0-ден 10-ға дейінгі сандар. 11-ден 20-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар. 100 саны



Дата04.07.2018
өлшемі189.15 Kb.
Хажиева Барно Ирисбаевна,

  № 1 мектеп-гимназия бастауыш сынып мұғалімі,

     ОҚО, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылы
0-ден 10-ға дейінгі сандар. 11-ден 20-ға дейінгі сандар.

Толық ондықтар. 100 саны


Пані: математика

Сынып: 2

Оқу мақсаттары


2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; сандарды оқу, жазу.

2.1.1.2.100көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал

сандар қатарындағы орнын анықтау.


Бағалау

критерийлері

Барлық оқушылар: 0-ден 10-ға дейінгі сандар.11-ден 20-ға дейінгі сандар туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі: Тапсырмалар арқылы сұрақтары бар есептерді ажыратады;

Күрделі есептерді шешуде әртүрлі әдістерді пайдаланады.

Кейбір оқушылар: 10-нан жоғары сандар жөнінде жүйелейді, заттарды санағанда сандарды дұрыс қолданды. Тапсырманы дұрыс орындайды.



Тілдік

мақсаттар

  • Санау (дұрыс,кері )

  • Қосу, азайту.

  • Есеп

  • Шарты

  • Сұрағы

  • Шешуі

  • Жауабы

Құндылықтарды

дарыту

Сыйластық, жауапкершілік, бірлік, татулық.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақ тілі, дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек, музыка.

Алдыңғы меңгерілген білім

Дұрыс, кері санау. Есептерді әртүрлі әдістермен шығара алады.

Сабақтың барысы




Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық: Шаттық шеңбері:

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.

Біздер тату баламыз, Есептерді шығарып,

Өсіп алға барамыз. Біз білімді бламыз.

.


Өткенді қайталау
Көршілерді тап
12 15 17 18 20

20-дан 1-ге дейін дұрыс, кері санату
«Кім жылдам» ойыны.
2+4= 5+3= 8+5=
3+5= 6+8= 9+4=
4+6= 7+2= 2+3=

Өткен жылдағы сабақпен бүгінгі сабағымызда ұштастыра отырып 11-ден 20 ға дейінгі аралықтағы реттік және есептік санау бөлімін тиянақтаймыз. Қызығушылықты ояту бөлімінде айтқандай тапсырмаларды орындау барысында көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен жазып, аяқтарымен шапшаң қозғалу арқылы сабақты қызықты әрі тартымды өтуіне тілектеспін. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсатына сүйене отырып, критерийлерді анықтау.

Сабақтың

ортасы



Қызығушылықты ояту. Балалар, біз бүгінгі сабағымызда математика еліне саяхат жасаймыз. Математика деген сөзді оқығанда көз алдарыңа не елестеп, қандай ой келеді?

«Ойлан,тап!»

-Ғылым оқулық, есеп, сандар, цифрлар, қосу, азайту «Математика» деген ғажайып елді аралау үшін білімімізді ортаға салайық. Сол елдегі олжаға жету үшін жолдағы аралдардағы кедергілерден өтуіміз керек.

Математика оқулығымен таныстыру. Шартты белгілерді таныстыру. Не үшін қажет екенін түсіндіре отырып, қалай пайдалануды үйрету.

Қосу кестесінің қандай бағандардан тұратынына назар аударуыңыз. Бірінші саннан бастап кестедегi қосудың баған бойынша орналасуындағы ортақ негізгі принципін айтыңыз.


Жауабы 9 болатын есептер; Олар мыналар: 8 + 1; 7 + 2; 6 + 3; 5 + 4; 4 + 5; 3 + 6; 2 + 7; 1 + 8.

Тапсырма барлық оқушылармен бірге орындалады.

Ойлан:

Қандай сандардың қосындысының нәтижесі 10 болатынын кестені зерттей отырып іздеуді ұсыныңыз.



Жауабы:

9 түрлі жағдай:

9 + 1; 8 + 2; 7 + 3; 6 + 4; 5 + 5; 6 + 4; 7 + 3; 2 + 8; 1+9.

Қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін «Қосу кестесі» қажет. Оқушылар сабақта барлық бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып үйренеді. Соның ішінде ондықтан аттап қосуда да кестені пайдаланады. Кестенің көмегімен 20-ға дейінгі сандарды қосып, нәтижесін тауып үйренеді. Толық ондықтарды санау, жазуды үйрену.



Топтық жүмыс: Аралас сандар ішінен екі таңбалы сандарды тауып оны жасыл түспен бояу

8 20 17 3 70 13 9 25 37 10 7 40 80 55 42 6



Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Балалар шатасып кеткен сандарды орнын табуы, санауы (дұрыс, кері) екі таңбалы сандарды ондықтар жане бірліктерінен құрастырылғанын айтып, жазып береді. Алдымен 2+=10 деген өрнек құрылады. Ал кейіннен балалар сондай сандарды таңдап, тура теңдікті шығарады. Одан кейін қосындының мәні өзгеріп, ойын жалғасады.

2- тапсырма. Топтық жұмыс: ауызша орындауға болады.

3-тапсырма. Уақыт өлшеу бірліктерін қайталау. Сүреттермен жұмыс. Нұсқа бойынша топтарда жаппай жұмыс ұйымдастырылады. Кестедегі әр жолға белгілі бір сурет сәйкес келеді. Осы суреттерден лагерьде әр қайсы үйірме сағат нешеде басталуы көрсетілген.

Сергіту сәті: Барлығымыз тоқылдақ әнін орындайық.

Орманның біз емшісіміз

Тоқ, тоқ, тоқ.

Құрт біткенді жоқ етеміз

Жоқ, жоқ, жоқ.
Логикалық есептер: (жұмбақ есептер)

1.Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек.

1 үйрек тығылды,

Қалғаны неше үйрек? (5 + 3) – 1 = 7

2. Он асықтың төртеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолында қалады? 10 – 4 = 6

4- тапсырма. Тақтамен жұмыс. Есепті шешу. Мұнда есеп шарты, сұрағы, шешуі, жауабы түсүндіріледі. Оқушылар көшіріп жазуды естеріне түсіреді. Сонан кейін оқушылар мұғалімнің басшылығымен кері есептер құрастырып, оларды ауызша немесе жазбаша орындайды. Егер жұмыс ойдағыдай орындалса оқушылар қошеметтеп барылады.

5- тапсырма. Өзіндік жұмысы ретінде беруге болады. Соңынан тексеру қажет.

Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда 1-20 дейін санаумен қатар математикалық амалдарды қолдадық.

Кубизм арқылы қорытындылау.

1.    1-ден 100- ға дейін ретімен сана.

2.    20- дан 10-ға дейін кері сана.

3.     6- ның көршілері қай сандар?

4.    10 -нан 1-ге дейін кері сана.

5.     20-дан 1- ге дейін кері сана.

6.     9-дың көршілерін жаза аласың ба?

7. Бір, екі таңбалы сандарды айырмашылығын білесің бе?



Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қос. Оқушылар мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешеді және жауаптары бірдей мысалдарды сызықтармен қосады.

Жауабы:

5 +3 = 8; 2 + 8 = 10;

4 + 5 = 9; 3 + 6 = 9;

6 + 2 = 8; 4 + 4 = 8;

8 + 2 = 10; 7 + 3 = 10;

3 + 4 = 7; 2 + 5 = 7;

4 + 1 = 5; 3 + 2 = 5;

3 + 3 = 6. 4 + 2 = 6.



Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап.

Mысалдарды мұқият қарап шығып, қосу кестесінің көмегімен тапсырмаға сәйкес келетін нұсқаларды табу керек. Сосын олар бірінші қосылғышты көк, ал екіншісін қызыл қарындашпен қоршау керек.

а) 2 + 8; 7 + 3; ә) 8 + 1; 4 + 5; б) 2 + 1; 7+2; в) 8 + 2, 1 + 9.

1.Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)

Бағалау Бағдаршам. 2. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету

Оқытудың мақсаты бойынша.

Бағалау кртитериі

Дескриптор

Кез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланады

Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып тексереді.

Шығарылған есептердің дұрыстығын бақылайды.

Тапсырмалардың нәтижесін тексеру

Шығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді.




Ресурстар


Қорытынды. Математика сабағы ұнай ма?

Не себепті ұнайды?

Не үйреніп, не білдік?

Сабақта не қызық болды?

Қандай қиындықтар кездесті?

Не маңызды болды деп ойлайсыңдар?

Келесі сабақта қандай жұмыс түрімен жұмыс жасауды қалайсыз?




Дифференциация

Қабілеті жоғары оқушыларға топтық жұмыс түрлерін беру





Сұрақтар

ия

жоқ

1.

Сануды (дұрыс, кері) білемін.




2.

Есепті талдай отырып, шартын құра аламын.







3.

Есептің сұрағын қоя білемін







4.

Есептің дұрыс шешімін таба аламын.







5.

Есепті әртүрлі әдістермен шығаруды түсіндім.







6.

Бір, екі таңбалы сандарды айырмашылығын білемін.







7.

Екі таңбалы сандарды тура оқып, жаза аламын.







8.

Екі таңбалы сандарды қосу, азайтуды білемін.







9.

Барлық тапсырмаларды орындай алдым.







Кері байланыс кестені толтыру арқылы жасау:



Бағалау


Өзін-өзі «Жетістік баспалдағы » арқылы бағалау.



Білмеймін

Білемін


Түсінемін,

орындаймын.

Басқаларға көмектесе аламын.

аламын













Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет