0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет250/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

200 
 
тұжырымдама жасады. Мысалы: «Терме деп ат қойылуының мәнісі бұл түрлі 
шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп, сөз 
қылып өтеді», /3,245-б/ - дейді. 
Зерттеуші мысалдарды, ділмәр (шешендік) сөзді, тақпақты, мақалды, 
мәтелді, ғұрып сөзді (тұрмыс-салт жырларын) талдап, олардың ауыз 
әдебиетіндегі әсерлі, тәрбиелік мәні зор үрдістер салалары екенін дәлелдеп, 
тұрмыс-салт жырларындағы: тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, 
жоқтау, жарапазан, бата сөздерінің поэзиялық ерекшеліктерін талдап 
көрсетіп, олардың тәрбиелік әсерлілік қасиеттерін айқындайды. 
Ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) ғылым ретінде дамып, 
қалыптасуы сол ұлтқа білім берумен, яғни оқумен, оқытумен, тәрбиелеумен 
байланысты деп пайымдаған данышпан Ахмет, ең әуелі халыққа білім беру 
ісін қолға алып, жетілдіруді алдына мақсат етіп қойды. Ол үшін, ол өзі оқып, 
білім алды: 1891 жылы Торғайдағы 2 кластық орыс-қазақ училищесінде 
оқыды, кейін Орынборға барып, мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы 
бітірді. Сөйтіп, 1896-1907 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы 
уездеріндегі ауылдық және болыстық мектептерде, 2 кластық училищелерде 
мұғалім болып, қызмет атқарды. 
Халыққа білім беру үшін сол халықтың ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары 
болуы қажет, әдебиеті мен мәдениетін дамытатын іс-әрекеттер мен саяси 
әлеуметтік жағдайлары болуы тиіс. Міне, осындай өзекті мәселелерге 
А.Байтұрсынов ерекше мән беріп, игі істерді алға бастыру үшін 
кедергілермен аянбай күресті. Ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде 
жаңадан құрып, оны іс-әрекетпен жүзеге асыруға басшы болды. «Ол өзі үшін 
ұлтшыл болған қулардан бөлініп, сол ұлт қамы үшін ерлікпен еңбек етіп 
күресе білді», /4/ - деп С.Сейфуллин айтқандай: «... байын, кедейін айырмай, 
қазақты ғана сүйетін адал жүрек, ұлтжанды» Ахмет ауыл мектептерінде, 
семинарияларында халыққа білім беру, оны жетірдіру саласында көп ізденді, 
қажымай қайрат көрсетіп, қиындықтан да тайсалмай қарсы тұрып, қаһарман 
болды. 
Халық қамқоршысы 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайы» деген бас 
мақала жариялап, онда: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал 
сол шикізаттан жасалатын өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл 
надандықтан келген кемшілік», - дейді. 
Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін 
дәлелдеді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Бастауыш мектеп» 
деген мақаласында автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек 
деген мәселе қойып, халық сауатын ана тілінде ашу мақсатын алға қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет