0 Қызылорда, 2022


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ІРІ ТҰЛҒА



Pdf көрінісі
бет104/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ІРІ ТҰЛҒА
Бексейітова Жұлдызай Серікқызы 
 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына 
арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын 
тұңғыш оқулықтардың авторы,қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән 
ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі. 
Ахмет Байтұрсынұлы – Мұхтар Әуезов айтқандай,қазақ халқының «рухани 
көсемі». «Ұлт ұстазының» ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді. «Ана тілі» 
деген терминнің авторы А.Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде 
сауатын ашып,қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп және нақты күш 
жұмса,ан ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, 
оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап,талдап-
танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен тұңғыш 
ана тілі оқулықтарын жазды. 
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мектеп. Сондықтан 
А.Байтұрсынұлы оқу-білімнің осы бірінші сатысына қатты назар аударады. 
1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын жариялайды. Мұнда 
автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе 
қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай-жағдайы мәз емес 
екендігін,оларда программа, оқу құралдары дегендердің жоқтығын, 
мұғалімдердің жетіспейтіндігін айтады.Бастауыш мектеп миссионерлік 
саясаттан аулақ болуыкерек дей келе, халық сауатын ана тілінде ашуы керек, 
атап айтқанда бастауыш мектеп «бес жылдық болсын,алғашқы үш жылда 
балалар ана тілінде,кейінгі екі жылда орысша оқысын деген ұсыныс 
білдіреді. 
«Қазақша оқу жайынан» мақаласында бала оқыту ісіне қатысты кәсібилік 
туралы: «Бір нәрсені істегенде сол істі істей білетін адам істесе шапшаң 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет