0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет253/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

203 
 
отаршылдыққа 
қарсылық, 
халық 
санасын 
ояту, 
білімін 
көтеру, 
сауатсыздықпен күрес, ұлттық баспасөз ісін жандандыру мәселелерін 
көтерді. 
А.Байтұрсынов «Революция және қырғыздар» атты мақаласында: 
«М.Тынышбаев тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы 
күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ зиялылары 
өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 
1917 жылғы қос төңкеріске қатысына, елді большевиктік анархиядан құтқару 
үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметін, бұл үкіметтің азамат соғысы 
жылдарындағы қызметіне, бірін-бірі алмастырып билікке таласқан орыс 
үкіметтерімен байланысына және Кеңес үкіметі жағына өту себептеріне 
тоқталады. 
Ғұлама ғалым, көрнекті педагог, белгілі қоғам қайраткері Ахмет 
Байтұрсынов еңбектеріндегі қоғамдық – педагогикалық көзқарастар мен 
тәлімдік ой пікірлерді жүйелеп жинақтай келе, мынандай тұжырымдар 
жасауға толық мүмкіндік туғанын байқадым: 
А.Байтұрсынов мұраларын зерттеудің үш кезеңі және оның туу себептері 
саяси - әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра сараланып дәлелденді; 
- Ахмет Байтұрсыновтың жастарды ұлттық болмысқа сай жоғары 
менталитетті, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеудегі идеялары өзінің ұстазы, 
Қазақстандағы 
педагогикалық 
демократиялық 
озық 
ойдың 
иесі 
Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеясымен үндестігі негізделді; 
- А.Байтұрсыновтың шығармашылығын жан-жақты меңгерту– таптырмас 
тәрбие құралы екені сараланды; 
- Ғалымның өмірі мен шығармашылығын терең меңгертудің оқушыларды 
елжандылыққа, Отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеп жетілдіруде игі ықпал 
ететіндігі айқындалып дәлелденді. 
Менің ойымша ендігі міндет – ақыл ой алыбы А.Байтұрсыновтың асыл сөз, 
асыл ойларын санамызға сіңіру, өсиеттеріне сай еңбек етіп, іс қылу; өнегелі 
өмірін жастарға үлгі етіп ұсынып, кемеңгерлік, даналық пікірлерін тәрбиенің 
қуатты құралына айналдыру. 
... Мақсатқа ойыңа алған жете алмайсың, 
Мал шашып құр далаға төккенменен. 
Пайдалы істен алар абыройың, 
Кетпейді кейін қарай тепкенменен /14,85-б/. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет