиялық сурет қай ауруға тəн?
Эзофагит
Өңеш ісігі
Өңештің ойық жарасы
Өңіештің тыртықтық стриктурасы
Кардия ахалазиясы
83
67 жастағы науқас сол сүт безіндегі ауырлыққа шағымданады. Қарау кезінде сол
сүт безінің көлемі ұлғайған, ареола кеңейген, үрпі тартылған, терісі "лимон
қабығы" тəрізді. Сол қолтықасты аймақтың лимфа түйіндерінің кангломераты.
Сіздің болжамды диагнозыңыз:
мастит тəрізді ісік
ісінулі-инфильтративті ісік
панцирлі ісік
тілме тəірзді ісік
Педжет ісігі
84
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 68 жастағы еркек ішектен қан жəне
шырыш тəрізді патологиялық бөліністерге, тік ішектегі бөгде дене тəрізді затты
сезінуге, іш қатуға, ішінің үрілуіне, анальды өтіс аймағындағы ауырсынуға
шағымданады. Тік ішекті саусақтық зерттеуде тығыз консистенциялы экзофитті
түйін пальпацияланады, валик тəрізді көтерілген жиектерімен ойық жаралардың
болуы, беткейі тегіс еме, ішектің ригидтілігі ішек сағасының тарылуымен.Сіздің
диагнозыңызды қандай зерттеу əдісі нақтылайды?
нəжісті жасырын қанға иммунохимиялық зерттеу
тотальды колоноскопия
ішекті контрасттаумен рентгеносокпиялық зерттеу
құрсақартылық кеңістікті, құрсақ қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу
түзілістің биопсиясымен фиброколоноскопия
85
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 8 жастағы баласы мен ата-анасы
келді. Буындарының ісінуі, жоғары шаршағыштық, əлсіздік, бас айналу жəне
құлақтарындағы шуға шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, ауасы тар
бөлмеде баланы жиілеген жүрек қағысы мазалайды. 2 апта бойы кешке қарай дене
температуарсының жоғарлауы болған. Анамнезінен: бір ай бұрын афтозды
стоматит болған. Физикальды қарауда тері жамылғылары мен шырышты
қабаттары бозарған, аяқтар буындарының ісінуі, аяқ башпайлары тырнақтарының
дистрофиясы. Анализде-гемоглобин 80 г/л. гранулоциттер 1,0 х109/л,
тромбоциттер - 120х109/л;. Бала диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу
əдісін жүргізу керек?
Лейкоформуламен қанның жалпы анализі
сүйек кемігін морфологиялық зерттеу
қанның биохимиялық анализі
ферритин мен сарсулық темірдің деңгейін зерттеу
науқасты, сиблинтерін, ата-анасын HLA-типирлеу (серологиялық/ молекулалық)
86
Сүт безінің ісіктік жəне ісік алдылық ауруларын ерте анықтау үшін скриниг
алгоритмін жүргізуге мақсатты топ қандай?
сүт безінің ісігіне байланысты диспансерлік есепте тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60
жастағы əйелдер
сүт безінің ісігіне байланысты диспансерлік есепте тұрған барлық жастағы əйелдер
жас ерекшеліктеріне жəне клиникалық жағдайларына байланысты емес барлық
əйелдер
репродукциялық жүйенің ісіктік аурулары бойынша қолайсыз анамнезі бар барлық
жастағы əйелдер
алғашқы медико-санитарлық көмек мекемелеріне өздігінен келген немесе
профилактикалық мед бақылаудан өтіп жатқан барлық əйелдер
87
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 67 жастағы науқас қан аралас
қақырықты аз өнімді жөтелге, жөтелген кезде кеуде келткасының ауырсынуына,
айқын ентігуге шағымданып келді. Ауырғанына 6 ай болған, симптомдар біртіндеп
үдеген, 9 кг-ға арықтаған. Екі кескіндегі кеуде келткасының рентгенография
нəтижелерімен қабылдауға келді. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
өкпенің орталық ісігі
өкпенің бронхоэктаздық ауруы
сол өкпенің абсцессі
көкірекаралықтың ісігі
өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
88
Жалпы тəжірбиелік дəрігердің қабылдауына 38 жастағы əйел буындары мен
сүйектеріндегі ауырсынуға, ентігуге, дене салмағының төмендеуіне, оң
қабырғаастындағы ауырсынуға шағымданып келді. Жоғары қанағаштық, мол
көлемді, ұйындыларымен меноррагиялардың болуын айтты. Физикальды тексеру
кезінде тері жамылғылары бозарған, геморрагиялық бөртпелер-петехиялар,
экхимоздар, жүрек үндері тұйықталған, тахикардия 100 соққы/мин, пальпацияда
бауыры мен көкбауыры ұлғайған. ЖТД қандай зерттеу əдісі арқылы диагнозды
нақтылай алады?
Реберг-Тареев сынамасы
герпес тобының вирустарына ИФА
Коагулограмма.
сүйеккемігін цитогенетикалық зерттеу
контрастылаумен кеуде жəне құрсақ сегменттерін КТ
89
Қанайналым жүйесінің ауруларын ерте анықтауда скринингтік бақылау алгоритмін
жүргізу үшін кім мақсатты топқа жатады?
Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қантты диабет бойынша
диспансерлік тізімде тұрмайтын 25, 30, 35, 40 жастағы еркектер мен əйелдер, 40
жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет
Артериялық гипертония бойынша диспансерлік тізімде тұрмайтын 25, 30, 35, 40
жастағы еркектер мен əйелдер, 40 жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет
жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік тізімде тұрмайтын 25, 30, 35,
40 жастағы еркектер мен əйелдер, 40 жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет
қантты диабет бойынша диспансерлік тізімде тұрмайтын 25, 30, 35, 40 жастағы
еркектер мен əйелдер, 40 жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет
қанайналым жүйесі аурулары бойынша қолайсыз анамнезі бар 25, 30, 35, 40
жастағы еркектер мен əйелдер, 40 жастан 64 жасқа дейін- 2 жылда 1 рет
90
Қай ауруларда жəне жарақаттарда медициналық мекеменің басшысының бұйрығы
бойынша дəрігер бір адамға жəне бір уақытта 6 күнге немесе жалпы ұзақтығы 6
күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа уақытша еңбекке жарамсыздық парағы
беріледі?
үйге стационар ұйымдастыру кезіндегі ауруханадан тыс пневмония
күндізгі стационардағы дисциркуляторлы энцефалопатия
тұрғындардың жоғары аурушаңдылығында тұмау, ЖРВИ
Артериялық гипертензия, криздік ағым, егер госпитализациядан бас тартса
Карантин уақытындағы тырысқақ
91
Ортопедиялық протездеу кезінде алғашқы медико-сантиарлы көмек
ұйымдастыруда қандай құжат беріледі?
уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы
уақытша жұмысқа жарамсыздық парағының талап етілмеген парағының бланкі
уақытшы мүгедектік жайлы анықтама
аурухана парағы
уақытша жұмысқа жарамсыздық анықтамасы
92
Қазақстан Республикасында уақытша болған шет ел азаматтарына уақытша
жұмысқа жарамсыздықты дəлелдейтін қандай құжат беріледі?
уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы
дəрігерлік-кеңестік комиссиямен тұжырымдалған ерікті формадағы анықтама
емдеуші дəрігері берген ерікті формадағы анықтама
уақытша жұмысқа жарамсыздық анықтамасы
аударылған жəне нотариуспен расталған уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы
93
Паллиативті науқас үшін не орынсыз?
сүйікті тағамын жеу
төменкалориялы диета
жоғарыкалориялы тағам
диетаны шектеуден бас тарту
тамақты аз мөлшерде жиі қабылдау
94
Паллиативті науқастарда іш қатуды емдеуде қай дəрілік заттарды белгілеген
дұрыс?
атропин
алмагель
трамадол
фентанил
метоклопрамид
95
Мамандандырылған паллиативті көмек қызметіне жатады:
қарттар үйі
арнайы əлеуметтік қызмет мекемелері
стационарлы хоспистар
жалпы бейіндегі аурухана бөлімі
медбикелік күтімнің аудандық/жергілікті бөлімшелік қызметі
96
Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериальды қан кетудің белгісі
Қан кету баяу
Қан тамшылап ағады
Баяу жəне созылмалы қан ағу
Қан қоңыр-қызыл түсті
Жылдам жəне атқылаған қан ағу
97
Клиникалық өлімнің нақты белгісі болып саналады
Ұйқы артериясында пульстің болмауы
Көз қарашығының тарылуы
Тері қабатының бозаруы
Өлілік тағбалардың пайда болуы
Қан қысымының төмендеуі
98
Өкпе ісіну кезіндегі эффективті көмек көрсету
науқасты фаулер позициясына отырғызу, санына қысқыш тар қойып, пульстің
жоғалуын күтеміз
науқастың аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу
небулайзер арқылы тыныстық аналептиктерді беру
наркотикалық анальгетиктерді қолдану
науқасты ортопноэ позициясына келтіру, санға жəне 1 қолдыға қысқыштарды
пульстің жоғалуына дейін қою
99
Ересектің эффективті компрессиясын жасау үшін, минутына жиілігі
60-80 мин
100-120 мин
120 мин көп
80-120 мин
90 мин көп емес
100
Науқастың жөтелген кезінде алқызыл қақырықтың бөлінуі қандай жағдайда
болады
өкпе ісінуі
өкпеден қан кету
асқазаннан қан кету
өкпео быры
бронхоэктазды ауру
101
Дифференциалды диагноз қоюға мүмкіндік беретін диагностикалық зерттеуді
анықтаңыз. Баланың 6 жыл бойы ауырғаны, əлсіздігі, іштің ауырсынуы, жүрек
айнуы, құсу, шулы тыныс алу, ацетонның иісі:
Жалпы қан анализі
Жалпы зəр анализі
Қандағы қант мөлшерін анықтау
УДЗ
КТ
102
Глазго шкаласы бағалауға қолданылады:
жабырқаулы ес деңгейін
шок ауырлығының дəрежесін
кома кезіндегі тыныс алу бұзылыстарының айқындылығын
жаңа туған нəрестенің жағдайын
кома түрін
103
Жүрек бұлшық етінің некрозының негізгі ЭКГ белгісі болып табылады:
ST сегментінің төмендеуі
кең жəне терең Q тісшесі
ST сегментінің жоғарылауы
R тісшесінің кішіреюі
теріс T тісшесі
104
Сірке қышқылымен жедел улануда асқазанды жуатын ерітінді:
калий перманганатының əлсіз ерітіндісі
1% натрий гидрокорбонатының ерітіндісі
лимон қышқылының аз конецентрациялы ерітіндісі
таза су
3% натрий хлоридінің ерітіндісі
105
Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында өткір ауырсыну, кейін құрғақ жөтел,
бас айналуы туындады. Сəл кейін инспираторлы ентігу жəне терінің бозаруымен
үлескен диффузды цианоз туындады. Визуалды түрде эпигастралды аймағында
патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы анықталады – жүректің оң жақ
шекарасының кеңеюі, аускультативті- ІІ үн екпіні жəне өкпе артериясының үстінде
екіге бөлінуі. Науқаста туындаған жағдайды теңестіруге болады:
кенеттен болған пневмоторакс
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
қақпақшалы пневмоторакс
жіті коронарлы синдром
құрғақ плеврит
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |