Көркемсөз оқушы: Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,
Сап- сары аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Оқушы: Айым : Ахмет тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де
айналысқан. Ол «Қырық мысал» 1909 жылы Петербург қаласында
бастырады. Орыстың классик мысалшысы И.А. Крылов мысалдарының бiр
тобын аударған. Крыловтан аудармалары өз елiне тән, жақын екенiн сезiп
отырып таңдаған. Бұл тұңғыш аударма едi.Ол «Замандастарыма» деген
кiрiспесiнде
«Орыстың тәржiме еттiм мысалдарын,
Әзiрге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа- сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым»- дейдi.
(