Мәдениетті рәміздер, мәндер,таңбалар мен мағыналар ретінде талдау үшін мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігін негіздеу



Pdf көрінісі
Дата26.02.2022
өлшемі4,13 Mb.
#133440
Байланысты:
Мадениеттану
срс 2 Аль Фараби Сарбарова А


Сарбаро а А ан
Мәдениетті рәміздер,
мәндер,таңбалар мен
мағыналар ретінде талдау
үшін мәдениеттің
ақпараттық-семиотикалық
түсінігін негіздеу
01


Мә ен е ура үсіні
02
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-
ойымен жасағандары және жасап
жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана
сауат ашудан және тазалық ережелерін
сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі
шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды
қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі
кең. 
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі
мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына
байланысты өзгеріп отырады. Тарихи
дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны
мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер
енгізеді.


ХІХ ғасырда мәдениет мәселелерімен
тығыз айналысқан ғалымдардың бірі –
ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор
(1832-1917) болды.
Ол “мәдениет жөніндегі ғылым-
реформалар жөніндегі ғылым” деп
тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз
даму үстіндегі процесс деп қарастырды.
Тайлор мәдениетке мынадай жалпылама
анықтама берді. “Мәдениет пен өркениет
кең, әрі этнографиялық мағынада –
білімнен, наным-сенімдерден, өнерден,
адамгершіліктен, заңдардан, салт-
дәстүрлерден және қоғамның мүшесі
ретінде адамның игерген дағдыларымен
түрлі қабілеттерінен құралады”
03


МӘДЕНИЕТТЕГІ
РӘМІЗДЕР,
МӘНДЕР, 
ТАҢБАЛАР МЕН
МАҒЫНАЛАР
04


Семиотика – символданған таңбаларды зерттейтін ғылым. Ал таңба деп
белгілі бір ақпаратты таси алатын белгілерді айтамыз. Ол белгілер тек
жазбаща түрде таңбаланған белгілер емес, сонымен қатар киіну, түстерді
қолдану, ым-ишара білдіру сияқты ақпарат тасушылардың бәрі белгі болып
есептеледі. Сондықтан аталған ұлттық ерекшеліктерін, немесе қазақи
символиканы зерттейтін семиотика ғылымы. Посткеңестік елдерде
семиотика деп аталатын ғылымның бұл түрі өте кенже болып табылады.
Бірақ символдарды зерттеу тілді ғана емес,мәдениеттеде діндеде зерттеуді
талап етеді.


Семиотика - бұл белгілер мен
белгілерді, атап айтқанда олар
сөйлейтін және сөйлемейтін заттарды
зерттеу. - Жалпыға ортақ түсінікті
белгілер қатарына жол белгілері,
эмодиялар және корпоративті
логотиптер жатады. - Жазбаша және
ауызекі сөйлеу тілі семиотикаға толы,
интертекстуалдылық, пунктер,
метафоралар және мәдени
ортақтықтарға сілтемелер.


07
Таңба – заттың мағына беретін,іс – әрекет пен өзіне тән мінезділік пен адам
айналасындағы дүние. Таңба олрәміз, материалды құбылыс, көрнекті бейне мен формада
абстаркты ой мен түсінік береді. Сөз де бір таңба, өмір де бір таңба, мәдениет, ауа, жер,
ақиқат бәрі өз алдына бір таңба. Әлбетте, бұл ғылым жоқ жерден пайда болған жоқ.


08
Қазақ жерінде алғаш пайда болған жазу өнері және оның ең алғашқы
нұсқалары мерзімдік кезеңделуі жағынан тас дәуірінен бастау алады. Оның
нақты дәлелі еңбек құралдарындағы мақсатты түрде ойылған ойықтан
бастап, өрнек түрінде түсірілген таңба, белгілерді де айтуға болады. Адам
баласының саналы түрде нобайлап сызу, кейіптік пішіндерді тегістік бетіне
таңба етіп түсіру еңбегінің жарқын үлгісі ретінде Каспий теңізі
жағалауындағы Қосқұдық ескерткішінен көре аламыз. Уақыт өте келе
жалғасын тапқан бейнелеу өнері арқылы таңба түсіру, шеку, бейнелерді
қашау, бояуларды пайдаланып сурет пен таңба жазу үлгілерін қалдыру
ісінің жалғасын қазақ жерінде пайда болған жазу өнері және оның ең
алғашқы нұсқалары мерзімдік кезеңделуі жағынан тас дәуірінен бастау
алады Байырғы түрік халқының билеушілері құрған еуразиялық ауқымдағы
құдыретті империясының мәдени жетістіктерінің айқын айғағы – таңба
жазулы үнсіз мәдени куәгерлері еліміздің шығысынан бастап Алтай,
Тарбағатай, Ұлытау және Алатау, Мерке қатарлы киелі де қасиетті тауларда,
Ертіс, Сырдария, Талас, Жем сынды өзендердің бойында кездеседі.


Мәселен,ата-бабамыздан келе жатқан ТОНЫКӨК ескерткішіне – 1300
жыл Қазақтың ғана емес, әлем мәдениетінің тасқа таңбаланған аса
маңызды құндылықтарының бірі – Тоныкөк ескерткішінің 1300
жылдығы UNESCO көлемінде аталып өтеді. Төрткүл дүниеге тарыдай
шашылған тұтас түркі халықтарының абызы, Екінші Шығыс Түркі
қағанатының іргетасын қалаушылардың бірі, өз заманының озық
ойлы данагөйі, Елтеріс және Білге қағандарға кеңесші болған Тоныкөк
бабамыздың тұлғасы және оның тасқа қашалған жазбасы – маңдайға
тұтар маңызды тарихи мұрамыз. Орхон және Енесей өзендері
алқабынан табылған қағандар құлпытасына қашалып жазылған көне
түркі жазуларының құпиясын даниялық ғалым Вильгельм Томсен 1893
жылы ашса, түркітанушы орыс ғалымы Василий Радлов руна
жазуларын оқып, аударған еді. Содан бері өткен ғасырдан астам уақыт
бойы бұл жазулар әлем ғалымдарының « ашылмаған аралдай » болып,
аңсарын аударып, қызығушылығын тудырып келеді. 2020 жылдың
Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналуы – тарихи жәдігерді
тани түсуге, таңба сырына, жазу ерекшелігіне жаңа көзқараспен қайта
қарауға мүмкіндік берер, жәдігер құпиясына жарық түсірер жаңа
бастамаларға жол ашады деп ойлаймыз.


Рәміздер дегеніміз- затты көрсетіп қана
қоймай,қосымша мағына беретін
белгілер.Егер кез-келген басқа белгілердің
мағыналары не нақты физикалық әлемнің
заттары мен объектілеріне,немесе ақыл-ой
мен рухани өмір құбылыстарына (
ұғымдар,идеялар,сезімдер және т.б. ) қатысты
болса,онда белгілердің мағыналары бұл
құбылыстардың жеке адам үшін
маңыздылығын,құндылығын
көрсетеді,сондай-ақ адамдардың шағын және
үлкен топтары,ұлттар,мемлекет,жалпы
адамзат үшін.Рәміздердің мысалдары ретінде
мемлекеттік эмблемалар,жалаулар,әнұрандар-
мемлекеттер абыройының символдық
белгілері.


11
Бүгінгі « Рәмізіміз – елдігімнің белгісі » атты Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерін
насихаттауға арналған сынып сағатын рәміздер еліне
саяхатқа шығумен бастаймыз. Әлемдегі кез келген
жаңадан пайда болған мемлекет - өзінің мемлекеттік
рәміздерін : туын, елтаңбасын және әнұранын
бекітеді. Бұл әрбір елдің саяси егемендігінің белгісі.
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық
салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын,
болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше
құнды белгілер. Рәмізбен айналысатын ғылым
салалары - геральдика ( Елтаңба тану ) мен
вексилология (ту тану ) өмірге келгелі де бірнеше
ғасыр өткен. Бұл жөніндегі алғашқы кітаптар 16
ғасырда-ақ белгілі бола бастаған. Француз
тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені
жазған үлкен еңбегі үшін елтаңба тану ілімінің атасы
атаңды. 


ҚР- ның Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. 9-
бөлім 98-баптан тұрады. 9-бабында: ҚР- ның Мемлекеттік рәміздері - Туы,
Елтаңбасы және Әнұраны туралы жазылған. Олардың сипаттамасы және ресми
пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен бекітіледі. 34-бапта әркім
республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған. Бұл
елде-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған – Тәуелсіз мемлекет. Әр
мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Рәміздер мемлекеті үш
аймақтан тұрады :
Гимн


13
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның
астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.
Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның
шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек
сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс
аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген,
шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар
шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол
жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі
орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес
бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде
«Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың,
шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты
пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан»
деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер
Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.


Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде
танымал болған Қазақстанның гимні
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы
бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің
Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006
жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының
салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін
жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет