«КЕЛІСЕМІН»
ОӘЖ директордың орынбасары
қызметін атқарушы
__________ Пахомова Н.В.
«____»__________2019 ж.
СИЛЛАБУС
Пәннің атауы/модулі: ЖКП 03 "Анатомия және патология негіздерімен физиология"/1
Мамандығы: 0306000 «Фармация»
Біліктілігі: 03060 13 «Фармацевт»
Курсы: 1
Семестр: І
Бағалау түрі: емтихан
Жалпы сағат саны / кредиттер KZ - 240/8
СӨЖ - 40
СОӨЖ - 10
Аудиториялық - 40
Симуляциялық - 150
Алматы, 2019 жыл
Силлабус Фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде «Морфологиялық пәндер патология негіздерімен» бірлестігінің оқытушыларымен құрастырылды.
ӘБ отырысында қаралды
Хаттама №___
«__»___________20__ж.
ӘБ жетекшісі
Пән оқытушылары туралы мәлімет:
(көрсетілген пән бойынша сабақ беретін оқытушылар көрсетіледі)
№
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Қызметі
|
Ғылыми қызы-ғушылық бағыты
|
Телефон,@mail адресі
|
1
|
Балтабеков Алишер Аянұлы
|
оқытушы
|
«Ауыз қуысының гигиенасын сақтап, тісжегімен күресу жолдары»
|
87788263596,
Stom.master96@mail.ru
|
Студенттерге қойылатын талаптар:
себепсіз сабақтарды жібермеу;
барлық тапсырмаларды жеткілікті деңгейде орындау;
міндетті және мұқият болу;
оқу орындарында этикетті сақтау;
оқытушымен қарым-қатынаста субординация сақтау;
оқытушы мен курстастарға шыдамды, мейірімді болу;
сабақ барысында зейінді болу;
ұялы телефондар мен пейджерлерді сөндіріп қою;
келмеген сабақтарды орындап тапсыру;
оқу үрдісіне белсенді қатысу;
кітапханада, үйде және Интернет-класста өздігімен жұмыс істеу.
Академиялық этика нормалары:
тәрбие;
мейірімділік;
адалдық;
жауапкершілік;
корпоративті мәдениет және жеке жұмыстарды орындау үшін құрылған шағын топтарда іс-әрекет мәдениеті.
Қарама-қайшылықтар оқу топтарында оқытушымен бірге ашық түрде талқылануы керек, егер шешілмейтін жағдайда куратор немесе тәрбие-ісі орынбасарына айтылуы қажет.
1. Түсіндірме жазба
Кіріспе
Адам анатомиясы – адам денесі құрылысын, шығу тегін және дамуын, оның жеке, жыныстық және жас ерекшеліктеріне қарай зерттейтін биология саласының бір бөлігі. Адам анатомиясын оқып үйренбей басқа клиникалық пәндерді меңгеру мүмкін емес.
Анатомия пәнін оқытуда, болашақта алатын квалификациялық мамандығына байланысты тақырыптар таңдалады және өзәндәк ерекшеліктері болады.
«Фармация» мамандығы бойынша анатомия пәнін оқытуда жұмыс жасайтын және өмір сүретін орнының жағдайларына, адамзат даму эволюциясының заңдылықтарына, оның өзгергіштігіне қоршаған ортаның ықпалын қөрсетуге беріледі. Оқушыларға ағза құрылымының тұтас екендігін, оны өмір сүру жағдайымен, еңбек ету және өмір сүру дағдыларымен байланыстырып қарастыру қажет, өйткені олар ертеңгі адамдарға медициналық көмек көрсететін болашақ мамандар.
Пәнді оқытудың сапасын көтеру үшін қажетті мөлшерде көрнекі құралдар: таблицалар, муляждар, микро- және макропрепараттар болуы тиіс. Инновациялық технологиялар – оқытатын компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақталар қолдану қажет. Бұл көрнекіліктер пәннің игерілуін жақсартып, медицинаны оқытудың бастапқы этаптарында оқушылардың теориялық және тәжірибелік дайындығын көтереді.
Физиология пәні адам денесі жүйелерінің қызметін, функциясын зерттеп,барлық медицина саласының негізі болып саналады. Физиология - болашақта жоғарғы деңгейдегі фельдшерлер дайындау мүмкін емес биологиялық дисциплиналардың бірегейі. Физиологиядан алған білім болашақ фельдшерлерге ауруды танып, ажыратуға, дұрыс ем жасауға және ғылыми дәлелденген алдын алу шараларын ұйымдастыруға қажет. Қазіргі заманғы медицина тәжірибеде физиология саласының жаңалықтарын кеңінен қолданады. Физиология пәнін оқытуда оқушыларға қалыпты физиология биология ғылымына жататындығын, басқа жалпы медициналық пәндермен бірге базалық пән екендігіне кеңінен тоқталып өтіледі.
Оқушыларға тірі организмнің қызметін қоршаған ортамен байланыстыра отырып, толыққанды мағлұмат беріледі, сонымен қатар организм қызметінің реттелу механизмін үйретіледі.
Болашақ медицина қызметкерлеріне өз жұмысында нәтижелі алдын-алу жұмыстарын, ауруға сауатты күтім жасауды, өзінің логикалық шығармашылық ойын дұрыс тұжырымдауды, байқаған құбылыстарын жұмыс барысында талдауды дамытады.
Патологиялық анатомия және физиология пәні аурудың пайда болуы,
өтуі және аяқталуының заңдылықтарын, теориялық және тәжірибелік жағдайларын қамтып көрсететін біртұтас ғылым. Патологияның негізделетін басты пәндері патологиялық физилология және патологиялық анатомия.
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым.
Медициналық оқу бағдарламасы мынадай үлгімен құрастырылған, бастапқыда қалыпты ағзаның қызметі мен құрылысын қарастыратын пәндер оқытылады (қалыпты анатомия, гистология, биохимия, қалыпты физиология), сосын ауру ағзаның қызметі мен құрылысы туралы мағлұматтарды студентке беру үшін құралатын талаптары бар пәндер оқытылады.
Осымен оны тікелей клиникаға әкеледі. Бұндай талапты патологиялық анатомия мен патологиялық физиология орындайды.
Патологиялық физиология аурудың шығу тегінің, дамуының, ақыр соңының негізгі заңдылықтарын оқытады. Қазіргі уақытта сырқаттың мыңдаған түрлі нозологиялық формалары қарастырылған. Практикалық дәрігер бір сырқатты басқа сырқаттан ажыратуға, дұрыс диагноз қоюға және рационалды ем тағайындауға тырысады. Патофизиология жекеден тыс жүреді, көптеген аурулар тобын сипаттайтын жалпыны табуға тырысады. Патологиялық физиологияның соңғы мақсатыауру дамитын заңдарды ашу болып табылады. Осымен байланысты патологиялық физиология философиямен тығыз байланысқа кіреді, өйткені, ауру заңдарын ашу материалистік диалектика заңдарының негізінде қаланады.
Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты және олардың, әсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйенеді.
Олардын айырмашылығы жоғарыда көрсетілген патофизиологияның мақсаттары мен міндеттерінде. Сонымен бірге патофизиологиялық патологиялық анатомия пәнімен тығыз байланысты. Бұл екі пән жалпы биологиялық және клиникалық пәндердің арасында тұрады. Бірақ патанатомия зерттеу үшін өліктен алынған материалдарды пайдаланады. Қазіргі жағдайда ауруды тексеру үшін патанатомия биопсия (bios —өмір, тіршілік, opsis— ќарау) жиірек қолданылады. Осы әдістерді қолдана отырып, патанатомия ағзаның немесе тіннің құбылыс өзгерістерін, кеселдің белгілі бір даму сатысында ғана зерттей алады. Бұл әдістермен патанатомдар аурудыњ өзгерістерін даму сатыларында тексере алмайды. Ал, патофизиология болса, ол бүлінген жасушаның, тіннің, ағзаның, жүйенің және тұтас организмніњ қызметтердің дерттің пайда болғанынан бастап, ең соңына дейін бақылай алады және зертеу әдістерінде патоморфологиялық тәсілдердіњ кеселдің кез-келген сатысында қолдана алады.
Егер патологиялық анатомия науқастыњ ағзалары мен тіндеріндегі жергілікті құрылымдық өзгерістерді зерттесе, онда патофизиология тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-компенсациялық жағдайларды зерттеу патофизиология пәніне ғана тән өте ыњғайлы мүмкіншілік.
Патологиялық физиология - адам және жануардың ауру ағзасының тіршілік әрекеті, яғни ауру ағзаның физиологиясы туралы ғылым. Патологиялық физиология ауыруға, ауруалды, ауруға және сауығуға тұрақтылықтың механизмі мен табиғатын көрсететін ғылым.
Патологиялық физиологияның зерттейтін заты ауру кезінде клеткалардың, мүшелердің және толық ағзалардың функциялар бұзылыстарының жалпы заңдылықтарын оқыту болып табылады.
1.2. Пәннің мақсаты:
- Адам денесінің құрылысын, оны құрайтын жүйені, мүшелерінің жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктерін, мүшелердің анатомо-топографиялық қарым-қатынасын есепке ала отырып оқу және практикада қолдана білу.
- Адам денесін құрайтын жасушалары, тіндері, мүшелері және жүйелерінің
жасқа, жынысқа байланысты жəне жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қызметін оқу жәнеалған білімдерін клиникалық пәндерде қолдана білу.
- Бұл бөлім жалпы патологиялық үрдістердің сипаттамалары мен олардың негізін құрайтын зат алмасу өзгерістерінің,қызметтердің,құрылымдардың өзгеруі, сондай-ақ ағзадағы аурудың пайда болуындағы, даму кезіндегі және соңында реактивтіліктің рөлін сипаттауға арналған.
1.3. Пәннің міндеттері:
Оқытушылар басшылығымен жүргізілетін студенттердің білім алуға өзіндік аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарында пәннің негізгі мақсатында жаңа оқыту әдістемесі байқалады. Анатомия, физиология және патология пәнінің әрбір тақырыбын оқу барысында студент тақырыптың сипаттамасы мен соңғы өнімді алуға
дейінгі материалмен толық таныс бола алады. Сабақ қатаң түрде кестеге сай өтіледі, тақырыпқа сай арнайы құрал-жабдықтар, плакаттармен, планшеттермен, муляждармен жабдықталған аудиторияларда жүргізіледі.
1.4. Құзыреттіліктер бойынша пәннің оқыту нәтижелері
Базалық құзыреттіліктер:
1-БҚ
|
Оқыту: жеке және топта ақпаратты басқару, сын тұрғысынан ойлау және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданып, мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілеті.
|
1.1-БҚ
|
Өзін-өзі дамыту: ұзақ уақыт бойы өзінің үздіксіз кәсіби дамуын жоспарлауға өзіне жауапкершілік алады және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін таңдайды.
|
1.2-БҚ
|
Топта оқыту: топтықмақсаттарғажету, ұжымдық тапсырмаларды дәл және уақтылы орындау үшін топта білім, тәжірибе және ресурстар мен алмасуда жауапкершілік көрсетеді.
|
1.3-БҚ
|
Ақпаратты басқару дағдылары: өзінің ақпараттық қажеттілігін айқындайды, ақпараттық ізденістің басым бағыттарын анықтайды, түрлі қор көздерінен ақпаратты табады және сын тұрғысынан бағалайды, алған ақпаратты таратады және тәжірибеде қолданады.
|
1.4-БҚ
|
Сын тұрғысынан ойлау және шешім қабылдау: проблеманы және әлеуетті шешу жолдарын айқындайды, фактілер мен пайымдауларды логикалық талдайды, гипотезаларды тексереді және жағдайлардың ықтималдылығын бағалайды, қорытындылар жасайды және негізделген шешімдер қабылдайды.
|
Кәсіби құзыреттіліктер:
|
2-КҚ
|
Клиникалықмейіргерлікіс: емделушіге орталықтандырылған қауіпсіз күтімді жүзеге асыруға, тәуелсіз шешімдер үшін, қызметшілердің әрекеті мен басқаруға жауапкершілікті қабылдауға қабілетті.
|
2.1-КҚ
|
Қауіпсіздік: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады, қауіпсіздік деңгейінің түрлі технологияларын қолданады, оларды сын тұрғысынан бағалайды және күтпеген және тез өзгеретін жағдайларға, сондай-ақ дағдарыс және дау жағдайларына бейімдейді.
|
2.2-КҚ
|
Клиникалық дағдылар мен білімдер:
Денсаулықтың бұзылуы туралы терең білімді меңгерген және жеке адамдарға, отбасыларға және топтарға медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жүзеге асырады.
|
2.3-КҚ
|
Емделушіге орталықтандырылған көмектік жағдай: заманауи теориялық және клиникалық білімдерді қолданып, қажеттіліктерді дербес анықтайды, сондай-ақ емделушіге орталықтандырылған фармацевтикалық дәрі-дірмек әзірлейді; емделушімен бірге оның отбасының пікірін ескеріп, шешім қабылдайды; емдеудің нәтижесіне негіз жасай отырып, өз мамандықтары бойынша іс-әрекеттері жүзеге асырады, келесі алда істейтін медициналық көмектері бойынша кеңестер ұсынады.
|
2.4-КҚ
|
Медициналық құжаттандыру: қажетті компьютерлік технологияны қолданып, электрондық медициналық жазбалар жүйесі негізінде дәрігерлік құжаттаманы уақтылы және дәл жүргізеді; құжаттамаға мониторинг және талдама жасайды.
|
2.5-КҚ
|
Ғылыми амал және дәлелді медициналық тәжірибе: әрбір істе ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
|
2.6-КҚ
|
Дәлелдемеге негізделген ақпаратты кіріктіру және шешімдер қабылдау: озық мейіргерлік технологияларды әзірлеуге көзделген биомедициналық және медбикелік зерттеулер саласындағы ақпаратты сын тұрғысынан бағалайды, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
|
КК -2.7
|
Медициналық зерттеу жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру: қызметті қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды ары қарай дамыту, жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулерді жоспарлау барысында шығармашылықтарын көрсетеді.
|
КК -2.8
|
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тиімді тарату: зерттеулер нәтижелерінің ғылыми ұсынысын тиімді жүзеге асырады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, түрлі ұсынулар түрлерін көрсетеді, түрлі аудиторияларға зерттеулер нәтижелерін таратады.
|
1.5. Пәннің немесе курстың пререквизиттері: биология
1.6. Пәннің немесе курстың постреквизиттері: барлық клиникалық пәндер
2. Сабақтардың түрлеріне сәйкес білім алушының жұмыс уақытын бөлу
Аудиториялық сағат саны
|
Оның ішінде
|
СОӨЖ
|
Аудиториядан тыс СӨЖ
|
Барлығы
|
Кредит саны
|
Дәріс
|
Тәжірибелік сабақ
|
Анатомия және патология негіздерімен физиология
|
40
|
150
|
10
|
40
|
240
|
8
|
Бақылау түрі:
|
емтихан
|
Пәннің мазмұны
Дәрістің тақырыптық жоспары
№
|
Дәріс тақырыптары
|
Сағат көлемі
|
1
|
Адамның қалыпты физиологиясы туралы түсінік. Адам ағзасы. Адам ағзасының құрылымы
|
2
|
2
|
Ұлпалар мен жасушалар
|
2
|
3
|
Эндокринді бездер. Гормондар. Гормондардың әсері. Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері
|
2
|
4
|
Гипофиз. Эпифиз. Қалқанша без. Қалқансерік бездері. Айырша без. Бүйрекүсті бездері. Жыныс бездері
|
2
|
5
|
Қан жүйесі. Қанның физикалық және химиялық қасиеттері. Қанның құрамы. Эритроциттер. Лейкоциттер. Тромбоциттер
|
2
|
6
|
Қанайналым жүйесі. Жүректің қан айдау қызметі. Жүрек жұмысын зерттеу әдістері. Жүрек қызметінің реттелуі
|
2
|
7
|
Адамның мақсатты іс-әрекеті. Еңбек физиологиясы
|
2
|
8
|
Адам анатомиясына кіріспе. Сүйек туралы ілім. Қаңқа. Сүйектердің бірігуі, буындар. Омыртқа
|
2
|
9
|
Кеуде торының сүйектері. Қол қаңқасы. Иық белдеуі мен қолдың еркін қимылдайтын сүйектері мен буындары. Бұғана. Жауырын
|
2
|
10
|
Бас қаңқасы. Ми сауытының сүйектері. Бүтін бас қаңқасы
|
2
|
11
|
Ас қорыту жүйесі. Ауыз қуысы. Тіл. Тістер. Сілекей бездері
|
2
|
12
|
Жұтқыншақ. Өңеш. Асқазан. Бауыр. Тоқ ішек
|
2
|
13
|
Сезім мүшелері. Көру мүшесі. Көз. Кіреберіс ұлу мүшесі. Тері
|
2
|
14
|
Жыныс жүйелері. Әйел адамның жыныс мүшелері. Жатыр. Жатыр түтігі. Қынап. Ер адамның жыныс мүшелері
|
2
|
15
|
Патология ұғымы. Этиология. Патогенез
|
2
|
16
|
Зат алмасуларының біртектес бұзылыстары. Көмірсулары алмасуларының бұзылыстары. Қант диабеті
|
2
|
17
|
Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (ЖИТС). Аутоиммундық үрдістер
|
2
|
18
|
Лейкоздар
|
2
|
19
|
Шеткері ағзалар мен тіндердегі қан айналым патофизиологиясы. Артериялық гиперемия. Веналық гиперемия
|
2
|
20
|
Ишемия. Тромбоз. Эмболия
|
2
|
Барлығы
|
40
|
Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптары
|
Сағат көлемі
|
1
|
|
|
|
|
|
СОӨЖ тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптары
|
Сабақты жүргізу әдістері
|
Сағат
|
1
|
|
|
|
Барлығы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |