196 тұтас жiңiшкелiгiн бiлдiру үшiн оның алдына дәйекше дейтiн таңба
қажеттiгiн дәлелдейдi.
Әрi қарайғы iзденiстерiнде араб графикасын қазақ жазуы үшiн былайша
лайықтап ашуды ұсынады: 1) араб алфавитiндегi жуан дыбыстарының
таңбаларын алмау, 2) қазақ тiлiндегi
ы, е, и, о, ұ, у , дыбыстарының әр
қайсысына таңба белгiлеу, 3) к, г, дыбыстарынан юасқа дауыссыз дауыссыз
дыбыстармен келген сөздердiң жiңiшкелiгiн (яғни қазiргi
ә, е, i, ү, дыбыстармен айтылатындығын) бiлдiру үшiн сөздiң алдынан дәйекше
таңба қою. Бұлайша тiзiлген алфавиттiң сауат ашудың дыбыс жүйелi әдiсiне
сай келетiндiгi байқалады.
А.Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тiлiне икемдеген нұсқасын қазақ
жұртшылығы, әсiресе мұғалiмдер қауымы ешбiр талассыз қабылдады, себебi
А.Байтұрсыновтың реформасы қазақ тiлiнiң табиғатына сүйенiп, ғылыми
негiзде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап
ұсынған, осы алфавиттi негiзге алған жаңа жазуы (ол «Жаңа емле» деп
аталады) iс жүзiнде қолданыла бастады. 1915 жылдың бiр өзiнде осыемлемен
(жазумен) 15 – тей қазақ кiтабыбасылып шығыпты және бұл жазуды 1912
жылдардан бастап мұсылман медреселерi мен орыс – қазақ мектептерi
қолдана бастапты.
«Жаңа емленi» А.Байтұрсынов әрi қарай да қырнай түседi, полиграфия
жағынан қолайлы, қолайсыз жерлерiн, оқыту процессi кезiндеге тиiмдi,
тиiмсiз жақтарын салмақтайды. Сөйтiп, араб әрiптерi негiзiнде лайықтап
жасалған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12-де
басталған
Қырғыз
(қазақ)
бiлiмпаздарының
тұңғыш
съезiнде
талқыланады.бұл съездiң күн тәртiбiнде 6 мәселе қаралады:
1.
жазу ережелерi (орфография мәселелерi)
2.
әлiпби (алфавит)
3.
қазақша пән сөздер (терминология)
4.
ауыз әдебиетiн жою шаралары
5.
оқу, ғылым кiтаптарын көбейту шаралары
6.
бастауыш мектептердiң бағдарламасы.
Съездiң маусым айының 15 жұлдызындағы мәжiлiсiнде А.Байтұрсынов
«Әлiпби тақырыптары» деген атпен баяндама жасайды. Ол түркi
халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендiгiн, оны тастап, басқа
графикаға көшу оңай емес екендiгiн осында дәлелдейдi. Ол қазақ халқы
қолданып отырған, өңделген (реформаланған) араб алфавитiнiң оң
сипаттарын көрсетедi де, араб алфавитiн тастау қайткенде де қажет болса,
латынға емес, тiлiн қоса үйренiп жатқан, тағдырлас орыс халқы қолданып
отырған жазу қолайлы емес пе деген ой ұшқынын бередi.
А.Байтұрсыновтың осы баяндамасын және латын таңбасын алуды қостаған
Н.Төреқұловтың баяндамасын талқылап, сарапқа салып қараған соң съезд
«А.Байтұрсынов реформалаған және баспа түрiнiң де вариантын ұсынған
араб жазуы негiзiндегi қазақ алфавитiң қабылдау керек» деген қаулы ұсынды.