Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне арналған
«Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағыты бойынша (география) тест тапсырмалары І нұсқа
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тест тапсырмаларына дұрыс жауап беріңіз.
Тектоникалық қозғалыстар
Жер қыртысы үнемі қозғалыста болады. Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары - бұл тектоникалық күштер мен ауырлық күшінің әсерінен қабаттардың, блоктардың және геологиялық ортаның кез-келген басқа бөлігінің қозғалысы, бұл жер қыртысының тау жыныстарының пайда болуына, олардың физикалық қасиеттері мен құрамының өзгеруіне әкеледі. Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарына: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг жатады.
Жердің әртүрлі бөліктеріндегі және оның әртүрлі деңгейлеріндегі қозғалыстардың себептері әртүрлі.
1.1. Тау жыныстарының қалыптасуының және олардың физикалық қасиеттерінің өзгеруіне әкелетін жер қыртысының қозғалыстары:
A) тектоникалық
B) геологиялық
C) географиялық
D) климаттық
E) толысу
1.2. Мұхиттың орта-мұхиттық жоталарында және мұхиттың басқа рифтік аймақтарындағы плиталардың дивергентті шекараларында мұхит түбінің өсуі:
A) дрейф
B) коллизия
C) спрединг
D) субдукция
E) опырылымдар
1.3. Тектоникалық қозғалыстардың пайда болуының себебі:
A) адамның әсері
B) Жер шарының Күнді айналуы
C) литосфералық плиталардың көлденең қозғалысы
D) тұрақты желдердің бағыты
E) органикалық үгілу
1.4. Литосфералық плиталардың қозғалысындағы субдукция үдерісін көрсетіңіздер:
A) Наска және Оңтүстік-Америкалық
B) Үнді-Австралиялық және Евразиялық
C) Солтүстік-Америкалық және Оңтүстік-Америкалық
D) Антарктикалық және Оңтүстік-Америкалық
E) Африкалық және Евразиялық
Табиғатты пайдалану
Табиғатты пайдалану - бұл табиғат ресурстарын пайдалану арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамдар қоғамы жүзеге асыратын қызмет. Табиғатты пайдаланудың салалық, географиялық және бағалау классификациялары бар. Іс-әрекетте қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ғалымдар негіздеген бағалауларына сүйену маңызды. Ол сандық және сапалық құрамды барлау, анықтау, есепке алу нәтижесінде алынған деректер негізінде жасалады.
Табиғатты пайдалану - елдің тіршілік әрекеті мен экономикалық әл-ауқатының негізі. Бірақ онымен қолайсыз процестер байланысты. Қоршаған орта оның құрамына теріс өзгерістер енгізу арқылы ластанады, бұл адам мен биосфераға кері әсерін тигізеді.
2.1. Қызмет түріне байланысты салалық классификацияда табиғатты пайдалану:
A) рационалды емес
B) аграрлы
C) жазықтық
D) рационалды
E) далалық
2.2.Рационалды табиғатты пайдалану:
A) тиімді емес
B) өнімді емес
C) тұрақты емес
D) тиімділігі төмен
E) тиімді
2.3. Өнеркәсіптік табиғатты пайдалану мәселесі:
A) топырақтың тозуы
B) аумақтың аз орманды болуы
C) кен орындары қорларының сарқылуы
D) шөлейттену
E) жер үсті суларының ластануы
2.4. Суды тиімді пайдалану мәселесін шешудің жолдары:
A) ағаш отырғызу, орман кесуді тоқтату
B) өзен ағынын реттеу, сарқынды сулардың шығарылуын тоқтату
C) минералды тыңайтқыштар енгізу, мал жаю үшін аумақты ауыстыру
D) жоғары сапалы сүзгілерді орнату
E) шикізатты өндіру жағдайларын жақсарту, қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату.
Достарыңызбен бөлісу: |