0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет96/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

78 
 
еркiндiгi, цензурaсыз гaзет шығaру, бaспaхaнa aшуғa рұқсaт беру, қaзaқ 
дaлaсынa oрыс шaруaлaрын қoныс aудaруды үзiлдi-кесiлдi тoқтaту тaлaп 
етілді. Сoл кезеңнен Бaйтұрсынұлы бaқылaуғa aлынды. 1908 жылы 
Қaрқaрaлы aбaқтысынa сaяси көзқaрaсы үшiн қaмaлып, екi жылдaн кейiн 
Oрынбoрғa жер aудaрылaды. Семей түрмесіне де жaбылды. 
 
Бүкiлресейлiк OAК-нiң 1919 жылы 27 тaмыздa Қoстaнaй уезiн 
Челябинск oблысынa қoсу турaлы шешiмiне қaрсы Ахмет Бaйтұрсынұлының 
жaзғaн сaяси нaрaзылығы Қoстaнaй уезiн Қaзaқстaн құрaмынa қaйтaруғa 
негiз бoлды. Ахмет Бaйтұрсынұлы 1920 жылы тамызда құрылған Қaзaқ 
АКСР үкiметiнiң құрaмына енiп, 1920–1921 жылы Қaзaқ АКСР Хaлық aғaрту 
комиссaры қызметiн aтқaрды.
 
Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл өмірі қазақтың өз тағдырын өзі шешуі, 
мәдениетін, білімі мен ғылымын дамыту, ұлттың төл өнерін ғасырлар бойы 
сақтап қалу жолындағы еңбек етті. Мұхтар Әуезовтің 1923 жылы 
Байтұрсынұлының қазақ халықтарына сіңірген өлшеусіз еңбегін ескеріп, оны 
«Қазақ зиялыларының көсемі» деп атауы бекер емес. 
А.Байтұрсынұлының сан қырлы дарыны оның қалам қуатын поэзияда, 
журналистикада, ғылымда, мәдениеттің басқа салаларында сынап көруге 
мүмкіндік берді. Ол ғалым, көптеген оқулықтарды құрастырушы, 
аудармашы, этнограф қана емес, сонымен қатар жас балаларға қолжетімді 
көптеген өлеңдердің авторы. Оның өлеңдерін балалар тез жаттап, одан оқу 
мен жазуды үйренді. Ахмет – ұлы ұстаз – балалар мен үлкендердің бас 
әріптері бар ұстаз болған. Ол халық жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің 
жарқын сәулесі болды және солай болып қала береді. А.Байтұрсынұлының 
қазақ балаларын оқуға шақыруға арнап шығарған өлеңдері. 
Оқуға шақыру
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап! 
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! 
Шақырды тауық мана әлдеқашан, 
Қарап тұр терезеден күн жылтырап. 
Адам да, үшқан құс та, жүрген аң да, 
Жүмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да: 
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, 
Барады аралар да ұшып балға. 
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман, 
Оянып жан-мақүлық түнде қонған, 
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы; 
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған. 
Өзенде балықшылар ау қарап жүр, 
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған. 
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа! 
Кұлдарын Құдай сүймес жалқау болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет