81 Ахмет Байтұрсынұлының ғылыммен байланысты еңбектерінен бөлек
өлең түрінде жарияланған жинақтарынан да мысал ретінде келтіруге болады.
Халқына деген ақ адал ниетінен туындыған мұндай еңбектердің жарқын
болашақтың қамы үшін жазылғаны белгілі. Мәселен, барлығына белгілі ө
«Маса» жинағы. Өн бойына тәрбие мен адамгершілікті, білім мен еңбекті
бағындырған туындының маңызы әлі күнге дейін жоғалған емес. Рухани
байлық пен қазақы қалыпты негізгі идеялық қазығы еткен еңбек қазақ
әдебиеті үшін шоқтығы биік туынды:
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса? деп басталатын өлең әр тармағына
қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті жүктейді. Автор өлең тақырыбы тек
үлкендер қауымына ғана емес, балаларға да түсінікті , жеңіл болу үшін
қарапайым «масаны» тілге тиек етіп отыр. Алайда, ол автор көзімен мүлде
басқа сипатқа ие болады. Ұйқыдан оянғысы келмейтін, сәйкесінше білім
игеру мен талпынуға құлқы жоқ маса болашақта талай жанға «бақыт есігін»
ашпасы анық. Ал жинаққа енген ендігі бір жолдар халқымыздың тұрмыс
тіршілігіне, салт дәстүріне тән сипаттармен өрбіп отырады. Меніңше, бұл да
балаларға түсінікті, жеңіл болу үшін қарастырылған:
Ұлғайып қайғы,
Уытын жайды,
Айтпасыма болмады.
Қабағын түйіп,
Қаһарын жиып,
Көкті бұлт торлады.
Жаңбыр жаумай, жауса қар,
Жұрт жұтайтын түрі бар, делінеді. Қазақ халқының ұғымында «жұт» ең
бір қасіретті кезеңдермен байланысты келеді. Менің ойымша, өлең
жолдарында келтірілген жаңбыр және жұт ұғымдары білімді орта мен
сауатсыз қоғамды еске түсіреді. Алайда, ақын жаңбыр жаумай, қауіп келсе,
жұрттың жұтаң қалпын ескертеді, сақтануға шақырады. Абайдың «Сегіз аяқ»
өлеңінде берілген мұң қайғы Ахмет шығармаларынан да орын алуы тегін
емес. Заман көші дұрыс жолға бағытталмағанда, халық қамын ойлайтын
қайраткерлеріміздің осылайша күңіретіндігі белгілі. Ұлттық құндылықтар
негізіндегі тәлімдік мәнге құрылған өлең жолдары қай кезеңде де оқырман
үшін аса қажетті.
Ахметтің ғылыми еңбектеріне қайта оралсақ. « Тіл құрал» еңбегі
негізінен, үш жылдыққа арналып, әр жылғы сыныптарға жеке-жеке жазылған
құрал. Бірінші тіл танытқыш кітап:Дыбыс жүйесі мен түрлері (1914),