142 Мұғалім: Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз
мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып
кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның
900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес
арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып
Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де,
қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы
тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ
кешулерден өткен еді...
Оқушы: Қарқаралыда мұғалiм болып жүргенде патша үкiметiнiң
әдiлетсiздiгiне қарсы наразылық бiлдiрушiлердiң қатарында болғаны үшiн,
1909 жылы Семей түрмесiне қамауға алынады. Кейiн қазақ жерiнен тысқары
жерде тұруға үкiм шығарып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңына
дейiн Орынбор қаласында тұрады. Семей түрмесiнде жатқанда анасына
арнап «Анама хат» атты өлең жазды.