Оқу сауаттылық тапсырмалары Мәтін Дегелеңдегі жарылыс



Дата11.05.2022
өлшемі118,83 Kb.
#142010
Байланысты:
Оқу сауаттылық PISA тапсырмалары


Оқу сауаттылық тапсырмалары
Мәтін Дегелеңдегі жарылыс

  • Айтуар! Айтуар! Ананы қара! Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы! Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл от...Жалын...Күннен де жарық...Қара, қара деймін! Күн көрінбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн...Қызыл күн шықты...- деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлайды.

Бірақ мен жартас қуысына кіріп, қорыққаннан көзімді тарс жұмып, жер бауырлап жата бердім. Тұла бойым дірілдеп, менімен бірге бүйірімдегі қара жер де солқылдады. Маңайды дүріл басып, бетті жалын жалап, төңіректі жай отындай сәуле шарпыды. Шілде айының аптабынан да ыстық, күшті дауыл тұрды.
...Сол жылы күзде үздік оқитын Қажымұрат мектепке келмеді. Соқыр болып қалған оны әке-шешесі Алматыда емдетуге көшіп кетіпті.

  1. Қара жер қандай күйге енді? [1]

A.Жылады. B.Солқылдады. C.Қайғырды. D.Еңіреді.
2. Жартас қуысына тығылған баланың аты кім? [1]
A.Қажымұрат. B.Айтуған. C.Алпамыс. D.Айтуар.
3. «Ия» не «Жоқ» [3]

р\с

Мәтін

Иә

Жоқ

1

Қажымұрат өзінің соқыр болып қалғанына кінәлі ме?







2

Айтуарды қорқақ деп санайсыз ба?







3

Сәуле мен дауылдың ортасында байланыс бар ма?







4. Сіздіңше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды дәлелмен келтіріңіз. [5]
5. Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай? [5]
Мәтін. Тұмау
Қыстың суық күндерімен қосылып бізге тағы бір қауіп келеді- ол тұмау. Бұл өте қауіпті, жұқпалы ауру, вирус арқылы жұғады. Басқа жұқпалы ауруларға қарағанда тұмау өкпенің қабынуына, отит, гайморит, жүрек ауруларына және жүйке ауруларының асқынуына әкеліп соқтырады.

Өкінішке орай, біз әлі тұмауға қарсы шара қолдануды үйренген жоқпыз. Бірақ, интерферон, ремантадин, ликопид, амиксин, арбидол, афлутон дәрілерінің өте пайдалы екенін білдік. Бұл дәрілердің бәрінің вирусқа қарсы емдік қасиеттері бар.Тұмаудан қорғанудың бірден-бір жолы- егу. Ресейдің «Гриппол», француздың «Ваксигрипп» компаниялары тұмауға қарсы 11 түрлі дәрі-дәрмек ұсынды.
6. Тұмау қай кезде қозады? [1]
A)Жаз айында. B)Ауа райының суық кезінде. C)Жаздың қапырық кезінде
D)Жауын- шашынды күндері
7. Бетпердені күніне неше рет ауыстыру керек? [1]
А. 2 рет В. 4 рет С. 3 рет Д. 8 рет
8. Тұмау кезінде қабынатын ағзаларды атаңыз: [1]
А. Бас ауруы В. Қол ауруы С. Өкпенің қабынуы, отит, гайморит, жүрек аурулары Д. Тіс ауруы
9. «Ия» не «Жоқ» [3]

р\с

Мәтін

Иә

Жоқ

1

Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігер шақырту керек пе?







2

Бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдету жеткілікті ме?







3

Тұмау кезінде сұйықтықты ішуді шектеу қажет пе?







10. Жұқпалы тұмаудың жыл сайын жаңа түрлері пайда болуда. Сонда адамзаттың тұмауға қарсы күресі өз нәтижесін бермеді ме? [5]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет