АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ-ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ Қойшыбаева Әйгерім Серікбайқызы Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) Алаш зиялыларының көсемі,тұңғыш
тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,пуб- лицист,
педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірде алдына қойған басты мақсаты қазақ
халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту болатын. Ол
бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына,мектеп,
ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мекте-
бінде, семинарияда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласын- да
өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. Ахмет Байтұрсынұлы халықтық идея
туралы ой-пікірлерін «Қазақ» газетінде жариялаған көп- теген
мақалаларында, «Оқу құрал»,«Тіл құрал»,«Әліпби»,«Әдебиет та-
нытқыш»,«Тіл ашар»,«Сауат ашқыш»,«Баяншы», «Маса», т.б.еңбектерінде
оларды жан-жақты айтып, оларды тікелей іске асырды. Педагог-ғалым осы
еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады.
Міне, осылардың негізінде қазақтың тілі, ауыз әдебиеті, мәдениеті, тарихы,
әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері туралы халықтық идеяларын мектепте
оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.
1914 жылғы 9 мамырдағы нөмірінде «Бастауыш мектеп» деген көлемді
мақала жариялайды. Мақаласында қазақ даласындағы мектеп- терде қазақ елі
сауатын тек ана тілінде ашқаны дұрыс деген. Қазақ балаларының ана тілінде
сауат ашуына арналған,алғашқы сауат аштыру мен әліппелердің, қазақ тілі