0 Қызылорда, 2022


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет136/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Имаханбет Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың 
Ахметі»: Респ. Ғыл.-тәж. конф. Материалдары.-Қарағанды: «TENGRI Ltd», 
2013.-382 б. 
2. Нұрпейісұлы К. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. // Егемен 
Қазақстан. 1997 ж. 5 желтоқсан. −3-5 бб. 
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. —
Алматы: «Атамұра», 2002. — 768 б. 


108 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨКІЛІ 
Абдулмуталапқызы Жадыра 
Ахмет Байтұрсынов ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері 
санатында жасалған барлық еңбектері, тапқан қорлық, көрген азабы, 
болашаққа сенген үміт-арманы - баршасы осы ұлы миссияны орындауға, 
туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. 
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі 
мен оқулықтарының авторы ерекше із салған жаңашыл ағартушы. 
Екіншіден, ғалым-араб графикасына негізделген қазақ жазуының 
реформаторы. Мәселен, Ахмет Байтұрсынов жасаған жаңа жазу күні бүгінге 
келді. Оның басты себебін, Зейнолла Қабдолов: «Ахмет-Алаш аясындағы 
қоғам қайраткері ғана емес, кеңестік Қазақстанның алғашқы жылдарында 
жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарған адам. Ахмет 
Байтұрсынов өткен осындай күрделі жол оның қайраткерлік сан қырлы және 
саясаткерлік қызметін зерттеушілер үшін айтарлықтай қиыншылықтар 
тудырады. Солай болғанына қарамастан, Ахмет Байтұрсынұлы мемлекеттік 
жүйенің қайсысында жұмыс жасамасын, ол бірінші кезекте өзіне нысана етіп 
жалпыұлттық, бүкілхалықтық мәселелерді таңдап алды да, оларды туған 
елдің мүдделеріне сай шешу үшін еңбектенді»,- деп еңбегінде көрсетеді. 
Үшіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әдебиеті мен мәдениетін 
зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым және Қазақ ғылымын алғашқы 
ұйымдастырушылардың бірі. 
Төртіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқына, үкіметке, қоғамға 
адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері. 
Ахмет 
Байтұрсынұлы 
мұрасы-барлық 
түркі 
халықтарын 
байланыстыратын алтын өткел. Оның әралуан ғылым саласында көп оқып, 
батыс, орыс әдебиетін жақсы білгендігі барлық еңбектерінде айқын көрініп 
тұрады. Ахмет Байтұрсынұлы ең бірінші болып тіл біліміндегі өзекті 
мәселелерді ғылыми тұжырым жасаған тілтанушы ғалым. 
Қаршадайынан елім деп езіліп, халқым деп қайғы жеген Ахмет 
Байтұрсыновты - азап пен тозақтың бәрін басынан кешірген, ақыры 
қаратүнек надандықтың құрбаны болған, оның өнері, білім, оқу-тәрбие, 
тарихи тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, ұлы адамның аты - әр 
адамның, бүкіл жұрттың жүрегінде мәңгі сақталары даусыз. 
Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, 
сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның 
төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық 
бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет