192
Ахмет Байтұрсынұлының ғалым- теоретик, эстетик- сыншы тұлғасын
айқындап беретін күрделі , толымды , жаңашыл туындысы «Әдебиет
танытқыш» еңбегі 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шығады.
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық
арналары , басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы
кітапта берілген.
Автор өнер атаулыны тірнек өнері мен көрнек өнері деп екі ұлы топқа бөліп
алады, сөзін былай жалғастырады:
«Көрнек өнері бес тарау болады:
Бірінші - үй салу өнері , екінші- сурет салу өнері , үшінші - кескін өнері,
төртінші - күй тарту өнері , яғни әуез өнері, бесінші - нәрсенің жайын ,
күйін,түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері . Бұл сөз өнері болады,
қазақша- асыл сөз, арабша- әдебиет, европаша- литература» -деп, анықтама
береді.
«Өнердің ең алды сөз өнері саналады. «Өнер алды -қызыл тіл» деген қазақ
мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан , сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін
білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қалдарынша
сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты я
кескінді суреттер болсын, қандай ән- күй болсын , сөзбен сөйлеп, суреттеуге,
таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді» -деп, «Әдебиет
танытқыш» кітабының 2 бетінде айтып өтеді.
Сонымен қатар өлең айшықтары, шумақ түрлері, тармақ толғаулары , бунақ,
буындар, ағындар, тармақ кезеңдері , ұйқастар- осы тектес өлеңтану
категориялары «Әдебиет танытқышта» жасалады.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш
әдебиет теориясын жазған ғалым ретінде тарихта қалды.
Ахмет Байтұрсынұлының ақын , публицист, ғалым, қоғам қайраткері
санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа
сенген үгіт- арманы - баршасы осы ұлы миссияны орындауға , туған халқы
үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |