0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет93/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

76 
 
тимейтіндей етіп әдемі жеткізген. Қазіргі мектеп оқушыларының да 
бағдарламаға сай Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын түсініп оқи отырып, 
үлкен тәрбие, өмір бойына жететін азық алады деп сенімді айта аламын. 
Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық – 
саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. 
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің , білім мен ғылымның туын көтерген
жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге 
ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын 
оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ балалар 
әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші 
- реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың 
ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы 
тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Ірі қоғам қайраткері Ахмет 
Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз 
заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым, әрі балалар әдебиетін 
қалыптастырушы ретінде танылды. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға 
шақырды. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік 
идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ 
уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып 
оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы «Халық жауы» 
деген жалған айыппен ату жазасына ұшырайды. Ахмет Байтұрсынұлының 
есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек 
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, 
мұралары зерттеле бастады.
Биыл 
2021-2022 оқу 
жылында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай түрлі 
шаралар ұйымдастырылып, балалар әдебиетінде орны аса ерекше екендігі
тағы бір мәрте дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет