ұраны: Күш білімде, білім кітапта.
1-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Бүгінгі сайысымызға әділ баға беріп, төрелік ететін қазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
(әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтеді) 2-жүргізуші: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру) Слайд 2 Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Демеймін заман сөздері,
Түбі бүгін өзгерді.
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді, - дей келе «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» сайысына
береміз. (Әр оқушы өздерінің таныстыруларын айтады)