0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет176/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

138 
 
1-оқушы:
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, 
Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері 
жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, 
дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл 
толған мерейлі жыл. 
 2-оқушы:
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол 
қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп 
оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. 
Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының 
“Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып 
үйренді. 
3-оқушы:
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. 
А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық 
әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
4-оқушы:
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі 
қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл 
мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте 
оқып, білім алады.
5-оқушы: 
1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, 
Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне 
араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның 
отаршылық саясатын айыптайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет