197 Сөйтiп, А.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезiнде қазақ мдени
дүниесiнде үлкен роль атқаратын, қалың көпшiлiктi жаппай сауаттандыру
iсiнде, жазба дүниелердiң дамуына, баспа жұмысының жандануына игiлiктi
қызмет еткен, прогрессивтiк құбылыс болды. А.Байтұрсыновтың бұл
тәжiрибесiн сол кезде өзге түркi халықтары, өзбектер мен татарлар үлгi етiп,
олар да өз жазуларына реформалар жасады.
Ғалым ширек ғасырдай күш жұмсап, терiн төккен бұл еңбегiн 1926 жылы
Баку қаласында өткен Бүкiлодақтық Бiрiншi Туркологиялық съезiнде
барынша дәлелдеп, араб графикасын латыншаға ауыстырудың не саяси –
идеологиялық, не экономикалық тиiмдiлiгi жоқ, араб графикасы мен латын
жазуының бiр – бiрiнен артық кемдiгi шамалы керiсiнше, жазу таңбасын
өзгерту сан ғасырлық жазба мұрадан, жазба дәстүрден қол үздiредi дегендi
айтты. Бұл жерде А.Байтұрсыновтың концепциясынан ұлтшылдық, немесе
советке қарсылық әрекет iздеу мүлде қисынсыз, араб жазуы арқылы ислам
дiнiн уағыздауды да ол көздеген жоқ, өйткенi ол дiн қамқоршысы емес.
А.Байтұрсынов бұл съезде айтқан пiкiрiн одан кейiнде 1927 жылы
Қызылордада жазу мәселесiне арналған конференциясында қайталап,
дәлелдей түседi.
А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тiлiнде сауат ашуына көп күш
жұмсаған адам. Сол үшiн қазақша сауат ашатын әлiппе құралын жазды. Ол
«Оқу құралы» деген атпен алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылды. «Оқу
құралы» 1912-1925 жылдар аралығында 7 рет қайта басылып, оқу – ағарту
жұмысында ұзағырақ әрi кеңiрек пайдаланды. Кiтап бетiнiң төменгi
тұсындағы сiлтемеде хат таныту жолдары көрсетiлiп, сабақ әдiсi қоса
берiледi. Барлық әрiптердi өтiп болған соң, танымдық материалдар
ұсынылады. Мысалы, «Туысқан – туған iлiктес» деген тақырыпта ата, баба,
ана, әже, шеше, аға, iнi … деген сөздер берiледi. Сол сияқты киiмдердiң,
ойындар мен ойыншықтардың т.б. атаулары ұсынылады. Және бiр көңiл
аударатын жерi – автор балаларға лайық тiлмен жазылған, тәрбиелiк мәнi бар
бар жұмбақ – жауаптарды, мақал – мәтелдердi, шағын өлең текстердi бередi.
1912 ж. қазақ балаларын қазақша сауаттандыратын әлiппенi жазғаннан кейiн,
көп ұзамай ендi мектепте қазақ тiлiн пән ретiнде үйрететiн оқулық жазуға
кiрiседi. «Бiздiң заманымыз – жазу заманы… Сөздiң жүйесiн, қисынын
келтiрiп жаза бiлу үшiн қазақ бастауыш мектебiнде басқа бiлiмдермен қатар
қазақ тiлiнiң дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерiн де үйрету керек» дегендi өзiне
мiндет етiп алады да, сол мiндеттi атқару үшiн «Тiл құрал» деген атпен үш
бөлiмнен тұратын оқулық жазуға кiрiседi. «Тiл құрал» яғни, кiтап тiлдiң
құралы деген мәнде емес, тiлдiң өзi құрал деген мағынада берiлiп тұр.
Сондықтан «Тiл - құрал» деп арасына сызықша қойылып жазылады. Бұл
құралдың фонетикаға арналған I бөлiмi алғаш рет 1915 жылы жарық көрдi.
Әрi қарай жөнделiп, толықтырылып бiрнеше рет басылды. 1927 жылы
Қызылордадағы басылымы 7-шi деп көрсетiлген.