86 орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа
сарын – әуез қосып отырады. “Қартайған арыстан” мысалына: Бақ қонса,
сыйлар алаш ағайын да, Келе алмас жаман батып маңайыңа. Басыңның бақыт
құсы ұшқан күні Құл-құтан басынады, малайың да, — деген жалғасты түйін
жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып,
үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын
ашық көрсетіп: Ойласақ оқиға емес болмайтұғын, Ел қайда өзін жаудан
қорғайтұғын. Қазіргі пайдасына бәрі жетік, Адам аз алдын қарап
болжайтұғын. Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман Байқасақ ел белгісі
оңбайтұғын. Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан Таласып бір-бірінің жүзін
жыртқан. Алданып арқадағы дау-шарына Кәтерден кәпері жоқ, келер
сырттан, — деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды. Бірқатар
өлеңдерінде Ахмет Байтұрсынов өзін қоршаған ортаға, қоғам тіршілігіне,
адамдарға ойлы көзбен сьнай қарайды. “Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”,
“Жиған-терген”, “Досыма хат”, “Тілек батам”, “Бақ” сияқты өлеңдері осы
тәрізді тарихи, әлеуметтік шындықтың бетін ашады. Қоғамда орын алып
отырған келеңсіздіктерге немқұрайды қарай алмайды. Ахмет айналасындағы
әлеуметтік теңсіздікті, күштінің әлсізге жасаған зорлығын, патша өкіметінің
отаршыл озбыр саясатының салқынын ерте сезінді. Он үш жасында әкесі
Байтұрсынмен бірге Ахмет те түрмеге қамалады. Осынау қапастан жазылған
хат іспетті “Анама” деп аталатын өлеңінде Ахмет сол тұстағы өзінің көңіл
күйі, сезім, танымы туралы нақты баяндайды.
Өлеңде патшаның итаршысы секілді уезд бастығы Яковлевті соққыға жыққан
Байтұрсын мен ағайындары, оның ішінде он үш жасар Ахмет те бар,
Семейдің түрмесіне қамалған сәт бейнеленеді. Ақын болған оқиғаны емес,
сол күндердегі бала көңілінің жай-күйін жеткізуге тырысады. Жазықсыз
жалалы болып, дәрменсіз күйге түскен жанның анасына деген жан сыры бар
өлеңде. Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ, Өкімет өр, зорлыққа не бар
шараң, — деп, өздерінің жазықсыз екенін, патша өкіметінің әділетсіз әрекетін
баяндайды. Бала жүрегі осы бір қиянатты өзіне тиген оқ тәрізді қабылдайды.
Оқ
тиіп
он
үшімде,
ой
түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам. Әйтсе де бала Ахмет бұл қиянатқа
жасымайды. Анасын өзі үшін уайым жемеуге шақырады. Өзінің алдағы
өмірге деген құштарлығын жеткізеді.Адамнан туып, адам ісін етпей, Ұялмай
не бетіммен көрге барам?— деген жолдарда Ахметтің азаматтық бағдары,
қайсар жігері жарқырап көрінеді. “Анама” өлеңі қиындыққа тап болған он үш
жасар баланың анасына егіле жазған хаты емес, керісінше, үмітке,
оптимизмге толы қуатты шығарма больш шыққан. Тайпалған талай жорға,
талай
тұлпар
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне. Солардан жаным, тәнімардақтыемес,
Орынсызкүйзелейін мен несіне! — депа яқталатын бұл өлең де сол заманның
ішкі ахуалы да, патша саясатының сипаты да, қаза қелінің жай-күйі де, “елім”
деп еңіреген ерлердің көңілауаны да ерекше көрінеді.
«Аққу,Шортан,хәм Шаян» мысалында: