0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет237/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

188 
 
соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан қабардар, 
оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы әм сайлы 
болуы. Құралсыз іс істелмейді әм құрал қандай болса, істеген іс те сондай 
болмақшы. Істің толық жақсы болуына, құралдар сайлы әм жақсы болуы 
шарт. Үшінші, мектепке керегі белгіленген проғырамма. Әр іс көңілдегідей 
болып шығу үшін оның үлгісі иә мерзімді өлшеуі боларға керек» деп білім 
беруде, оқытуда мектептің, мұғалімнің қандай болу керек екенін айтып 
кеткен Ахмет Байтұрсыновтың салған ізімен жүрсек, еш қателеспейтініз 
анық. Туған халқының сауатты, білімді һәм мәдениетті болуына барынша 
жанын салған ағартушының еңбектерін толық зерттеп, зерделеу алдағы 
уақыттың еншісінде болмақ. Қазақ тіл ғылымының атасына айналған 
Алаштың ардақтысының жазған әрбір туындысы тиісінше өз бағасын алуы 
керек.
Ұлы ағартушының тіл білімін үйретудегі, дыбысты, әріпті, оқу мен 
жазуды үйретудегі әдістерін, баланың оқу сауаттылығын арттыруға қатысты 
айтқан нұсқаулықтарын түбегейлі зерттеп, әдістемелік құрал ретінде 
шығарсақ, 
мұғалімдерге 
жақсы 
көмек 
болары 
анық. 
Ахмет 
Байтұрсынұлының ұлтқа жасаған еңбегі өлшеусіз екенін оның еңбектерін 
талдау кезінде көбірек түсінеріміз сөзсіз. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде мұғалім 
ретінде өз жауапкершілігімізді терең түсіне отырып, ұстаздардың ұстазының
мұғалімдерге артқан үміті мен сенімін ақтауға тиіспіз.
Ұлт ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлының оқу-ағарту 
саласындағы еңбектерінің өміршең екендігіне көзім жетті. «Ахаң ашқан 
қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған елшілдік ұраны – «Қырық 
мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген 
еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, 
тарих ұмытпайтын істер болатын»,-деп М.Әуезов айтқандай, Ахмет 
Байтұрсыновтың есімі қазақ халқы тұрғанда, ешуақытта өшпейді.
Ағартушының педагогикалық еңбектерінен ғылыми-әдістемелік кешенін 
жасап, әдістемелік құралдар шығарсақ, ұрпақ алдындағы борышымызды 
өтеген болар едік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет