Зат алмасу. Метаболизм Зат алмасу


Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі50,95 Kb.
#117392
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зат алмасу Нұрғабылова С.
Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі (гр. аеr- «ауа») жасушалардағы митохондрияларда жүреді. Ферменттер мен оттектің қатысуымен өте күрделі химиялық реакциялар тізбегі жүреді де, энергия едәуір көп мөлшерде бөлінеді. Мысалы, энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңінде қант молекулалары ыдыраған кезде 27 ккал, оттекті кезеңінде 674 ккал энергия бөлінеді. Сондықтан ағза үшін энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі өте тиімді.
1 г көмірсулар және нәруыздар ыдыраған кезде 17,2 кДж энергия бөлінеді. Ал 1 г май ыдыраған кезде 39,1 кДж энергия бөлінеді. Адам қаншалықты көп энергия жұмсаса, оның ағзасында соншалықты ағзалық заттар көп ыдырайды. Сондықтан адам көп жұмыс атқарса, тынысалуы да жиілейді, көп тамақ ішеді. Адам жұмсаған энергиясының орнын осылай толықтырады.
Зат алмасу қарқыны

  1. Белок алмасу.

  2. Көмірсу алмасу.

  3. Май алмасу.

  4. Су алмасу,

  5. Минерал алмасу.

Жасуша ішінде катаболиттік және анаболиттік реакциялар бір уақытта жүреді, бірақ олардың жүру жылдамдықтарының реттелуі бір-біріне тәуелсіз болады.
Жасуша макромолекулаларды өздерінің негізгі құраушы бөлімдеріне ыдырайды: полисахаридтер – гексозалар, майлар – май қышқылдарына және глицеринге, ақуыздар – аминқышқылдарына дейін ыдырайды.
Зат алмасуды зерттеу әдісінің екі түрі:

  • бүтін ағзада

  • мүшелер мен тіндер кесінділерінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет