0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет139/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

111 
 
орайлас пікір-тұжырымды жігіт-желең, 25-26-лардағы балғын ойшыл қалай 
тауып айтты екен деп таң қаласың: “Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң 
түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, “Қырық мысал”, 
“Маса” еңбегі, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына 
істелген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз 
ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. 
Бұның шындығына ешкім дауласпайды”. (“Ақжол”, 1923, 4 ақпан), – деп 
жазады ол. 
Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық 
істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін 
айтқан адамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол “Еңбекші қазақ” газетіне (1923 
жыл, 30 қаңтар) “Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” деген арнаулы мақала 
жазып, онда былай дейді: “А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. 
Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты 
атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын 
жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде 
қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын 
жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. 
Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін 
сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп 
жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды”. “Қырық 
мысал”, “Маса” кітаптарын, “Қазақ” газетіне редакторлық еткен еңбектерін, 
Алаш кезеңін, артынан компартияға кіргенін түгел шолып айта келіп, 
мынандай түйін түйеді: “Қалай болса да жазушы аз ғана, әдебиеті нашар 
қазақ жырларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай... Елуге 
келген Ақаңды шын көңілден құттықтап, өмірінің ұзақ болуын тілеймін”. 
Түркістан республикасы Орталық атқару комитеті мен Түркістан 
Орталық партия комитетінің газеті “Ақжол” 1923 жылғы 4 ақпанында 
шыққан 270-санында: “Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл 
һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң 
еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда 
бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді”, — деп жазылған. 
Бұдан кейінгі уақыттарда, әділет принциптері бұзылып, адамшылықты 
таптаған зұлмат жылдар, нәубет, селебе, қан қырғын – репрессиялар 
басталған кезде, көп нәрсе мүлде бұрмаланды, “байтал түгіл бас қайғы” 
дейтін күндер туған. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін талдап, 
тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атаудың өзі – қылмыс, азамат басын 
жұтатын, абақтыға апарар жолға айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет