Лекция тақырыбы: Тілдің таңбалық сипаты. Лекцияның жоспары



бет1/2
Дата28.01.2023
өлшемі19,11 Kb.
#166669
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
№8


8 Лекция тақырыбы: Тілдің таңбалық сипаты.
Лекцияның жоспары:

  1. Тілдің таңбалық сипаты. Жалпы семиотика. Таңба, оның түрлері: графикалық, акустикалық, заттық, ақша таңбалары мен ымдау, нұсқау.

  2. Тілдік таңбалар, олардың түрлері мен функциялық ерекшеліктері. Семиотиканы сипаттаудағы философтардың арасындағы қайшылықтар.

Лекция мақсаты: Тілдің таңбалық сипаты және оның түрлерін, тілдің қоғамдағы орнын түсіндіру.
Лекция мазмұны. Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны қолдану әрдайым мүмкін де, тиімді де бола бермейді. Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға, білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін, сол хабардың шартты көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған. Ондай шартты белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады. Таңба деп басқаларға білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына қолданылатын сезім мүшелерінің біріне тән заттық, құбылыстық, дыбыстық, сәулелік, әрекеттік, тағы солар сияқты белгілерді айтады. Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш, яғни таңба, таңбалаушы деп аталады да, ол білдіріп тұрған мағына таңбаланушы деп аталады. Мысалы: бағдаршамның қызыл жарығы — таңбалаушы да, ол білдіріп тұрған "жүруге болмайды" деген мағына — таңбаланушы. Сондай-ақ, шеберханалар мандайшасындағы телевизор, радио қабылдағыштардың суреттері таңбалаушы да, олар білдіріп тұрған "осы заттар осы жерде жөнделеді" деген мағына таңбаланушы т.б. Таңба ретінде кез келген затты, кез келген шартты белгіні қолдануға болады. Ондай шартты белгілер — материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмұны, оны беру тәсілі мен таңбаның құрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі, ол — ғылым нысаны болуға әбден жарайтын, мейлінше күрделі құбылыс. Осы себептен 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты. Семиотика — грек сөзі, мағынасы — белгілі дегенді білдіреді.
Семиотика — хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен қарым-қатынасын зерттейді.
Семиотика — 20 ғасырдың 20-30-жылдарында ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап-ақ білген. Сондай-ақ, атқаратын қызметі жағынан алғанда сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттардың барлығын, сондықтан оны да жалпы таңбалар тобында қараудың керектігін ежелгі заман ойшыларының өздері де айтқан. Аристотель ауызекі айтылған сөздер — ойдағы түсініктің символы, ал жазу — сөздің символы деген. Кейінгі заманда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц т.б. философтар тіл — таңбалар жүйесі деп есептеген. Тілде таңбалық сипаттың барлығын 19 ғасырдағы көрнекті тіл ғалымдары — Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан. Дегенмен, бұл мәселенің тіл білімінің негізгі проблемаларынын бірі ретінде қойылып, тіл білімінде оны зерттейтін тілдік семиотика дейтін саланың болу қажеттігіне көз жеткізген ғалым — Ф.де Соссюр. Сөйтіп, бүкіл таңба атаулыны зерттейтін жалпы семиотика мен тіл түйіскен жерден аралық ғылым ретінде тілдік семиотика деп аталатын ғылым қалыптасты.
Жалпы семиотика мен тілдік семиотика. Жалпы семиотика бүкіл таңба атаулыға бірдей дәрежеде қолдануға болатын ортақ теория қалыптастыруды көздейді. Ол таңбалар арасында болатын өзгешеліктерге, әсіресе тілдік таңбалардың ерекшеліктеріне онша мән бермейді. Семиотика үшін тілдік таңбалар да, тілдік емес, көмекші таңбалар да бірдей, барлығы да хабар беруші, коммуникативтік қызмет атқарушы тұлғалар. Сондықтан олардың барлығы да бірыңғай ортақ заң-ережелерге бағынуы керек. Бірақ іс жүзінде семиотиканың теориялық тұжырымдары, көбінесе, тілге жатпайтын көмекші таңбаларға негізделеді, соларға тән сипаттарды басшылыкқа алады. Бірақ тілдік таңбалар мен тілге жатпайтын таңбалар арасында түбірлі өзгешеліктер болады. Осы себептен семиотиканың жалпы теориялық тұжырымдары тілдік таңбалардың сырларын ашуда біраз септігін тигізгенімен, таңбалардың өзіндік сипаттарын, таңба мен ол білдіретін мағына арасындағы қарым-қатынасты айқындау мәселелеріндегі оның қағидалары тілдік таңба сипатына сай келмейді. Бұл жағдай тілдің таңбалық сипатын жалпы семиотиканың шеңберінде қалдырмай, одан бөліп алып, ерекше сөз етудің қажеттігін байқатады. Тілдік таңбаларды зерттейтін тілдік семиотика ғылымын дүниеге келтірген де сол өзгешеліктер. Тілдік семиотика біраз мәселеде жалпы семиотиканың қағидаларына сүйенеді, соны басшылыкқа алады. Өйткені жалпы таңбаларға тән кейбір қасиеттер тілдік таңбада да болады.
Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі таңба, көмекші немесе жасанды таңба деп екіге бөлушілік бар. Негізгі таңба деп тілдік таңбаларды айтады. Оның негізгі болатын себебі ол алғашқы, басқа көмекші таңбалардың барлығы да соның негізінде туған, сол арқылы ұғынылады. Осы себептен де ғалымдар тілдік таңбаны "барлығын да айтуға келетін" (А.Мартине), барлық басқа семиотикалық таңбаларды аударуға болатын" (Л.Ельмслев), "барлық типтегі таңбалардың оркестрі" (Т.Милевский) деп санайды.
Көмекші таңбаларды материалдық сипаттарына қарай төмендегідей түрлерге бөлушілік бар: графикалық таңбалар, акустикалық таңбалар, заттық таңбалар, ақша таңбалар, сәуле таңбалар,ымдау, нүсқау таңбалары, сигнал таңбалар,символ таңба.
Тілдік таңбалардың түрлері. Жалпы семиотикалық ереже бойынша таңба бір жақты тек материалды ғана болады, мағына таңба құрамына енбейді.Шындығында, тілдік жүйе көмекші, шартты таңбалар жүйесіндей емес, мейлінше күрделі, көп сатылы, көп қабатты, көп элементті жүйе. Тілдегі алуан түрлі тұлғалар тек құрылымдары жағынан ғана емес, мағыналары мен қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Олардың ішінде екі жақты да, жартылай екі жақты да, бір жақты да тұлғалар бар.
Екі жақтыға сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер жатады. Жартылай екі жақтыға көмекші морфемалар жатады. Бір жақтыға фонемалар жатады.
Тілдің негізгі тұлғалары қатарына дыбыс, морфема, сөз, сөйлем жатады. Дыбыс - тілдің ең кіші материалды бөлшегі. Ол, біріншіден, тілдің өзінен бірер басқыш жоғары тұратын тұлғаларын жасауға материал болса, екінші жағынан, бір тұлғаны екінші тұлғадан айыратын танытқыш белгі қызметін ақтарады..Фонемалардан бір басқыш жоғары тұратын тұлға — морфема. Морфеманы, әдетте, өзіне тән мағынасы бар екі жақты тұлға деп санайды. Бірақ морфеманың мағынасы атауыштық, хабаршы мағына емес, грамматикалық мағына және ол мағынасы номинативтік мәні бар негізгі морфемамен бірге тұрғанда ғана білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет