0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет240/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

191 
 
«Масаның» негізгі идеялық қазығы - жұртшылықты оқуға, өнер- білімге, 
рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті , мәдениетті уағыздау, еңбек 
етуге үндеу еді. 
Ұлы ұстаз қазақ балаларын қазақ тілінде оқыту жайында жазылған, 1913 
жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақша оқу жайынан» 
мақаласында: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам , әуелі, балаларға
үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын 
біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың 
туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын 
білерге керек. Баланың ісіне , түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болу 
керек»- дейді. 
«Тәні саудың- жаны сау» мақаласында адам тәрбиелеудің жан- жақтылық 
тәсілдері , келісті кісі қалыптастырып, шығару мәселелеріне тоқталады. 
Осы ойларды дамыта отырып, ұлы ұстаз қазақша әліппе жазып, араб 
жазуына реформа кіргізеді, Қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін
халқымыздың 
образды 
ойлау 
мүмкіндігімен 
сабақтастырып, 
өз 
топырығымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама береді.Дыбыс жүйесін 
(фонетика), сөз жүйесін ( морфология), сөйлем жүйесін ( грамматика) деп 
қалыптастырып, «Тіл құрал» еңбегін жазады. 
Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл -құрал» оқулығы , негізінен үш жылдыққа 
арналып, әр жылғы сыныптарға жеке- жеке жазылған құрал. Бірінші тіл 
танытқыш кітап: «Дыбыс жүйесі мен түрлері» 1914 жылы, екіншісі «Сөздің 
жүйесі мен түрлері» 1914-1915 жылдары, үшіншісі «Сөйлем жүйесі мен 
түрлері» 1923 жылы жазылып, Орынбор қаласында жарық көрген. 
Әдіскер ұстаз осы оқулықты не себепті үш жылға бөлінгенін түсіндіре 
отырып, бірінші жылы оқытылатын «Тіл құрал» тіл білімінің негізі 
болғандықтан, оқытушылардың алғашқы жылы нық үйретулері керектігін 
ескертеді. Бірінші кітапта әріптер , буындар, әріптер туралы ережелер , қазақ 
тіліндегі сөздердің тұлғалары оқытылса , жеткілікті екенін айтады. 
Дүниедегі жұрт тілінің негізі үшке: түбіршек , жалғамалы, қопармалы 
болып бөлінетінін , ал қазақ тілінің қай топқа жататынын, әрі оның негізгі 
ережелерін түсіндіріп береді. 
«Біз тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше , әуелі өз тілмізбен 
оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз. Қазақтың бастауыш мектебінде 
басқа білімдермен қатар, тілінің дыбыс, сөз , сөйлем жүйелерін де үйрету 
керек», - деген пікірі ешқашан маңызын жоймақ емес.
Ұлт ұстазының осы сөзі - бүгінгі күннің де өзекті мәселесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет