Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев «Балама хат» Білімділік мақсаты: Өлең мазмұнын түсініп оқу, оның қай кезде кімге арнап жазылғанын, ондағы адамдар бейнесін танып, білуге; Дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, өлең мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу; Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Флипчарт, Жамбыл Жабаев суреті, соғыс суреті, карта, видео - ролик, Сабақ түрі: Аралас сабақ Әдіс - тәсілдері: баяндау, ассоциация, талдау - жинақтау, түсіндіру, сұрақ - жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Семантикалық карта толтыру ІІІ. Жаңа сабақ.
І Дайындық кезеңі Отанмен бірге қозғалды, Қазақстан даласы. Майданға шеру жол тартты, Қазақтың да баласы.
Соғыс сөзіне ассоциация құру қан төгіс
1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Бұл Республика халқының 21, 2 пайызы еді. Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты, әскер дивизиялары, 7 атқыштар бригадасы және 50 атқыштар полкы мен ерекше батальондар жасақталды. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск т. б шайқастарға қатынасып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.
Жаңа сабаққа өту 1. Ж. Жабаев кім? Ол туралы не білесіңдер? Қандай өлеңдер жазған? 2. Балама хат өлеңін оқу. 3. Сөздік жұмыс 4. Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту 5. Сұрақ жауап арқылы жыршы баласына не туралы жазғанын білу
ІV. а) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен көмегі жайында әңгіме ә) Соғысқа қатысқан батырлар туралы әңгіме б) Поэзиялық сәт «Ленинградтық өрендерім» өлеңін тыңдату Ұлы Отан соғысындағы әйгілі шайқастардың бірі 900 күн мен түн қоршауда тұрса да ерліктің, қаһармандықтың үлгісін көрсеткен Ленинград шайқасы болды. Ұлы ақын бабамыз Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры шынайы достықтың, ізгі тілектің әнұранына айналды. Қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиясы Ленинград шайқасында ерліктің үлгісін көрсетті. Ленинград түбіндегі Сұлтан Баймағамбетовтың, Шығыстың қос шынары атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың т. б қаһармандық ерліктері халық санасында мәңгі сақталады. в) Шығармашылық тапсырма Жауынгер бейнесін жасау
V. Сабақты қорытындылау. «Бетпе-бет» студиясы ойыны арқылы, оқушылар тақырып бойынша бір - біріне сұрақ қояды. - Сұраншы, Саурық деген кімдер? - Жамбыл атаның баласының аты кім? - Ұлы Отан соғысы суреттерін, сол кезеңге тән құбылыс - оқиғаларды өлеңнің қай шумақтарынан көруге болады? - Жамбыл ата баласы мен оның жауынгер достарына қандай үндеу тастайды? Қандай сенім артады? - Олар ата сенімін қалай ақтады деп ойлайсың?