Жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады; жалпы білім беретін мектеп, шағын мектеп болуы мүмкін, яғни оқушылар санының аздығына сәйкес, қосылған сыныптар жұмыс істейді;
Гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;
Л ицей- кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады, бастауыш және орта кәсіптік оқыту.шағын жинақталған мектеп сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақталған мектептің ерекшелігі мұғалімнің қызметіндегі көп пәнділік, мектеп басшыларының әкімшілік міндттерді қоса атқаруы болып табылады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті –бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптарМұндай жаңа типті мектептердегі, мектеп кеңесінің шешімімен жаңа перспективалық бағыттар жөнінде мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметі енгізілуде. Мысалы, сондай жаңа қызметтің бірі-мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушыларымен, ғылыми орталықтармен байланыс орнатып, оларды мектептегі педагогикалық жұмысқа тартады, мұғалімдердің тәжірибе- эксперименттік жұмыстарына көмектеседі.
Жаңа типті мектептердегі оқу-тәрбие беру жүйесінің қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Оқыту процесіндегі субьектілердің (білім беру жүйесінің қызметкерлері, оқушылар мен тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары) әлеуметтік кепілдері мен олардың құқықтары, міндеттері ескерілген.