Құрамы және грамматикалык құрылысы болады. Осынан келіп тіл білімінің салалары шығады



Дата28.01.2018
өлшемі349,89 Kb.
#35291

042-14.7.05.09.03-2009


№3басылым 30.09.2009-дан

беттің беті




.

беттің беті






«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»

5В0210 0 « Филология: шетел филологиясы »

мамандықтарына арналған үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ, 2013
Мазмұны

1. Дәрістер

2. Тәжірбиелік сабақтар

3. Студенттердің өздік жұмысы

4. Әдебиеттер

1. ДӘРІСТЕР
1-дәріс

Тақырыбы: ТІЛ БІЛІМІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК


  1. Тіл білімінің салалары

  2. Жалпы және жеке тіл білімі

Тіл білімі лингвистика (грек linqua-тіл), тіл жөне онын даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы -тіл. Тіл - адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалык құрылысы болады. Осынан келіп тіл білімінің салалары шығады.



Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика. грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.

Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.

Жалпы тіл білімі - жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сқйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.

Бақылау сұрақтары:



  1. Тіл білімінің фонетика, лексика. грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика салаларының бүгінгі көрінісін сипаттаңыз

  2. Жалпы және жеке тіл білімі мәселелері

  3. Тіл білімі-жеке дара ғылым ретінде

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізі.мі. 1,5,6.

Қосымша әдебиеттер тізі.мі: 4,14,33,51

2 –дәріс

Тақырыбы: ТІЛ БІЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМДАР

ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ


  1. Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысы

  2. Тіл білімінің теориялык мәні

Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары. Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология.

Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.

Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.



Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.

Тіл білімінің теориялык мәні - тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму зандылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым қатынасы анықталады.Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар, жасалады. Сол қорытындылар мен топшылаулардың негізін оқулықтар жазылып, сөздіктер күрастырылады. Міне, тілдің теориялық жағы дегеніміз осы.
Бақылау сұрақтары:

  1. Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысы

  2. Тіл білімінің теориялык мәнін баяндаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:



Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6.

Қосымша әдебиеттер тізімі: 3,4,5,29,30,36,45,48,49.

.
3 - дәріс



Тақырыбы: ТІЛДІҢ ТАБИҒАТЫ МЕН

ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ


  1. Тіл –қоғамдық құбылыс

  2. Тіл биологиялық құбылыс

  3. Тіл және ойлау


Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, Л.Шлейхер. Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демен олар «тілді туады, өседі, өледі» деп санайды. Бул дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын құбылыс.Сонымем қатар кейбір ғылымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады. Ол «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады.», - деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс емес. Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауымда ғана дамиды. Тіл коғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.

Тілдің қызметтері: қарым-қатынас туралы болу коммуникативті, ойды жарыққа шығару кызметі - экспрессивті, адамның көңіл-күйді білдіруі - эмоционалды, таным құралы болуы когнитивті, белгілі бір зат не қүбылыстың атауы болуы -номинативті және т.б.

Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де,
абстракты ойлау да адамға тән қүбылыс. Біріншіден, тіл де,
ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл
де, ойлау да - қоғамдык құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде
туып, бірге дамып келеді. Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен
айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар. (Ф.Шлсйермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас
жақын қүбылыстар. (В.фон Гумбольд, Л.Леви-Брюль) Тіл мен
ойлаудың ұқсастығы жоқ деп карастырушылар да болды. Олар
ойлауға көңіл бөлмеді. (Ф- Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен
ойлау диалектикалық бірлікте. Диалектикалық материалистер тіл
мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.

Бақылаусұрақтары:



  1. Тіл –қоғамдық құбылыс деген көзқарасқа қалай қарайсыз?

  2. Тіл – биологиялық құбылыс деген көзқарасқа қалай қарайсыз?

3. Тіл және ойлау.

Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6.

Қосымша әдебиеттер тізімі: 4,14,15 .17, 29,32, 37.
4 - дәріс

Тақырыбы: ТІЛДІҢ ТАҢБАЛЫҚ, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ

ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІК СИПАТТЫ


  1. Таңбаның түрлері

  2. Тілдік таңбаның қолданысы

  3. Жүйе, құрылым ұғымдары жайлы


Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұксастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері:

I)еріктілік, 2) шартгылық..

Еріктілік, шарттылық дегеніміз - таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе үғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі танбалық жүйелердің кұрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема -тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема - ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз - болмыс кұбылыстарын, заттарын, олардың қасиеттерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем - тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.

Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді. Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.

Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диохрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-карсы қойылып қарастырылады. Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарай қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден оны кұрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.

Бақылау сұрақтары:


  1. Таңбаның түрлеріне мысалдар келтіріңіз

  2. Тілдік таңбаның қолданысы

  3. Жүйе, құрылым ұғымдарына сөздіктің көмегімен анықтама беріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,4,5,6.

Қосымша әдебиеттер тізімі: 14, 33,39, 38,42 ,48.
5 – дәріс

Тақырыбы: ТІЛДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ




  1. Фонетика – тіл ғылымының бір саласы . Зерттелуі

  2. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі


Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық, перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім - фонология деп аталады. Фонема - тілдегі дыбыстық қатарды қүрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX г. 70-80 жылдары жасаған.

Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингорманизм зандылыгын С. Мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық кұбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық кұбылыстар. инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.

Бақылау сұрақтары:



  1. Фонетика – тіл ғылымының бір саласы . Зерттелуі

  2. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі

  3. Латын әліппиіне көшу туралы өз ойыңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,2,5,6.

Қосымша әдебиеттер тізімі: 6,8, 9.10 ,19,21.

6- дәріс
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ЛЕКСИКА ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРАМЫ

  1. Тіл білімінің лексикология саласы

  2. Лексикология салалары

  3. Лексикография

Лексикологияның зерттеу нысаны-сөздік құрам, яғни лексика. Лексика болмысты бейнелейді, қоғам мен тұрмыстағы өзгерістерге байланысты болатын жаңа затқа, кұбылысқа, ұғымға қатысты үнемі толықтырылып отырады. Лексикологияда зеріттеудің жалпы лингвистикалық тәсілдері қолданылады, олар: дистрибутивті тәсіл, субституция, компоненті-оппозитинті: трансформациялық тәсіл. Сапалық тәсілдермен бірге сандық-статистикалық тәсілдерде қолданылады. Лексикологияның салалары: ономасиология, семасиология, этимология, фразеология, лексикография. Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, сөз бен зат. Сөз номинативті мағынаға ие.

Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді. Мағына түрлері. Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер. Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.

Ономасиология-атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым - этимология. Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология.

Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.

Этимология сөздердің шығуын зерттейді. Этимология өзі екіге бөлінеді: халықтық этимология және ғылыми этимология. Соңғы кездері халықтық этимология кеңінен зерттелуде.

Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.
Бақылау сұрақтары:

  1. Тіл білімінің лексикология саласы

  2. Лексикология салалары

  3. Бірнеше сөздіктермен жұмыс істеу

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6.



Қосымша әдебиаттері тізімі: 11,12,13,16,19,2 5,3 1,45.
7- дәріс
Тақырыбы: ГРАММАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР

  1. Тіл білімінің грамматика саласы

  2. Грамматикалық мағына

  3. Грамматикалық форма

  4. Грамматикалық категория


Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны - тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың керіну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы маңыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы..

Морфема дегеніміз-сөздің ары карай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі. Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс. Грамматикалық мағына грамматикалық форма арқылы беріледі.Грамматикалық мағына дегеніміз- сөздің лексикалық мағынасына үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Грамматикалық форма дегеніміз - грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар. Сөз формаларының екі түрі: синтетикалық және аналитикалық-грамматикалық мағыналар әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер: аффиксация, ішкі фиксия, қосарлану, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, екпін, интонация.

Грамматикалық категория-грамматикалық мағына мен грамматикалық формадан тұрады. Ол сөз топтарына қатысты болады. Түрлері: род, септік, көптік, жақ, шақ, рай етіс.

Бақылау сұрақтары:




  1. Грамматикалық мағына жайлы баяндаңыз

  2. Грамматикалық форма жайлы баяндаңыз

3. Грамматикалық категория жайлы баяндаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:



Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6.

Қосымша әдебиеттер тізімі: 3, 8,20,22,23 ,24,43, 47,50.
8 -дәріс

Тақырыбы: ГРАММАТИКАНЫҢ САЛАЛАРЫ

  1. Морфология, сөзжасам, синтаксис салалары жайлы

  2. Сөйлемнің қарым-қатынас қызметі


Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.

Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу. матасу, меңгеру, кабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып белінеді.

Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді.



Құрмалас сөйлемдер: I) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалас сөйлем болып үш топқа жіктеледі.

Бақылау сұрақтары:



  1. Морфология, сөзжасам, синтаксис салалары жайлы баяндаңыз

  2. Сөйлемнің қарым-қатынас қызметіне мысалдар келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі 1,5,6

Қосымша әдебиаттері тізімі 18,23,24,28,38.39,44,50
9 – дәріс
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕРІ.


  1. Тілдің шығуы

  2. Тілдің дамуы

Адамзат тілінің шығуы-алғашқы адамдардың пайда болуымен байланысты.Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мәселені бір-бірінен ажыратып алу керек. Бірі - жалпы адамзат тілінің шығуы, екіншісі - жеке ,нақты тілдердің шығуы. Әрине жеке тілдердің пайда болуы кейінгі дәуірлердің үлесіне жатады. Бұл мәселе ең алдымен антикалық тіл білімінде қойылған болатын. Онда тіл «табиғи» және «жасанды» құбылыс деген екі қарама-қарсы көзқарас болғаны мәлім. Кейін бұл екі бағыт ортағасырлық ,Қайта өркендеу, ағарту дәуіріне дейін шешімін таппай келді. XVIII г.бастап ғылыми-философиялық тұрғы да қарастырыла бастады. (Ж.Ж. Руссо, И. Г. Гаман, И.Гердер). Осы саладағы зерттеулердің нәтижесінде В.Фон Гумбольдттың әйгілі тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумбольдт тілдің пайда болуын «адамзаттың ішкі қажеттілігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана емес, адамдардың табиғатына тән және олардың рухани күштерінің дамуы мен дүниетанымдарын жасау үшін кажет...» деген. Тілдің шығуы туралы теориялар: дыбысқа еліктеу, эмоционалды теория, одағай теориясы, марксистік теория-қоғамдығ шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате теориялар. 90-жылдарға дейін тілдің шығуының ғылыми тоериясын марксистік теория деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын көрсете білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.



Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.

Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда болуына қарай, тілді рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық болады. Бұлар бірімен бірі туып отыратын категория.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар ру болып біріккен. Олардың тілдері рулық болған, кейін рулық құрылыс ыдырап, территориялық, мемлекеттер пайда болған, яғни халықтық тіл де пайда болады.. Феодализмнен капитализмге көшу барысында ұлт пайда болып, халықтық тіл ұлт тіліне айналады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Тілдің шығуы туралы пікірлер жинақтаңыз

2. Тілдің дамуы жайлы не білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6.

Қосымша әдебиеттер тізімі: 7,9,37,40,43



10- дәріс
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ДАМУЫ
1. Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы

2. Тілдердің өзара байланысы
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер меи Гумбольдтың ұстанған бағыты тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген.. Август Шлейхер тіл дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді. Бұлардың барлығы қате көзқарастар .Н.Я.Маррдың сатылық даму теориясы тілдің дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияга (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.

Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын-жалпы заңдарға жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс пен салаларының заңдылықтарына байланысты. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық саласында кездеседі.

Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу. субстрат. адстрат, суперстрат. Тілдің тоғысуы дегеніміз техникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз - жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халыктардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің тоғысуы дегеніміз не?

2. Тоғысу. субстрат. адстрат, суперстрат терминдеріне түсінік беріңіз


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі; 1,9,28,46,52



11 – дәріс

Тақырыбы: ЖАЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Жазудың тарихы

  2. Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні

  3. Жазудың түрлері


Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні. Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазу, әріптік немесе дыбыстық жазу.Жазудың түрлері: шумер жазуы. көне египет жазуы, сына жазуы, элам иероглифтері, протоүнді жазуы, крит жазуы, қытай жазуы, майя жазуы, кункумжазуы, кана жазуы, кипр жазуы, үнді жазуы, эфиоп жазуы, брахми жазуы,көне семитжазуы, финикия жазуы, көне семиттік квазиалфавиттық жазу, усарит жазуы, арамен жазуы, манихей жазуы, руникалық жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы және т.б.

Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптер жиынтығы алфавит деп аталады.

Графика-белгіді бір тілдегі фонемалар және олардың тіркесе

белгілеу тәсілдерінің жиынтығы.

Орфография-дұрыс жазу нормасын зерттейді.Қазіргі уақытта

дұрыс жазу үшін 2001 жылы шыққан орфографиялық сөздікке

сүйенеміз.

Бақылау сұрақтары:


  1. Жазудың тарихы

  2. Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні

  3. Жазудың түрлеріне мысалдар келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі 1,5,6

Қосымша әдебиеттер тізімі 2,8,10,21.

12- дәріс
Тақырыбы; ДҮНИЕЖҮЗІ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КЛАССИФИКАЦИЯ


  1. Дүниежүзі тілдері

  2. Дүниежүзі тілдерінің топтастырылуы


Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса сонша тіл бар.Олардың ішінде тайпа тілдері деп халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес. Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб тілдері.

Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы-генеологиялык классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ. Семья деген термин — шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген - бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.

Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негізден тараған тілдердің арасында да болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық болады. Типологиялық классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип.

Ареалдық топтастыру-географиялық ягни, территориялык,
орналасу жағынан қарастырады. Бұл топтастыру онша көп
қолданыла бермейді. Бұл тек диалектология,
ареалдық лингвистикада сөз болады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Дүниежүзі тілдері

  2. Дүниежүзі тілдерінің топтастырылуы

  3. Ареалдық топтастыру

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6

Қосымша әдебиеттері тізімі 26,27,37,43,


2.ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР


Тәжірбиелік сабақтар

1.Тіл білімі туралы жалпы түсінік

1

Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.


2.Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны

1

Хасенов. Ә. Тіл білімі . Алматы, 1996

3. Тілдің табиғаты

2

Хасенов. Ә. Тіл білімі . Алматы, 1996

4 Тілдің таңбалық, құрылымдық, жүйелік сипаттары

1

Соссюр Ф. де Труды по языкознанию. М, 1977.



5. Тілдің дыбыстық жүйесі

1

Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.


6. Тілдің лексика жүйесі мен құрылымы

7.Аралық бақылау жұмысы



1

Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.


8. Онамастика және фразеология

1

Хасенов. Ә. Тіл білімі . Алматы, 1996

9. Грамматикалық ұғымдар

1

Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.


10. Сөз таптары

1

Общее языкознание . Внутренняя структура языка. М,1972


11. Синтаксис

1

Общее языкознание . Внутренняя структура языка. М,1972


12. Тілдің дамуы

1

Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.


13. Жазу және оның даму кезеңдері

1

Хасенов. Ә. Тіл білімі . Алматы, 1996

14. Дүние жүзі тілдері және классификациялау

1

Хасенов. Ә. Тіл білімі . Алматы, 1996



3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Тақырып 1


Саналы адам – сөйлеуші адам (тілдің пайда болуы)

Тақырып 2

Тілдің табиғаты туралы көзқарастар



Тақырып 3

Әлем тілдерінің картасы. Тілдерді топтастыру, семьялық тілдер.



Тақырып 4

Тіл мен ойлаудың өзара қарым-қатынасының күрделілігі



Тақырып 5

Жануарлар ойлай ала ма?



Тақырып 6

Тіл – ерекше таңбалық жүйе



Тақырып 7

Тілдің тарихи дамуы – қазіргі тілдің қалпын танып білудің кілті



Тақырып 8

Терминдерге арналған сөздік дәптер. Сөздіктермен жұмыс жасау.



Тақырып 9.

Жасанды тілдер



Тақырып 10

Сөз таптары мәселесінің тіл білімінде қойылысы. Сөз таптарының шығуы мен дамуы. Реферат дайындау.



Тақырып 11

Тілдің дамуындағы - жазудың ролі..



Тақырып 12

«Тілдердің генеологиялық классификациясы» тақырыбына қосымша әдебиеттер дайындау.



Тақырып 13

Терминдер сөздігін толтыру. Сөздікпен жұмыс істеу.



Тақырып 14

«Тілдердің типологиялық классификациясы». Реферат жазу.



Тақырып 15

Қорытынды дәріс. Коллоквиум.


3.1.СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

1. Тапсырма

Қостілділік мәселелері

2.Тапсырма

Ұлттық тіл – тарихи-әлеуметтік категория

3.Психолингвистика, нейролингвистика ғылымдарының

жетістіктерін талқылау.



4. Тапсырма

Тілдің шығуы туралы діни-аңыз әңгімелерден материалдар

жинақтап, талқылау.

5.Тапсырма

Тілдің таңбалық сипаты. Қазақ графикасы қандай әліпбиге көшу керек? Мерзімді баспасөз материалдарын талқылау.

6. Тапсырма

Ф. де Соссюрьдің «Жалпы тіл біліміне» талқылау.

7. Тапсырма.

Тілдің әлеуметтік саралануы

8. Тапсырма

Тіл болмысының түрлері

9. Тапсырма

Қазіргі жазудың принциптері.



10.Тапсырма

Жазудың шығуы мен даму кезеңдері.

10. Тапсырма

Дүниежүзі тілдерінің генеалогиялық топтастырылуы

11.Тапсырма

Дүниежүзі тілдерінің типологиялық топтастырылуы



4.ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер

8.1.1. Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. Алматы,1973; 1994.

8.1.2. Қордабаев . Т. Жалпы тіл білімі . Алматы, 1999.

8.1.3. Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.

8.1.4. Хасенов. Ә. Тіл білімі . Алматы, 1996.

8.1.5. Общее языкознание . Внутренняя структура языка. М,1972

8.1.6. Бенвенист . Э. Общая лингвистика . М , 1974.

8.1.7. Соссюр Ф. де Труды по языкознанию. М, 1977.


8.2. Қосымша әдебиеттер Дополнительная литература Алматы,1997.

8.2.1. Аманжолов. А.С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдер.

8.2.2. Сулейменова Э.Д., Н.Ж. Шаймерденова «Тіл білімі сөздігі» Алматы, 1998.

8.2.3. Березин. Ф.М. «Очерки по языкознанию в Росий. Москва,1968.

8.2.4. Балли Ш. Общая лингвистика и вопросы французского языка. М., 1955г.

8.2.5. Гумбольдт В. Фон Избранные труды по языказнанию. М., 1984г.

8.2.6. Сепир Э. Избарнные труды по языкознанию и культурологии. М., 1993г.

8.2.7. Бюллер К. Теория языка. М., 1992г.



8.2.8. Леотьев А.А. Психолингвистика. М., 1967г.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет