0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет236/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

187 
 
басқа сөз қолданып көреді. Синонимдерді орынды, дұрыс қолдануды 
үйренеді.
«Ана тілінің әдісі» атты мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеу 
әрекеттерінің 4 түрін: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым арқылы 
үйретуді айтып кеткен болса, кейінгі жасалған реформа бойынша біздің елде 
де осы оқу дағдыларына басымдық берілген. Жаңартылған бағдарламаның 
басты мақсаты жеке тұлғаны өмірге бейімдеу, функционалды сауаттылықты 
арттыру болғандықтан, бұл дағдыларды меңгерудің маңызы зор. Сөйлеу 
әрекетінің түрлері «Оқылым құралында» айтылады. Мәселен, оқылым 
әрекеті буындап оқу, тұтас оқу арқылы; жазылым әрекеті сөздерді буындау, 
тасымалдау, көшіру, құрастыру, сөзден сөз тудыру арқылы; айтылым әрекеті 
сұрақтарға жауап беру арқылы; тыңдалым әрекеті жаңылтпаштарды есте 
сақтап, жатқа жазу арқылы жүзеге асырылады. Тілдік дағдылар өмірдің 
барлық сатысында кездесетіндіктен, меңгерту жолдарын жақсылап 
қарастырған жөн. Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Бәсекеге қабілетті маман – 
креативті ойлай алатын, кез келген тақырыпта өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, 
қандай да бір мәселе болмасын, сыни тұрғыда ойлап, ұтымды шешім 
шығаратын адам. Сондықтан біз мектеп табалдырығынан бастап баланың 
бойына осы аталған қасиеттерді сіңіруде түрлі әдістер қолданамыз. Мысалы, 
оқылымалды тапсырма, оқылымнан кейінгі тапсырмаларды орындаудың 
тиімді жолдарын ұсынсақ, мәтінмен жұмыс жасай алу қабілеттері ашыла 
түседі. Осы ретте «Фишбоун», «Синквейн», «Автор орындығы», «Ойлаудың 
алты қалпағы» т.с.с. түрлі оқытудың белсенді әдістерінің көмегі көп тиеді.
«Білім алушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану» 
қағидасы Ахмет Байтұрсынұлының «Баулу мектебі» мақаласында былай 
баяндалады: «Өлі оқудан гөрі «төте оқу», беретін білім жылдамырақ, «төте 
оқудан» гөрі «көрнекі оқу» беретін білім жандырақ, «баулу» беретін білім 
бәрінен де жандырақ». Яғни бала алған білімін өмірде, тіршілікте қолдана 
білуге баулу, үйрету деген сөз. Халықаралық PISA зерттеулерінің де негізгі 
мақсаттарының бірі осы. Бұл зерттеулер оқу сауаттылығы арқылы оқушының 
оқылым дағдысын қаншалықты меңгергенін, білімін қолдана білгенін 
көрсетеді. Яғни мәтінмен жұмыс жасай отырып, ақпараттарды салыстыру, 
автордың ойын білу, дәделдер келтіру, пайымдай алу, жағдаяттың маңызын 
анықтай алуы керек. Демек өткен ғасырда Ахмет Байтұрсынов көрсеткен 
мәтінмен жұмыс жасау әдісі өз мәнін жойған жоқ. Мәтінмен жұмыс жасау 
барысында қолданып жүрген кезекпен оқу, талқылап оқу, түртіп алу, 
топтастыру, ментальді картаға салу екі жақты күнделік жүргізу секілді 
әдістердің түп негізін Ахметтің жазбаларынан көруге болады. Мәтінде өз 
бетімен оқыса да, топпен оқыса да түрлі тапсырма арқылы түсінуге, 
қабылдауға, қолдануға, бағалауға арналған түрлі белсенді оқыту әдістерін 
қолданамыз.
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі әм сондай 
болмақшы, иағни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін 
болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. ... Солай болған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет