0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет167/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

Сайыстан фото сюжет 


130 
 
А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕЛІК БАҒЫТТЫ 
СИПАТТАЙТЫН САЙЫС САБАҚ
Мұханова Манат 
Мақсаты:
Қазақ ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, 
аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жасқа толуына 
орай, шығармашылығымен таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға 
деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық деңгейін дамыту. 
Міндеттері: 
-
Өз бойына жақсы оқырман тәжірибесін жинақтауға ынталандыру; 
-
Көркем шығарманың, нақыл сөздерінің тәрбиелік мәнін жеке өмірінде 
қолдануға бағыт беру; 
Интеллектуалдық сайыс: Kahoot әдісі арқылы өтеді. 
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! «Ұлтының 
ұстазы» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!. 
Бүгінгі зияткерлік сайысымызды ұлы педагог, ақын, аудармашы, 
әдебиет зерттеуші ғалым және қоғам қайраткері Ахмет Байұрсынұлының 
(1872 – 1937) мерейтойына арнаймыз. 
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, 
Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері 
жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, 
дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл 
толған мерейлі жыл. 
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. 
Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол 
жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін 
пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын 
Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл 
құралы” арқылы оқып үйренді. 
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа, 
Жөн сілтедім жақын емес , алысқа 
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда
Сен де қатарыңнан қалыспа!- деп жас ұрпақты оқу 
білімге,еңбекке шақырған, қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , 
тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының 
туғанына 150 жыл толуына арнап бүгінгі ойынымызды өткізгелі отырмыз.
Қатысушы оқушылардың еңбектері жансын, сайыс барысында сәттілік 
тілей отырып сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі интеллектуалды сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.
Сайысымыздың ережесі бойынша І кезеңнен ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы 
2 кезеңге қатыса алмайды. ІІ кезең қорытындысы бойынша тағы да ең төмен 
ұпай жинаған 2 оқушы ІІІ кезеңге қатыса алмайды.
І кезең: Ахмет Байтұсынұлының өміріне байланысты сұрақтар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет