0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет54/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

46 
 
сөз арқылы «главные и второстепенные члены» терминін «тұрлаулы 
және тұрлаусыз мүшелер» деп қазақтың өз сөзімен аударып қолдануы ұлт 
жанашырының әркез ізденісте болғандығын дәйектей түседі.
Ахмет Байтұрсынов – тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер
данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін 
жасауда да аса сақтықпен, үлкен ізденіспен шешім шығарған. Мәселен, 
«Әдебиет танытқышта» эпос – әуезе, лирика – толғау, драма – айтыс-
тартыс, публицистика – көсемсөз, афоризм – ділмар сөз деп қолданылады. 
Лириканы өз жанынан толғау деп алады да, оны тек табиғат лирикасы, 
махаббат лирикасы деп шектелмей, сап толғау, марқайыс толғау, налыс 
толғау, намыс толғау, сұқтаныс толғау, ойламалдау, сөгіс толғау, күліс 
толғау секілді түрлеріне анықтама береді. Драманы қазақша «айтыс-
тартыс» деп алып, уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік 
жүзінде айтысып-тартысып өмір шеккенін көреміз деген анықтама береді. 
Және былай бөліп қарастырады: трагедия – әлектеніс, драма – азаптаныс, 
комедия – әуреленіс [2, 180-б.]. Мұнан басқа сан алуан фольклорлық 
шығармаларды саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, 
сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер ғалымның 
төл терминдердің негізін қалаушы екендігін айқындай түседі.
Романды – ұлы әңгіме, повесті – ұзақ әңгіме деп қолдану да қазіргі 
ұғымымызға өзі сұранып тұр. Әдебиеттану ғылымы қазір қолданып 
жүрген негізгі терминдер қазақша өте дәл, ықшам аударылған. Осыдан-
ақ, Ахмет Байтұрсыновтың төл терминдердің негізін қалаушы, жанрлық 
түрлерге ат қойып, анықтама берудің тамаша шебері, ұлы ойшыл 
екендігін тануға болады.
Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінің 
эстетикалық-философиялық 
танымын, 
әдебиетшілік 
көзқарасын, 
сыншылық қабілетін толық танытатын жүйелі зерттеу екенін ғалымдар 
айтып жүр. Осы туындыда айтылған терең ой дәлдігінің арқасында 
ешқашан маңызын жоймайтын және болашақта да қызмет ететін асыл 
мұра екенін айтып өтуіміз керек. Жазылғанына жетпіс жыл уақыт өтсе де, 
бұл еңбекте қолданылған төл терминдер дәл бүгінгі күнде актуалды. Осы 
терминдердің қолданылуы бүгінгі күнде аса қажет.
Ал өнер тарауларында архитектура – сәулет, скульптура – сымбат, 
живопись – кескін, музыка – әуез деп дәлме-дәл анықтама бергендігін 
аңғаруға болады. Сол сияқты субъективті әлем – тиіс ғалам, объективті 
әлем – түйіс ғалам ұғымдарымен ауыстырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет