№ Вопросы на русском языке


№  Вопросы на казахском языке



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата21.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#163549
1   2
Байланысты:
47. Фтизиатрия взрослая, детская (1)

 №
 Вопросы на казахском языке
1
Науқас 27 жаста, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды
туберкулезі ТМБ+, диагнозы бойынша ауруханада емделді. Бақылау
рентгенограммасында – ыдырау қуысы анықталады. 
Өкпенің деструктивті туберкулезі кезінде мөлшерден тыс ыдырау
қуысына алып келетін себепті көрсетіңіз?
2
Науқас 23жаста, терапевт дәрігерге сол жақ кеудесінің ауырсыну
сезіміне, физикалық күш түскен кездегі ентігуге, дене қызуының
38оС қа жоғарлауына шағымданып келді. Суық тиген соң ауырған.
Кеуде ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында сол жақ
өкпенің төменгі қиғаш жоғарғы шекарасының гомогенді
күңгірттенген. Көкірек қуысының ағзалары өкпенің оң жақ
бөлігіне ығысқан. Қақырық анализінде Gene Xpert ТМБ(теріс).
Аталған болжам диагноздардың қайсысы тән және науқастың типі?
3
Науқас 33 жаста, босанғаннан кейін, АМКА–ға ес– түссіз ауыр
жағдайда жеткізілді. Күйеуінің айтуы бойынша, науқас бір ай бойы
ауырған, дәрігерге қаралмаған. Соңғы екі аптада жағдайы күрт
нашарлап кеткен. Қарап тексергенде: жалпы жағдай өте ауыр,
комада, менингиалды белгілері оң, бас ми нервтері (III, VII, IX, X)
зақымдалған. Жұлын сұйықтығында – 28 жасуша, белок – 3,4г/л,
қант – 0,8. анализінде Gene Xpert ТМБ+ Rif сезімтал.
Менингиттің түрін және санатын анықтаңыз?
4
Науқас 65 жаста, өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі,
инфильтрация және шашырау кезеңі, ТМБ+++, АДТ(ШЛУ) ТБ. 15
жылдан бері ауырады. Соңғы екі айда науқастың жалпы жағдайы
мен көңіл күйі нашарлаған. Комплексті толық ем жүргізілсе де
науқас қайтыс болған. 
Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезімен ауыратын
науқастың қайтыс болу себебі қандай? 


 5
Науқас 56 жаста, ӨСОА-мен ауырады. Өкпенің ошақты туберкулезі,
ТМБ-, диагнозы бойынша ауруханада ем алуда. Ем алу барысында
дене қызуының 38Сжоғарылауы, құрғақ жөтел анықталады.
Туберкулездің асқынуына күмән тудырады. Қанды зерттеуде: ЭТЖ –
42 мм/сағ, лейк – 15 * 109/л, нейтрофильдің оңға ығысуы, қақырықта
лейкоциттер барлық көру алаңында. Рентгенологиялық – ыдырау
анықталған жоқ. 
Жағдайдың нашарлауының себебі неде?
6
Науқас 29 жаста, тез шаршау, тәбетінің төмендеуі, ылғалды жөтел,
кешке қарай дене қызуының жоғарылауы анықталады. 18 жыл
бұрын туберкулезбен ауырған. Рентгенограммада: екі өкпенің
жоғарғы бөлігінің күшейтілген өкпе суретінің фонында
полиморфты, әр түрлі интенсивті, кей жерлерде жайылған ошақты
көлеңке көрінеді. Қақырық анализінде Gene Xpert ТМБ+ Rif төзімді.
Науқасты жүргізу тактикаңыз? 
7
Науқас 40 жаста, жөтелге, қан жолағы бар қақырыққа, әлсіздікке,
дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Бала кезінде
туберкулезбен ауырған. Қақырықтың бактериоскопиялық
анализінде ТМБ анықталған жоқ, Gene Xpert ТМБ+ Rif сезімтал.
Рентгенограммада: оң өкпеде С1-де, диаметрі 4 см, шеттері анық,
фокусты көлеңке анықталады. 
Болжам диагнозыңыз және науқастың типі қандай?
8
Туберкулездің асқынған жағдайын анықтаңыз? 
9
Науқас кавернозды туберкулез деген диагнозбен ем қабылдауда.
Бозарған, денесін суық тер басқан, тахикардия, сол жақ бүйіріндегі
қатты ауырсыну сезімі мен ентігу мазалайды. Перкуторлы-қорапты
дыбыс. Аускультацияда тынысы әлсіз. Жағдайының ауырлығы
өршуде. Болжам диагноз және тактикаңыз?


 10 Науқас бозарған, суық тер басқан, тахикардия, сол бүйірінде қатты
ауырсыну сезімі мазалайды. Сол жағында дауыс дірілі
анықталмайды, перкуторлы қорапты дыбыс, тыныс шуылы
әлсіреген. Ауырсыну сезімін басатын, жүрек қантамырлық дәрілік
заттар жасалды. Жағдайының нашарлауы үдей түсуде. Төменде
аталған болжама диагноздардың қайсысы сәйкес?
11 Бала 6 жаста, битоналды жөтел, айқын улану белгілер мазалайды.
Манту сынамасының папуласының өлшемі – 17 мм.
Рентгенологиялық- өкпе алаңы мөлдір, оң жақ өкпе түбірі
кеңейген, құрылымды емес, шеттері анық, полициклді, бронхтың
төменгі бөлігінің өткізгіштігі байқалмайды.
Болжама диагнозыңыз және дәрігердің іс әрекеті? 
12 Бала 6 жаста – Манту сынамасының папула өлшемі- 11 мм. Улану
белгілері орташа байқалады, микрополиадения. Кеуде
клеткасының рентгенограммасында – оң жақ түбірі ұлғайған,
структурасыз, шеті айқын емес. ФБС, БАС Gene Xpert ТМБ+ Rif
сезімтал. Қандай диагноз болуы мүмкін және санаы бойынша емі? 
13 17 жастағы жасөспрім, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына,
ауырсыну сезіміне, дене қызуының 38 оС-қа жоғарлауына,
әлсіздікке шағымданады. Лимфа түйіндерінің консистенциясын
және өлшемін анықтау үшіін қандай әдіс қолданылады?


 14 5 жастағы бала дене салмағын жоғалтқан, ашушаң, дене қызуы
субфебрилді, перифериялық лимфа түйіндері үлкейген, оң жақ аяқ
бөлігінің қызметі бұзылған-жүрген кезде аяғы тартылып қалады,
ауырсыну сезімі байқалмайды. Объективті: оң жақ тізе буыны
үлкейген, беткі терісі жылтыр, буынның шеттері тегістелген,
буыны ұршық тәрізді пішінде. Рентгенологиялық-сан және ортан
жілік сүйегінің эпифиздерінің остеопорозы, буын саңылауының
кішіреюі. Қосымша тексеру кезінде: Манту сынамасы-15мм.
Диаскинтест-17мм анықталған. 
Диагноздардың қайсысы болжам диагнозы болып табылады? 
15 Науқас 23 жаста, дәрігерге сол жақ кеудесінің ауруына, жүрген
кезде, физикалық күш түскендегі ентігуге, дене қызуының 38С-қа
жоғарылауына шағымданады. Жедел суық тиюден кейін аурған.
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: сол жақ өкпенің
төменгі бөлігінің шекарасы қиғаш, гомогенді, интенсивт
күңгірттену көрінеді. Көкірек қуысы ағзалары оңға қарай ығысқан.
Берілген сипаттама қандай ауруға сәйкес келеді?
16 БСМК дәрігері науқастан қақырықтың екі үлгісін алып ТМБ-на
бактериоскопиялық зерттеуге жолдамамен жіберілді, бірінші үлгісі
теріс нәтижелі, ал екіншісі оң нәтижелі болды. Дәрігер не істеу
керек?
17 Науқас 28 жаста, емханаға ӨСОА мен келіп қаралды. Кеуде
ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында сол жақ өкпенің
С2-де Гон ошағы анықталған. Фтизиатрға жіберілді. Сіздің болжам
диагнозыңыз және ДЕ тобы? 
18 Науқас 25 жаста, флюорографиялық тексеру кезінде: оң өкпенің
жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі, инфильтрация кезеңі, ТМБ-,
диагнозы қойылды. Аурудың жағдайын және емдеу санатын
анықтау.


 19 Науқас 58 жаста, дәрігерге: ентігуге, жүрегінің қағуына, әлсіздікке,
шырышты – іріңді, қан жолақтары бар қақырықты жөтелге
шағымданып келді. Анамнезінде: бұрын туберкулезбен ауырған.
Кеуде ағзаларының рентгенограммасында: оң өкпенің көлемі
кішірейген, фиброздармен- сыртқы шеті – әктенген көлеңке,
айналасында себілген ошақтар көрінеді. Көкірек қуысының
ағзалары өкпенің оң жақ бөлігіне ығысқан. Қандай үрдіске тән
көрініс және және науқастың типі? 
20 Науқас 44 жаста, дәрігерге тамағындағы ауырсыну сезіміне,
даусының қарлығуына, жұтыну кезіндегі ауырсыну исезіміне
шағымданып қаралды. Кеуде ағзаларының жалпы шолу
рентгенограммасында екі өкпенің жоғарғы бөлігінде аз және
орташа интенсивті, кей жерлерінде жайылған сипаттағы,
жарықтану аймағы көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз қандай? 
21 Науқас 54 жаста, дәрігерге тамағының ауруына, даусының
қарлығуына шағымданып келген. Кеуде ағзаларының жалпы шолу
рентгенограммасында: екі жақтада полиморфты ошақты
диссеминациясы мен жарықтану алаңы анықталған. Қандай
болжама диагноз?
22 Бала 7 жаста, көзінен жас ағатындығына, жарыққа қарай
алмайтындығына, көзінің ауруына, көбірек сол көзінің
мазалайтындығын айтады. Қарап тексергенде қасаңқабықтағы
қантамырларының гиперемиясы, сол жақ конъюктивасының ісінуі,
майда сұр түйіндердің болуы байқалады. Қантамырлар қабатымен
және торшасында-ірі бөртпелер анықталады. Жергілікті
антибиотиктермен және қабынуға қарсы дәрілермен емдегеннен
кейін де емнің әсері болмаған. Диагнозды нақты қоюға қандай әдіс
қолданылады?
23 15 жастағы жасөспірімді, бет терісіндегі төмпешіктің, сары түсті,
жайылуға бейім, біртекті түзілген ошақтар мазалайды. Теріні басып
қарағанда-«алма желесі» белгісі байқалады. Аталған диагноздардың
қайсысы болжам диагнозы болып табылады?


 24 ЖРВИ мен ауырғаннан кейін, балада 8 жыл бойы улану белгілері,
кешке қарай дене қызуының жоғарлауы, түнгі тершеңдік болған.
Оң жақ жамбас сан буынының ауырсыну сезімінің, бастапқыда
тұрақсыз, содан кейін оң жақ санға және тізе буынына
берілетіндігін айтады. Анамнезінде-туберкулезбен ауырған
әкесімен қатынаста болған. Қарап тексергенде:оң жақ жамбас сан
буынын жұмсақ тінінің шектелген инфильтраты палпация
жасағанда ауырады. Баланың ауруының диагностикасында ең
маңызды әдіс қандай?
25 С. есімді 6 жастағы бала туберкулезбен ауыратын науқаспен
қатынаста болғанына байланысты бақылауға алынған,
химиопрофилактика тағайындалған, алайда ол химиопрепарат
қабылдамаған. Соңғы кезде дене қызуының кезеңді көтерілуі
байқалады, демікпе, жиі ұстамалы, көкжөтел тәрізді жөтел пайда
болды. Қақырықты МБТ тексеру нәтижесі - теріс. Берілген жағдайда
төменде көрсетілген фтизиатрдың әрекеттерінің қайсысы ең дұрыс
болып табылады?
26 Науқас 5 жыл бұрын I санат бойынша емделген. Аурудың нәтижесі -
емделіп шықты. 2 апта бойы жөтел пайда болды, қақырық
анализінде МБТ (+), тексреу кезінде келесі диагноз қойылды:
Өкпенің инфильтративті туберкулезі. Емдеу тәсілі?
27 Бала 3 жаста. Манту сынамасы 2 ТБ - папула 3 мм. 1 жаста - 8 мм, 2
жаста - 5 мм. Сол жақ иығында БЦЖ тыртығы 7 мм. Шағымдары
жоқ. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Рентгенологиялық:
көкірек қуысы органдарының патологиялық өзгерістері жоқ.
Берілген уақыттағы туберкулиндік сезімталдылық сипатына баға
беріңіз:


 28 2 жастағы бала стационарда келесі диагнозбен жатыр: Туберкулезді
менингоэнцефалит. Туберкулез бірінші рет анықталып отыр.
Ағасымен туберкулезді қатынас болған. Ең ықтимал туберкулиндік
сезімталдылық сипатын және диспансерлік есеп тобын анықтаңыз:
29 Науқас 40 жаста, шағымы: әлсіздік қызбамен, салмағының
төмендеуі. Бұғана артында, мойынында лимфа түйіндерінің
ұлғайғаны байқалады. Рентген суретінде: оң өкпенің 1 сегментінде
гомогенді емес көлеңке, оң өкпе түбірі кенейген контуры тегіс
емес, ұлғайған пара- және трахеобронхиалды лимфа түйіндері.
Қақырықта: ТМБ (-), ісік клеткасы жоқ, ЭТЖ - 40 мм/сағ.
Диагноз дәлілдеу үшін не істеу керек?
30 Науқас 40 жаста, шағымы: әлсіздік қызбамен, салмағының
төмендеуі. Бұғана артында, мойынында лимфа түйіндерінің
ұлғайғаны байқалады. Рентген суретінде: оң өкпенің 1 сегментінде
гомогенді емес көлеңке, оң өкпе түбірі кенейген контуры тегіс
емес, ұлғайған пара- және трахеобронхиалды лимфа түйіндері.
Қақырықта: ТМБ (-), ісік клеткасы жоқ, ЭТЖ - 40 мм/сағ.
Диагноз дәлілдеу үшін не істеу керек?
31 16 жастағы жасөспірімнің кеуде қуысына флюрографиялық
тексерісі кезінде, сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде ошақты
көлеңке анықталды. Жөтелі жоқ. Емхананың дәрігерімен
туберкулезге күмәнді тексеру алгоритмі жүргізілген. Динамикада
ошақты көлеңке сақталып, фтизиатрға жолдама берілді. Диагнозды
нақты қою мақсатында қандай зерттеу жүргізілу керек? 


 32 10 жасар бала ауруханаға дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуіне,
қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке, шаршағыштыққа
шағымданып түсті. Өкпесінде әлсіреген тыныс аясында жекелеген
ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Кең спектрлі антибиотиктер
және симптоматикалық дәрілермен ем тағайындалған. Жүргізілген
терапиядан оң динамика байқалмаған. Манту реакциясы - 17 мм.
Диаскинтест - 15 мм. Көкірек қуысы органдарының шолу
рентгенограмасында - (рентгенограмманы қараңыз). Сіздің ең
ықтимал диагнозыңызды таңдаңыз: 


 33 11 жасар бала ауруханаға әлсіздікке, жоғарылаған шаршағыштыққа,
арықтауға, субфебрильді температураға шағымданып түсті.
Анамнезінде: туберкулезбен науқас әкесімен қатынаста болу.
Интоксикация симптомдары орташа байқалады. Шеткері
лимфотүйіндері 5 топта 2-3 өлшемге дейін ұлғайған, ауру сезімі
жоқ. Диаскинтест - 15 мм. Көкірек қуысының
рентгенограммасында: (Р-суретті қараңыз). Ең болжамды диагноз
және емдеу санаты қандай?


 34 Науқас 30 жаста, профилактикалық тексеру кезінде
флюрографиядан орташа интенсивті, ошақты көлеңке анықталды.
Шағымдары жоқ. Клиникалық анализдері өзгеріссіз. Бала кезінде
туберкулезбен ауырған. Сіздің диагнозыңыз және санаы бойынша
емі? 
35 Жасөспірім 14 жаста, тез шаршауға, дене қызуының жоғарылауына
шағымданады. Манту сынамасы – папула 15 мм. Диаскинтест –
12мм. Рентгенологиялық - оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің
қараюы, трахиобронхиальды лимфа безінің ұлғаюы. Қандай
болжам диагноз дұрыс?
36 Студентті профилактикалық флюрографиялық тексеру кезінде оң
жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде шетттері анық емес, төмен және
орташа интенсивті ошақтар анықталған. Сирек жөтел мазалайды.
Қақырықтың бактериоскопиялық, Gene Xpert ТМБ-на «теріс»
нәтижесі анықталды. 
Сіздің болжама диагнозыңыз?
37 25 жастағы науқас, қан жолағы аралас қақырықты жөтелге,
әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына шағымданып келді.
Қақырық анализінде Gene Xpert ТМБ анықталмады. Жалпы шолу
рентгенограммасынд:оң өкпенің S1-де шеттері анық диаметрі 4
см.фокусты көлеңке анықталды. 
Болжам диагноз қойыңыз?
38 Туберкулезді менингоэнцефалиттегі жұлын сұйықтығына қандай
өзгерістер тән?
39 Науқас тамағының ауруына, даусының қарлығуына, жүдеуіне,
құрғақ жөтелге шағымданып келді. Кеуде ағзаларының жалпы
шолу рентгенограммасында екі жақтада полиморфты ошақтармен
диссеминация анықталған. Сіздің іс әрекетіңіз?
40 Туберкулезді менингитке қандай цитоз тән?


 41 Науқас 45 жаста, жұқпалы ауруларды емдейтін стационарға ауыр
жағдайда түсті. Есі бұлыңғыр. 2 апта бойы басының ауруы, дене
қызуы, сирек құсу мазалаған. Емнің нәтижесі болмаған. Жүдеген.
Менингиалды белгілері оң, айқын гиперстезия. Птоз және
анизокария. Анамнезінде 3жыл бұрын туберкулезден емделген.
Науқасқа қандай тексеру жүргізіледі? 
42 Науқас 37 жаста, стационарға оң жақтық экссудатты плеврит
диагнозымен келіп жатты. Екі ай бойы ауырған. Амбулаторлы
емделіп, нәтижесі болмаған. Экссудатты плевриттің ажырату
диагностикасында маңызды зерттеу әдісі қандай?
43 Науқас А.40 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Дәрігерге
қақырықты жөтел және кешке болатын субфебрильді
температураға шағымдаданып келген. Қақырықтың 2 порциясында
қышқылға төзімді бактерия табылған. Кеуде клеткасының
рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде І-ІІІ
қабырға деңгейінде ошақты-фокусты құрылымды гомогенді емес
қараю жарықтану аймақтарымен байқалған. Оң және сол жақ
өкпенің төменгі бөлігінде көп емес, аз қарқынды сыртқы контуры
айқын емес ошақтар анықталды. Өкпе түбірі құрылымды.
Синустары бос. Томографиялық зерттеуде оң жақ өкпенің жоғарғы
бөлігінің кесіндісінде 3 х 4 см өлшемді, тұйық сақина тәрізді
көлеңке анықталды, айналасындағы өкпе тінінде - көптеген
қосылған ошақтар табылған.
Клиникалық диагнозына сай терапиялық категориясын анықта
және емін тағайында:


 44 32 жастағы науқас жөтелге және қан аралас қақырық бөлінуіне
шағымданып ауруханаға түсті. 3 жыл бұрын туберкулезге
байланысты ем қабылдаған. Қақырық анализінде -
бактериоскопиялық - МБТ (+), GenеXpert+, Rif сезімталдық. МБТ+,
рецидив. Көкірек қуысы органдарының рентгенограммасында:
(Р-суретті қараңыз). Науқасты емдеуде препараттардың қандай
үйлесімі дұрыс болып табылады?


 45 Науқас 25 жаста, жалпы әлсіздік, дене қызуының 39оС
жоғарлауына , құсуға шағымданып, жұқпалы аурулар бөлімшесіне
келіп түсті. Дезинтоксикациялық, қабынуға қарсы емдер жүргізілді.
Ем жүргізу барысында науқастың жағдайы нашарлаған. Улану
белгілері күшейіп, желке бұлшықеттерінің регидттілігі, птоз,
бетінің ассимитриясы, оң жақта мұрын ерін үшбұрышының
тегістелуі пайда болған. Тексеруден кейін «Туберкулезді менингит»
диагнозы қойылған. Жұлын сұйықтығының анализінде GenеXpert+,
Rif - сезімтал. Науқасқа қандай ем тағайындалу керек?
46 Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериальды қан кетудің белгісі 
47 Клиникалық өлімнің нақты белгісі болып саналады:
48 Өкпе ісіну кезіндегі эффективті көмек көрсету
49 Ересектің эффективті компрессиясын жасау үшін, минутына жиілігі
50 Науқастың жөтелген кезінде алқызыл қақырықтың бөлінуі қандай
жағдайда болады
51 Дифференциалды диагноз қоюға мүмкіндік беретін
диагностикалық зерттеуді анықтаңыз. Баланың 6 жыл бойы
ауырғаны, әлсіздігі, іштің ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу, шулы
тыныс алу, ацетонның иісі:
52 Глазго шкаласы бағалауға қолданылады:
53 Жүрек бұлшық етінің некрозының негізгі ЭКГ белгісі болып
табылады:
54 Сірке қышқылымен жедел улануда асқазанды жуатын ерітінді:


 55 Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында өткір ауырсыну, кейін
құрғақ жөтел, бас айналуы туындады. Сәл кейін инспираторлы
ентігу және терінің бозаруымен үлескен диффузды цианоз
туындады. Визуалды түрде эпигастралды аймағында патологиялық
пульсация анықталды. Перкуторлы анықталады – жүректің оң жақ
шекарасының кеңеюі, аускультативті- ІІ үн екпіні және өкпе
артериясының үстінде екіге бөлінуі. Науқаста туындаған жағдайды
теңестіруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет