ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ТАҢДАУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ, ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАСАУ
Едигеева А.О. edygeeva.akmaral@mail.ru
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
Ғылыми жетекші: техн.ғ.д., профессор Баешова А.Қ.
Білім саласындағы жаңа парадигма, жаңа модель – тұлғаға нәтижеге бағдарланған білім беруді көздейді. Ол мектеп бітіргеннен соң да оқушының қоғамға оңай сіңіп кетуін, әлеуметтік көзқарасының дұрыс қалыптасып, мектепте алған білімін өмірде қажетіне жарата білуін көздейді. Құзырлық – адамның меңгерген білім мен тәжірибесін түрлі өмірдегі жағдайларда қолдана білу қабілеттілігі, яғни «құзырлық» - білім мен жағдайдың арасындағы байланыс немесе мәселені шешу үшін қажетті қабілеттілік. Құзырлық қалыптастыру оқушының тәжірибесі мен іс-әрекетіне және белсенділігіне, ортамен қарым-қатынасына негізделеді. Әр оқушының қабілеті мен таланты өз-өзіне сенімін нығайтуға жол ашу – бүгінгі білім беру саласының басты міндеті. Білім саласының алтын дінгегі – ұстаз. Ұстаз міндеті білім берумен шектелмей, әр шәкірттің интеллектуалдық даму деңгейін тани білу қажеттілігі өз-өзінен туындауда. Сондықтан да ұлттық байлықты білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, жол ашуына түрткі жасау – біздің, ұстаздар қауымының міндеті.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақтарды мақсатқа сәйкес қолдануын мойындау оқыту процесінде және тәрбиелеу білім алушыларды мұғалімдер мен жетекшілерді оятты, болашақта мектепте осы ғылыми – әдістемелік іс-әрекетті іске асыру, технологиялық негіздерді өңдеп пайдалану керек.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы – әр оқушының ерекше болмысын, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылады, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту алаңы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігінен айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағытталған бағдарламамен оқыту мәселесі бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуде ықпал етуде, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану.
Педагогикалық практика кезінде химия пәнін оқыту барысында жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясының кейбір элементтерін пайдаланып сабақ жүргізілді. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту кезінде оқушыларды «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» деген деңгейлерге бөліп, жаңа материалды игеру жүзеге асырылды. Әрбір өтілген жаңа сабақтан кейін жаңа сабақты бекіту мақсатында немесе үй тапсырмасын тексеру барысында оқушылардың деңгейлеріне байланысты тапсырмалар берілді, бұл тапсырмаларды алдын-ала дайындалды. Бұл жағдайда оқушылар түгелдей бағаланады және де жаңа сабақты бекіту арқылы оқытушының түсіндіргенін одан әрі тереңдетіп есінде жақсы сақтайды. Сабақ барысында «Крахмал. Целлюлоза», «Майлар», «Аминдер» олардың табиғаттағы және техникадағы рөлі және басқа тақырыптарды игеру кезінде 11 «ә» сыныбының оқушыларын деңгейлеріне байланысты тапсырмалар мен жаттығулар берілді. Әрбір білім алушылар өздеріне берілген тапсырмаларға өз беттерімен жауаптар жазып, жаттығулар орындап, сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарды. Бұл жұмысты орындаудағы мақсат: барлық оқушыларды қамтып, үлгерімі төмен оқушыларды біртіндеп көтеру, жаңа материалды игеруге көмектесу. Жұмысты орындау барысында барлық оқушылар бірдей жұмыс жасап бір уақытта аяқтады. Оқытушы тарапынан оқушылардың қалай жұмыс жасап отырғандығы, әр оқушының өз деңгейіне сәйкес тапсырмаларды орындауы бақыланып отырды. Айта кететін мәселе, жаңа материалды игеру барысында жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясын пайдалана отырып, 11 «ә» сынып оқушыларына өтілді.
Қорыта келгенде, жеке тұлғаға бағыттап оқытуды ұйымдастыруды оқушылардың өз бетінше сезінуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде білімі төмен оқушылардың пәнге деген ынтасы жоғарылайды, оқытушы және оқушы арасында әріптестік қатынастар бекітеледі. Білім сапасы және нашар үлгерімді оқушылардың белсенділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |