84 да,жақсы да істейді.Бұл жалғыз қол ісі емес, ми ісінде де
солай...Оқытуымызда қандай мін бар?Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің
көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің
жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды
тыңдамай,істегенімізге қосылмай отыр.Олар өтіп, кейінгі жастардың да
заманы жетер.Жаңалыққа жастар мойнын бұрып, қайрылар,халық түзелуінің
үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі –
бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс»дейді. Себебі
басты ниет: «Жұрт жұмысының түзелуіне қызмет ету!» Яғни,
дамып,қалыптасып жетілудегі жаңалықтарға оң көзқараста болып,оны
әлеуметтік ортаны қабылдап,игеруіне ақыл-кеңесші бола білген.Мұны біз де
бүгінгі бала оқыту ісінде ескеруіміз керек.
Ол осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914),
«Жаңа әліппе» (1926-1928), «Баяншы» (1926)деп аталатын әдістемелік оқу
құраладарын жазды.Бұл басылымдар бастауыш мектепте оқытылатын қазақ
тілінде оқу,жазу,ұлт тілі,ділі,ұлт тарихы,жағырапия,шаруа-кәсіп,жаратылыс
т.б ғылым салалары жайынан көп мазмұнды мағлұматтар беріп,балаларды
оқыту ісі барысында маңызды рөл атқарды.
XX ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Оқу құралы» - сол кезде қазаққа
жөн сілтеп, жастардың сауатын,дүниетанымын кеңейтуге әсер еткен құнды
басылым. Автор бұл кітаптың оқушыға қажеттілігін жете түсініп, тілін
қарапайым, мазмұнын шұрайлы беруге тырысқан.
«Оқу құралының» ғылыми құндылығы:
1) ана тілінде сауат аштыру;
2)оқушылардың
көркемдік
талғамын,дүниетанымын
қалыптастырып,жетілдіру;
3) табиғат құбылысы мн адам тұрмысының әр қырын салыстыра отырып,
жасөспірімге қажетті танымдық-тәжірибелік білім беру;
4) оқушыны оқыта отырып тәрбиелеу, рухани тазалық пен жауапкершілікке
баулу екені анық.
Мәселе білім беруде ғана емес, оны қабылдауға ыңғайлы етіп жүйелеуде. Бұл
әрекеттер оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге бағышталған. Өйткені,
Алаш ғалымдары айтқандайбасты мақсат– оқушыны білімді ақылмен
қабылдауға, оны санасымен қорыта білуге үйрету болып табылады.
Кінәсіз репрессияға ұшыраған «Оқу құралының» ендігі екінші тағдыры қалай
болар екен?
Бүгінгі ұстаздар, әдіскерлер, жас ұрпаққа бағыт-бағдар, білім беретін зиялы
қауым Ахмет Байтұрсынұлы жазған «Оқу құралының» әдістемелік
ұтанымдарын меңгерсе, оқушыны жалықтыратын жансыз оқулықтардан
арылар едік. «Оқу құралы» – қазақ елінің сауатты, отансүйгіш ұрпақ өсіруіне
әбден лайық басылым екені айқын.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін зерттеуші. А. Байтұрнысұлы мұғалімдер
даярлайтын оқу орнын бітірісімен, 1895-ші жылдардан бастап бала оқытуға
кіріседі. 13-14 жыл бойы (1895-1909 жылдар арасында) ауылдық, болыстық