92 «Қазақ арасында оқу жұмысын қалай жүргізу керек?» деген мақаласында
мектеп салуға, мұғалімдер кадрларын даярлауға, қаржы т.б сол кездегі үлкен
қиыншылықтарды шешуге үн қосты. Осы ретте А. Байтұрсынұлының өз
заманының әдістеме ілімін толық меңгеруі оның өз жүйесін жасауына негіз
болған. Педагог-ғалымның білім саласындағы ғылыми зерттеулерін- дегі
еңбектері әлі күнге дейін қолданыс табуда.
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларының мен заманауи
педагогикамен ұқсасытығы, жаңашылдығы қандай ?
Ұлы ұстаз өз педагогикалық көзқарасында «Жастардың оқу-тәрбие ісі
түзелмей, жұрт ісі түзелмейді...»,-деген, алқазіргіуақытта біз оны «Жастар мен
ел болашағы егіз ұғым. Жастар саясаты, жастарды қолдау деп алдық. Тіпті,
жас мамандарға жетекшілік жасап, тәлімгер ұстаздардың берілуі осы Ахмет
Байтұрсынұлының пікірінде айтылған.
«Әдіс-керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұм-
салатын орнының керек қылуына қарай»,-деген ұстаздың ұлы сөзін біз
жаңартылған оқу бағдарламасында “Сын тұрғысынан ойлау” техноло- гиясы,
стратегиялар, топтық, жұптық, т.б деп қарап жүрміз.
Ал, «Әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса оның адасып
кететіндігі. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай
алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз» деген тұжырымы қазіргі таңда қазақ
тіліне деген мәртебе, рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы жұмыстар,
ұлттық код ұғымдары болып қолданыс алды.
“Өлі оқудан” көрі-“төте оқу” беретін білім жандырақ, “төте оқудан” көрі-
“көрнекті оқу” беретін білім жандырақ.“Баулу” беретін білім бәрінен де
жандырақ. «Баулу» асылында дағдылы мағынадағы «бала оқыту» емес,
тіршілік ісіне тікелей түсіру» -деген әдәстемеләк ойын, білім алушылардың
алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану, бала өз білімін кез-келген ортада
көрсете алуы деп қараймыз.
Міне, осылайша ұлт қстазы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген
ұлан-ғайыр еңбегі әр саладан көрінеді.