Зат алмасу. Метаболизм Зат алмасу



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі50,95 Kb.
#117392
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зат алмасу Нұрғабылова С.


Зат алмасу. Метаболизм


Зат алмасу процесі дегеніміз − тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы.
Зат алмасудың нгізгі 3 кезеңі:

  • Ас қорыту (тамақтану биохимиясы);

  • Аралық алмасу (жасуша ішілік зат алмасу);

  • Бөліп шығару (түзілген соңғы заттар).

Зат алмасу (метаболизм) деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне
қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады.
Метаболизмнің қызметі:

  1. Жасушаның ағзаға түскен тамақтың ыдырауынан түзілетін энергиямен қамтамасыз ету;

  2. Тамақты кіші молекулалы заттарға дейін ыдыратып, оларды басқа макромолекулаларды құрауға қолдануға дайындау;

  3. Ақуыз, нуклейн қышқылдары, майлар, полисахаридтер т.б. сияқты макромолекулаларды, биополимерлерді олардың құрамды бөліктерінен жинау, құрастыру;

  4. Жасушаның арнаулы қызметі үшін қажет биомолекулалардыңсинтезі мен ыдырауы (гормондар, медиаторлар, кофакторлар).

Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет